Ұлпан бейнесін жасау

Көп бейінді №3 мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қасенова Гүлжан Ержанқызы

9-сынып Қорытынды сабақ Шығармашылық-ізденіс

Сабақ тақырыбы

Ел анасы – Ұлпан

Бұл сабақ Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы арқылы ұлт анасының бейнесін ашуға, кейіпкердің қайраткерлік болмысын тануға және көркем тілдің мүмкіндігін талдауға бағытталған.

Сабақ мақсаты

Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасы негізінде ұлт анасының көркем бейнесін ашу.

Сабақтың девизі

Ізденейік, зерттейік, салыстырайық.

Міндеттері

  • 1

    Шығарма мазмұнын түсіне отырып, Ұлпан бейнесін ашуға талпыну.

  • 2

    Ұлпан бейнесі арқылы ел ұйытқысы болған ұлт аналарының қайраткерлік болмысын таныту.

  • 3

    Ұлпан-ана бейнесі арқылы жазушының ана образын сомдаудағы тілдік ерекшеліктеріне тоқталып, талдау жасау.

  • 4

    Көркем шығарманы оқу арқылы перзенттік парыз ұғымын терең түсініп, жауапкершілікке ұмтылу.

Сабақ түрі

Шығармашылық-ізденіс сабағы

Әдіс-тәсілдер

Диалог, пікірлесу, проблемалық оқыту, СТО элементтері

Құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, қанатты сөздер, оқулық

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

2) Мотивация

Интербелсенді тақта арқылы сурет ұсынылады.

Сұрақ

Суретке қарап қандай ой түйдіңдер?

Күтілетін жауаптар

  • Тауқымет тартқан ана
  • Баласын күткен ана
  • Ана мейірімі мен төзімі туралы ойлар

3) Қызығушылықты ояту

  1. Романның тарихи негізі.
  2. Романның «Ұлпан» деп аталуының себебі.

Оқушылар бір-бірімен пікірлеседі, ойларын ұжымға ұсынады, сұхбаттасады.

4) Мағынаны ажырату

«Кубизм» стратегиясы бойынша топтық тапсырмалар орындалады.

1-топ — Суреттеңіз

Ұлпан бейнесін ашатын көркемдік тіл ерекшеліктерін сипаттау.

2-топ — Салыстырыңыз

Ұлжан, Ұлпан, Домалақ ана бейнелерін салыстыру.

3-топ — Талқылаңыз

«Елес құшағында» тақырыбы аясында Ұлпан бейнесін жасау, ой қорыту.

4-топ — Қолданыңыз

Ұлпан өлімі, Торсан тұлғасы және «заман үкімі» ұғымын байланыстыра талдау.

5) Ой толғаныс

Тақырып: «Менің анам» — жыр толғау, сыр толғау, ой толғау.

1-топ

Арнау (поэзия)

2-топ

Ой толғау (проза)

3-топ

Ән айту

Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасап, топ ішінде және ұжымда талдайды.

6) Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, талдауы, дәлелі және шығармашылық өнімдері бойынша бағалау жүргізіледі.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» деген белгі болса, ол осы материалдың кеңейтілген нұсқасына сілтеме ретінде беріледі.