Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу
Сабақтың тақырыбы
Бозторғай – дала сәні (Әдебиеттік оқу)
Пән аралық байланыс
Дүниетану, қазақ тілі
Әдісі
Сұрақ-жауап, сөздік жұмысы
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Көктем көрінісі, жұмбақтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Көктем мезгілі туралы ұғымдарын кеңейту; шығармашылық жұмыстарға жетелей отырып, әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормаларын меңгерту.
Тәрбиелік
Табиғатты сүюге және аялауға тәрбиелеу; құстарды қорғап, қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылық
Өз сөзімен әңгімелеп беруге дағдыландыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын молайту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақтың басталғанын хабарлау.
II. Өткен сабақты қайталау
- Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
- Әңгімені аяқтау.
- Көктемгі табиғат көрінісін суреттеу.
- Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар қою.
- Сергіту сәті.
Фонетикалық жаттығу: «Таңырқау»
Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?
Ай-ай-ай, иә, қандай әдемі!
Барлығыңыз менің артымнан асықпай қайталаңыз.
III. Жаңа сабақ
1) Кіріспе әңгіме
а) Сурет бойынша әңгімелеу
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Көктем айларын ата.
- Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?
ә) «Көктем келді» өлеңін мәнерлеп оқу
- Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
- Адамдардың көңіл күйі қандай?
- Олар неге көңілсіз?
- Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?
Сергіту сәті: есте сақтауды дамыту
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
2) Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді түсініп оқу.
- Бозторғайдың көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеу.
- Құстардың ұшып келуі туралы талқылау.
- Көктем мерекелері туралы әңгімелеу.
IV. Сабақты бекіту
- Табиғат туралы мақал-мәтел айту.
- «Адасқан әріптер» дидактикалық ойынын ойнау.
V. Үй тапсырмасы
Мәтінді түсініп оқы.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.