Ұлбосыным пұл босын
Мағжан Жұмабаев
Бауырсақ мұрны пұштиып,
Бесікте жатты Ұлбосын.
Әкесінің ойында:
Ұлбосыным пұл босын!..
Тышқан көзі сықсиып,
Ойнап жүрді Ұлбосын.
Әкесі енді жиірек
Ойлап жүрді: Пұл болсын!..
Бүйрек беті бұлтиып,
Шолпы тақты Ұлбосын.
Күлім қақты әкесі,
Ойға батты: Пұл болсын!..
Салмақты қыз боп ақылды,
Он бірге жетті Ұлбосын.
Мал алуға әкесі
Құдаға кетті: Пұл болсын!..
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет
Он беске келді Ұлбосын.
Әкесі ойды иректейд:
Отыра түссін, пұл болсын!..
Ирек боп қалды - ау ой шіркін,
Пұл болмады - ау Ұлбосын.
Ұлбосын биыл есітті:
Енді әйелге жол болсын...
Естіпті де досына:
Мән - жай мынау... ал досым... -
Депті. Сөйтіп, сол түнде - ақ
Кетіп - ақ қалған Ұлбосын.
Бұрқырап отыр әкесі:
Құл болмаса, бұл болсын!
Мен не деймін, қалқам - ау,
Жол болсын деймін, жол болсын.
Кейс даярлау
Қазақ диалектологиясының зерттелуі
Отбасы тәрбиесі және қиын баланы отбасында қайта тәрбиелеуді ұйымдастыру
Сөйлеудің коммуникативтік қызметі
Сөйлеу тілі
Кейіпкер тілі
Дене шынықтыру сабағындағы мини - футбол. Әдістемелік нұсқау
Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық сипаттамасы
Балқаш қалалық әкімшілік сайтына қоршаған ортаны қорғау туралы дерек
Атмосфераны химиялық қосылыстардан қорғау мәселесі
Тимофей Карпович Щербанов (1922 жылы туылған, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Херсон селосы) - 2 - дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, танк - десант ротасы могоатқыштар - пулемет батальонының командирі
Ұлбосынға жақындап
Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді, сабақта Дене импульсі материалық нүктеде импульстің өзгеруі
Ампулалық бездер құрылысы жағынан тарамдалған көпіршікше - түтікше бездерге жатады
Балжан Ұлбосынға келіп
Петр Васильевич Томасевич (1923, Украина, Одесса қаласы - 1984, Одесса қаласы) - 2 - дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, пулемет взводының командирі
Популяция - эволюцияның элементарлы құрылымы
Өсімдік және жануарлар популяциясы
Автоматтың (пулеметтің) арналуын, ұрыстық қасиеттерін, жалпы құрлымын және жұмыс принціпін
Популяция құрылымы