Сөздер банкісі

Сабақ тақырыбы: «Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі» (1-сынып)

Бұл сабақ ұлттық кейіпкерлер туралы түсінікті кеңейтіп, «Ф» дыбысы мен әрпін меңгертуге бағытталған. Оқушылар оқылым түрлерін қолданады, мәтін мазмұнын анықтайды, сурет бойынша әңгіме құрайды және сөйлемді дұрыс рәсімдеуге дағдыланады.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну, қолдану

Құндылық

Бір-біріне құрмет көрсету

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ

Аудиожазба, таныстырылым

Оқу мақсаттары

  • Оқылым түрлерін қолдану: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.
  • Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.
  • Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
  • Сөйлемді бас әріптен бастап жазу және сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • Нақты сөйлеу арқылы тапсырманы түсінгенін көрсете алады.

Тілдік құзыреттілік: сөздік

Кофе

coffee

Кафе

café

Ферма

farm

Фирма

office

Фото

photo

Факс

fax

Телефон

telephone

Телеграф

post office

Футбол

football

Африка

africa

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасы: көңіл-күйді көтеру және үш тілде сәлемдесу.

Қазақша

— Сәлеметсіздер ме! / — Сәлеметсіз бе!

Орысша

— Здравствуйте!

Ағылшынша

— Hello! — How are you? — I am ok!

Топқа бөлу

Оқушылар түстер бойынша топтарға бөлінеді.

Алдыңғы білімді еске түсіру

1-топ

«Аңыз» дегеніміз не? Ол туралы не білеміз?

2-топ

«Кино» дегеніміз не?

3-топ

«Ертегі» дегеніміз не?

Өтпелі сұрақ: «Аңыздарда кездесетін ұлттық кейіпкерлеріміз кімдер?»
Алдаркөсе Қожанасыр

Сабаққа кіріспе: Алдаркөсе мен Қожанасыр оқушыларға «хат» жолдап, тапсырмалар ұсынады.

Сабақтың ортасы

20 минут

Ұйымдастыру

  • Әр оқушыға парақша таратылады (дұрыс жауаптарға жапсырма беру үшін).
  • Топтық жұмыс ережелері еске түсіріледі.

Алдар мен Қожаның 1-тапсырмасы: сөздерді оқу

Кофе
Ферма
Фото
Телефон
Футбол
Кафе
Фирма
Факс
Телеграф
Африка

Талқылау сұрақтары: «Суреттегі Қуаттың қылығы дұрыс па?» және «Ф әрпі неге ұқсайды?»

Сөздер банкісі: «Ф» әрпі бар сөздерді жина

Тапсырма: төмендегі сөздердің ішінен «Ф» әрпі бар сөздерді тауып, бөліп жазыңдар.

Пияз Фото Факс Қияр Қаһар Гауһар Ферма Фирма Телефон Футбол Кафе Телеграф Парта Африка Фабрика Фонтан

Дескриптор

  • «Ф» әрпі бар сөздерді таба алады.
  • Тізімнен қажетті сөздерді бөліп алады.

№2 тапсырма: мәтінді жалғастыру

«Бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алды...»

Оқушылар оқиғаны логикалық жалғастырып, кейіпкер әрекетін сипаттайды.

Ұлттық кейіпкерлер туралы қысқа мәлімет

Алдаркөсе мен Қожанасыр — ұлттық кейіпкерлер. Аңыздарда олар ақылды, әділ, тапқыр, кейде аңғал кейіпкерлер ретінде танылады.

Сергіту сәті

2 минут

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.

Қызықты тапсырма: «Оқиға картасы» әдісі

8 минут

Алдар мен Қожаның екінші тапсырмасы үш топқа жеке беріледі.

1-топ

Суреттерді ретімен орналастыру.

2-топ

Кейіпкерлерді атау және сипаттау.

3-топ

«Алдаркөсе мен ұры» мультфильмін еске түсіріп, суреттер бойынша әңгімелеу.

Түйінді сұрақ

Берілген әңгімедегі ақылды кейіпкер кім?

Қажет болған жағдайда мультфильмнен қысқа үзінді көрсетіледі.

Қорытынды: оқушылар тапсырмаларды мұқият орындап, ұлттық кейіпкерлердің «алғысын» алады.

Аяқталуы

8 минут

Топтық жұмыс арқылы оқу, буындау және сөйлем құрау дағдылары бекітіледі.

1-топ

Сөздерді буынға бөліп айту.

2-топ

Адасқан буындардың орнын табу.

3-топ

Сөйлем құрау: футбол, телефон, фонтан.

Дескриптор

  • Сөздерді буынға бөліп айта алады.
  • Сөздерді буынға бөліп жаза алады.
  • Буындардан сөз құрай алады.
  • Сөздерден сөйлем құрай алады.

Бағалау

Смайликтерді санап, жеңімпаз топ анықталады.

Өте жақсы

6–8

Жақсы

3–5

Орта

1–2

Сабақтың соңы: кері байланыс

2 минут

Жасыл

Түсіндім.

Сары

Әлі де түсінбеген тұстарым бар.

Тәсіл

«Ағашты безендіру» әдісі: стикер арқылы пікір қалдыру.

Рефлексия: оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, топтық жұмыстың пайдалы екенін түсінеді.