Сабаққа зейін қойдыру

Сабақтың мақсаты

Әңгімені түсініп оқуға, кейіпкерді тереңірек тануға, негізгі ойды анықтай білуге, Әбілхан Қастеев туралы деректер жинауға және ізденіс жұмысын жүргізуге ықпал ету.

Негізгі идеялар

  • Оқушыларды сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыру.
  • Белсенді тыңдап, ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік беру.
  • Қорытынды жасауға бағыт беру.

Күтілетін нәтиже

  • Әңгімені түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды.
  • Шығармашылық қабілеттері шыңдалады, өз мүмкіндігін таниды.
  • Топтық жұмысқа бірігеді, ойын еркін жеткізеді.
  • Әңгімені өз сөзімен баяндайды.
  • Бірін-бірі шынайы бағалайды.

Ресурстар

  • Интербелсенді тақта
  • Ватман қағаз
  • Маркерлер
  • Стикерлер

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сабақта оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін топтық жұмыс, ізденіске бағытталған тапсырмалар және шығармашылық форматтар қолданылады.

Топтық жұмыстар

Бірлесіп талдау жасап, ортақ шешімге келу дағдыларын дамыту.

Ізденушілік тапсырмалар

Дерек жинау, дәлел келтіру және ақпаратты жүйелеу.

«ТВ шоу» форматы

Кейіпкерлермен сұхбат арқылы түсінуді тереңдету.

Топтастыру

Негізгі ұғымдарды байланыстырып, құрылым жасау.

5 жолды өлең

Ойды қысқа да нұсқа жеткізу, тілдік шығармашылықты дамыту.

«Ақылдың 6 қалпағы»

Мәселеге әр қырынан қарап, пікір алмасуды жүйелеу.

«Галереяға саяхат»

Топ жұмыстарының нәтижесін шолу, кері байланыс және бағалау.

Оқытуда қолданылатын модульдер

Сабақ барысында заманауи педагогикалық тәсілдер кешені пайдаланылады: СТО, ЖЕСО, ОмОЖТ, ТжДБО, АКТ, ОК, ОүБ, ОБ.

Негізгі дереккөздер

Оқулық

«Әдебиеттік оқу», 3-сынып. Атамұра баспасы, 2014 жыл.

Қосымша материал

Ғаламтордан алынған қосымша суреттер мен мәліметтер.

Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызу.
  • Өнер адамдары туралы тақырыпқа байланысты түрлі бояу түстері арқылы топқа бөлу.
  • Сабаққа зейін қойдыру, жұмыс ережесін қысқаша еске салу.

2) Мотивация және кіріспе әңгіме

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауы «Нұрлы жол» деп аталады. Жолдауда білім саласында жоғары жетістікке жету, сапалы білімге бет алу мәселелері ерекше атап өтіледі.

Ұстаным: «Ендеше біз де сыныбымызбен бірге “Нұрлы жолға” түсіп көрейік.»

3) Негізгі бөлім: мәтінмен жұмыс

Тақырыптық бөлік: «Әміре ата ауылында».

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұндау.

Белсенді әдіс: «ТВ шоу» — кейіпкерлермен сұхбат.

  • «Әнші Әміре» мәтінін әр топтан 1 оқушыға оқыту.
  • Әр топтан 1 оқушыдан мазмұнын айтқызу.

Автор

№78 жалпы орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі — Өтемұрат Әсемгүл Елеусінқызы