Оқушылардың ойымен санасу

Жасөспірімдердегі аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу тренингі

Тақырыбы

«Махаббат — өмір өзегі» (9, 10, 11-сынып)

Ұзақтығы

45 минут

Мақсаты

  • Оқушыларға махаббат пен сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
  • Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалай білуіне және өз іс-әрекетін түсіне білуіне жағдай жасау.
  • Оқушылардың өзін-өзі анықтауына, ашыла түсуіне ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Проектор, экран
  • Таратпа материалдар
  • Тест/сауалнама материалдары

Әдістері

Тақырып бойынша дәріс

Қысқаша таныстырылым, негізгі ұғымдарды нақтылау.

Психодиагностикалық тексеру

Сауалнама/жазбаша жауаптар арқылы өзін тануға бағыттау.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг

Талқылау, әңгімелесу, ойын элементтері.

Жұмыс барысы

1) Психологиялық ахуал қалыптастыру

Сәлемдесу және шеңбер құру

Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші екі қолдың қимылын пайдаланып, екі сөйлем айтады: оң қолын беліне қойып — «Мен сынып жетекшімді жақсы көремін», сол қолын беліне қойып — «Мен өтірік айтқанды жек көремін». Осы үлгімен әр оқушы өз сөзін жалғастырып, ортақ шеңбер қалыптастырады.

Жұптарға бөлу

Екі оқушының таңдауы арқылы қатысушылар алдын ала дайындалған атаулар бойынша жұптасып отырады:

Ақылдылар Сұлулар Сымбаттылар Мықтылар Арулар Намысшылдар Сенімділер Қымбаттылар Жеңімпаздар Ойынпаздар Оқымыстылар

2) Негізгі бөлім

Таныстырылым

Тақырып бойынша қысқаша мәлімет беріледі: махаббат, сүйіспеншілік, өз-өзіңді қабылдау және өмір құндылығы туралы ой қозғау.

Негізгі идея

Өзімізді бағалау және өмірімізді бағалау үшін махаббатқа деген қажеттілікті сезіну маңызды. Адам өзін жақсы көріп, өзгені жақсы көре алса және өзін тұтас әлемнің бір бөлшегі ретінде сезінсе, көптеген мәселе жеңілірек шешіледі.

Практикалық бөлім

Тақырыпты сезім арқылы ашу: өлең оқу, талқылау, топтық жаттығулар, рефлексия.

Фокус

  • Сезімді тану
  • Қолдау жүйесін анықтау
  • Шешім табу дағдысы

3) Өлең: «Махаббат шуағы» (Р. Рождественский)

Өлеңді оқып, негізгі ойды сезім арқылы талқылауға ұсынылады.

Бәрінің бастауы — махаббат! Жаныңда нұр сепкен шапағат. Еңбектің рақатын сездірген, Гүлдерге құлпыртып түр берген. Сәбидің шырағын жандырған, Бұлағы — мейірін қандырған. Шуағы жылытқан жүректі, Жаңғыртып айтамын қайталап, Бәрінің бастауы — Махаббат! Бәрінің бастауы — Махаббат! Махаббат! Мен оны айнытпай білемін. Бәрі де, тіпті жек көру тілегін — Өзіңмен бір туған қандастай, Махаббат нұрына бөледі жүрегің. Көктем кеп: «Өмір сүр...» дегенде, Тербелдің махаббат кемеңде. Керілдің көк тіреп иығың. Махаббат нұрынан бастау ап жөнелдің. Бәрінің бастауы — Махаббат!

4) Ой ашу: «Кластер» әдісі

Тапсырма

«Махаббат» сөзінің мағынасын ашу үшін кластер құрылады: қатысушылар ассоциациялар, құндылықтар, әрекеттер және сезімдер бойынша ұғымды тарқатады.

Пікірлесу

Әр оқушының ойын тыңдап, пікірін құрметтеу. Әрқайсысының сөйлеуіне мүмкіндік беру.

5) Сауалнама

Алдымен жазбаша жауап беріп, кейін ауызша талқылау жүргізіледі.

  1. 1Сен кімге қарап үлгі аласың?
  2. 2Кіммен ашық сөйлесе аласың?
  3. 3Қиын сәттерде кіммен бөлісесің?

6) Жаттығу: «Қақпан және жабық шеңбер»

Мақсаты

Кез келген жағдайда мәселенің шешімін табуға, түрлі стратегияны байқап көруге үйрету.

Барысы

  • Екі шеңбер құрылады: ішкі шеңбер — «адамдар», сыртқы шеңбер — «қақпан».
  • Ішкі шеңбердің мақсаты — түрлі тәсіл қолдана отырып сыртқа шығу.
  • Сыртқы шеңбердің мақсаты — қатысушылардың талпынысына қарай «босату» деңгейін реттеу.
  • Ойыннан кейін сезімдер тыңдалып, талқыланады.

Қорытынды

Адамдар мәселені әртүрлі тәсілмен шешеді: біреуіне оңай, біреуіне қиын болуы мүмкін. Кейде адам «жабық шеңберде» қалып қойғандай сезінеді. Сол себепті қандай қиындық болса да, оны жеңудің жолын іздеуге, көмек сұрауға және әрекет етуге дағдылану маңызды.

7) Жаттығу: «Өмір туралы метафора»

Мақсаты

Көпшіліктің пікіріне ғана ермей, өз жүрек үніңе, өз қалауыңа сүйене әрекет етуге баулу.

Барысы

Жүргізуші қолына әдемі мүсінді ұстап, оны мақтап көрсетеді. Қатысушылар оның қасиеттерін, жасалу жолын, жақсы жақтарын атап шығады. Кейін жүргізуші оның «жаман қырын» айта бастайды да, мүсінді байқатпай жерге түсіріп алады. Мүсін сынады. Қатысушылардың сезімі тыңдалып, ой бөлісу ұйымдастырылады.

Қорытынды

Адам өмірі әдемі мүсін секілді: оны сындырып алсаң, бұрынғы қалпына дәл келтіріп «қайта құрастыру» қиын. Сондықтан өмірдің құндылығын бағалап, оны көріп, сезініп, қорғауды ұмытпау қажет.

8) Жаттығу: «Махаббат ағашы»

Әр оқушы өзіне ұнайтын адамның жақсы қасиеттерін жазады: оны не үшін жақсы көретінін, қандай мінезі мен әрекеті қуантатынын белгілейді. Жазбалар «ағаштың бұталарына» (плакат/қағаз макет) ілінеді.

9) Рефлексия

Кездесу Мырзагелді Кемелдің нақыл сөзімен қорытындыланады:

Өмір сүру формуласы: жеңіс пен жеңіліс — кезек. Сәтсіздік, жайсыздық, тіпті бақытсыздық та кездесуі мүмкін. Олардың бәрін көңілге ауыр алмау жөн. Оны тәжірибе деп қабылдап, адам өзіне байланысты қателікті қайталамауға тырысса — бұл жетілуге ұмтылғаны. Мәселеге «өмір сүруге зияныңды тигізбе» деп қараған дұрыс. Бұл — «рұқсат: өмір сүр, ізден, қимылда, ойлан» деген сөз.

Кері байланыс

Оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша ой-пікірлері тыңдалады: қандай ой түйді, қандай сезім қалды, қандай қорытынды жасады.

Бағалау

«Термометр» әдісі қолданылады: қатысушылар өз көңіл-күйін, түсіну деңгейін немесе тренингтің пайдалығын шкала арқылы белгілейді.