Қай құстың мойыны ұзын

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру салалары

  • Таным
  • Шығармашылық

Білім бөлімдері

  • Қоршаған ортамен таныстыру
  • Сурет салу

Тақырыбы

Құстар – біздің досымыз

Мақсаты

Жас бүлдіршіндердің құстар туралы білімін толықтыру: олардың немен қоректенетінін, қайда мекендейтінін түсіндіру. Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

сиқыршы сиқыр шынайы

Сабақ барысы

Ұйымдастырушы-қозғаушы кезең

Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші балалардың көңіл-күйін сұрап, бір-біріне қарап күлімдеуді ұсынады. Осы сәтте құстардың дауысы естіледі.

Сұрақ-жауап

  • Балалар, бұл ненің дауысы?
  • Қандай құстарды білесіңдер?
  • Құстың дене мүшелерін атаңдар.
  • Қанат не үшін керек? Адам ұша ала ма? Неге?
  • Сендер құс болғыларың келе ме?

Тәрбиеші ойын элементін енгізеді: «Мен қазір сиқыршы боламын. Сиқыр жасап, сендерді құсқа айналдырамын.»

Ұйымдастыру-ізденушілік кезең

Музыка ойнайды. Балалар тапсырмалар арқылы құстардың тіршілігі, мекені мен қорегі туралы білімін толықтырады.

Дидактикалық ойын: «Құстың мекені»

Тапсырма: Жемсалғыштың жанында әртүрлі тағамдар мен заттар жатады. Балалар құстарға жарайтын қоректі таңдап, жемсалғыштың ішіне салады.

Тәжірибе: «Құмырадағы су»

Тәрбиеші: «Су ішкілерің келе ме? Құмыраның ішінде су бар екен, ішіп көріңдер.»

Балалар құмыраның ішіне тас салса не болатынын бақылайды да, судың деңгейі өзгеретінін анықтайды.

Оқиғалы сәт: «Тордағы тотықұс»

Тәрбиеші жәшікті көрсетіп: «Қараңдар, мына жәшіктің ішінде не бар?» — деп ашады. Ішінен торда отырған тотықұс көрінеді.

Сол кезде мысық шығып: «Мяу, бұл менің құсым!» — дейді.

Тәрбиеші: «Неге тотықұсты жәшікке салып қойдың? Оның иесі іздеп жүрген шығар.»

Мысық: «Мяу, жарайды. Егер менің жұмбақтарымның шешімін тапсаңдар, тотықұсты жіберемін.»

Жұмбақтар

  • Қай құстың мойыны ұзын?
  • Қандай құс күндіз ұйықтап, түнде тышқан аулайды?
  • «Орман дәрігері» деп қай құсты атайды?
  • Қай құс бәрінен жоғары ұшады?
  • Қандай құстың тұмсығы үлкен?
  • Аяғы ұзын құсты атаңдар.

Мысық: «Мяу, жарайды, бәрін таптыңдар. Енді тоты сендердікі.»

Шығармашылық жұмыс: «Құстарды тірілтейік»

Тәрбиеші балалардың назарын тотықұсқа аударады: оның көңілі жоқ сияқты. Балаларға: құстың достарын жауыз сиқыршы дуалап қойғанын, ал оларды бояса — «тіріліп», әдемі құстарға айналатынын айтады.

Балалар құстардың бейнесін бояп болған соң, тәрбиеші қорытынды жасайды: «Енді олар шынайы құс болды. Біз де шынайы бала болайық.» Сосын балаларды қайтадан «сиқырлап», бала қалпына келтіреді.

Мекеме туралы мәлімет

Қостанай ауданы білім бөлімінің «Алтын бесік» балабақшасы (КМҚК)

Тәрбиеші: Кеңес Н. Қ.