Морфология әлеміне саяхат

Тақырыбы

Морфология әлеміне саяхат (1–2-жаттығу)

Оқу мақсаттары

  • Морфология туралы түсінігін қолдана білу.

Сабақтың мақсаты

  • Сөйлем түрлерін ажыратады.
  • Морфологиямен танысады.
  • Берілген тапсырмаларды орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс істей алады және топтағы оқушыларды ұйымдастыра алады.

Тәрбиелік бағыты

  • Сөздік қорын және ауызша сөйлеу тілін дамыту.
  • Дәптермен, тақтамен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың басы

Мақсатымыз — білім алу. Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп, жұмыла әрекет етсек, жоғары нәтижеге қол жеткіземіз.

Өткенді қайталау

  • Сөз тіркесі дегеніміз не?
  • Мысал келтір.
  • Жай сөйлем дегеніміз не?
  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Үй тапсырмасы: сұрау және талқылау.

Негізгі бөлім: Морфология ұғымы

Морфология — сөз және оның формалары туралы тіл білімінің бір саласы.

Сөз әртүрлі бөлшектерден тұрады. Әр бөлшектің өзіне тән мағынасы мен қызметі болады. Осыны бір мысал арқылы көрейік.

Мысал

жолдастыққа = жолдастыққа

жол

«Салған із» немесе «сапар» мағынасын білдіреді.

-дас

«Жолдас» сөзін жасап, «серік» мағынасын береді.

-тық

Адамдар арасындағы қарым-қатынас мағынасын білдіретін туынды сөз жасайды.

-қа

Жаңа мағына қоспайды, сөзді басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарады.

Осы талдау арқылы сөздің құрылымы мен қосымшалардың қызметі айқындалады: бір бөлшек мағына тудырса, келесі бөлшек грамматикалық байланыс орнатады.

Тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
  • Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау (1–2-жаттығу).

Қосымша тапсырмалар

  • Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар орындау.
  • «Морфология әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша қысқа ойтолғау жазу.

Материалдарды қажет болса, «Морфология әлеміне саяхат» бөлімі бойынша файлды жүктеп алып, тапсырмаларды толықтыруға болады.