Жыл мезгілдеріне қарай жануарлардың тіршілік сипатының өзгеруі туралы білімді нақтылау

Білім саласы: Таным Бөлімі: Экология негіздері

Жануарлар қысқа қалай дайындалады?

Мақсаты

Балалардың жабайы жануарлар туралы және олардың тіршілігі жайлы түсінігін кеңейту; аю, түлкі, тиін, кірпіні ажырата білуге үйрету. Жыл мезгіліне қарай жануарлардың тіршілік сипаты қалай өзгеретінін нақтылау.

I. Ояту кезеңі

«Шаттық шеңбері»

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер-Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар өлең шумақтарын қимыл-қозғалыспен айтып, көңіл күйін көтереді.

II. Ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақтар

Балалар жұмбақтардың шешуін табады және жауаптарын талқылайды.

  1. 1)

    Ағаштан ағашқа секірген, кішкентай ғана шапшаң аң.

  2. 2)

    Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.

  3. 3)

    Тиіскенді түйреген, киімі бар инеден.

  4. 4)

    Сұр түсті, ақсиған көп тісті.

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Үй жануарларының ішінен жабайы жануарды табу.

Сұрақ: Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Жауап: Жабайы жануарлар.

Сұрақ: Неге «жабайы» дейміз?

Жауап: Өйткені олар орманда мекендейді.

Сұрақ: Осы аңдардың ішінде қайсысы қысқы ұйқыға кетеді?

Жауап: Аю.

Дидактикалық ойын: «Қай аң қайда тұрады?»

Балалар аңдардың мекенін табады, сәйкестендіреді және таңдауларын түсіндіреді.

Талқылау сұрағы

Осы жабайы жануарлар туралы кім тақпақ біледі?

Мағынаны ашу: Қысқа бейімделу

Қыс түскенде көптеген жануарлар індеріне тығылады.

Қоян, түлкі, қасқыр қысқа қорек жинамайды және қысқы ұйқыға кетпейді, өйткені өзіне қорек таба алады.

Қоян, қасқыр, түлкі, тиін күзге қарай жұқа жүнін түсіріп, орнына қалың жүн өсіреді.

Аю жаз бойы қорек жинап, қыста ұйқыға кетуге дайындалады.

Дидактикалық ойын: «Аңдардың қорегін табуға көмектес»

Әр аңның қорегін тауып, сәйкестендіріп құрастырады.

Сергіту сәті

Балалар ормандағы аңдардың жүрісін қимылмен салып, өлең жолдарын айтады.

Қорқақ қоян, сұр қоян — ытқып-ытқып секірді.

Көкжал қасқыр ұлиды, ауыл маңын ториды: «У… У… У…».

Қорбаң-қорбаң қорбаңбай, аю жүрер қорбаңдай: «Р… Р… Р…».

Түлкі жүрер сылаңдап, әдемі құйрығы бұлаңдап.

Сөздік ойын: «Жалғасын тап»

Ең айлакер аң
түлкі
Аң патшасы
арыстан
Мысыққа ұқсайтын аң
жолбарыс
Ең ұзын мойын
керік
Ауыл маңын ториды
қасқыр
Үстінде тікенегі бар
кірпі

III. Рефлексия және түзету

«Ғажайып сәт»: Қоян қонаққа келеді

Қоян көңілсіз келеді: қасқырдан қашамын деп, жинаған сәбіздерін шашып алғанын айтады.

Шығармашылық жұмыс: «Сәбіз жасау»

Балалар қағазды бүктеу (оригами) тәсілі арқылы сәбіз жасап, қоянға сыйға тартады.

Қимылды ойын: «Сұр көжек жуынады»

Балалар қоянның қимылын бейнелеп, қозғалыстарды қайталайды.

Қорытынды

Қоян балаларға көмегі үшін алғыс айтып, сәбізден жасалған шырын сыйлайды.