Паскаль тілінде нақты типті анықтау операторы

«Үйірменің үйретері көп»

Үйірменің мақсаты — компьютерді пайдаланып әртүрлі есептерді шығару кезеңдерін үйрету, оқушыларды өз бетімен ізденуге және бағдарлама құра білуге дайындау. Сонымен бірге қатысушылар әр «асудың» тапсырмаларын орындап, нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, көрсеткіштерін арттырып, межеден асып түсуге ұмтылады.

Ұстаздың жүрек сөзі

Сендер — менің байлығым, оқушыларым,

Үміт еткен мақсатым, бар арманым.

Мен жетпеген шыңдарға сендер жетсең,

Орындалар өмірде бар арманым.

Ұйымдастыру кезеңі: «асулар»

  1. 1 «Еске салсақ»
  2. 2 «Кім жылдам»
  3. 3 «Адасқан сөздіктер»
  4. 4 «Мен білем»
  5. 5 «Кім программист?»
  6. 6 «Құрастыра білу — өнер»

Топтар

І топ: «Алгоритм»

Ұраны

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемі

Кластас, ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.

ІІ топ: «Паскаль»

Ұраны

Қандай сынақ болса да беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемі

Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Бағалау логикасы

Әр кезеңде тапсырмалар күрделеніп, білім мен жылдамдық қатар сыналады. Топтар есептің шешімін табумен бірге, оны дұрыс рәсімдеп, бағдарламалау тілінде нақты жүзеге асыруы тиіс.

Негізгі дағдылар

  • Алгоритм құру және түсіндіру
  • Өрнектерді тіл синтаксисіне аудару
  • Код жазу, енгізу/шығару
  • Уақытты тиімді пайдалану

Нәтиже

  • Дұрыстық
  • Жылдамдық
  • Түсініктілік және ұқыптылық
  • Топтық жұмыс

Кезеңдер мазмұны

1-асу: «Еске салсақ»

Бұл кезеңде үйірмеде өткен тақырыптар еске түсіріледі: алгоритм ұғымы, алгоритмді жазу жолдары, блок-схеманың мағынасы. Сондай-ақ қарапайым өмірлік жағдайларға алгоритм құру тапсырмалары беріледі.

Алгоритм бойынша сұрақтар

  1. Алгоритм дегеніміз не?
  2. Алгоритмді жазудың қандай жолдары бар?
  3. Блок-схема дегеніміз не?

Алгоритм құру

  • «Сабаққа дайындалу» алгоритмін құру (Алгоритм тобы).
  • «Шай қайнату» алгоритмін құру (Паскаль тобы).

Алгоритмдік есептер

  • a) y = (5x² − 4)(x² + 7)
  • b) y = (4x + 2)² + x³

2-асу: «Кім жылдам»

Бұл кезеңде берілген математикалық өрнектерді Pascal бағдарламалау тіліне аудару және есептеу жылдамдығы бағаланады. Уақытты ұтымды пайдалану — жеңістің кілті.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

Өрнектерді есептеңдер

  1. 14 mod 5 =
  2. 54 mod 4 =
  3. 10 div 3 * 5 =
  4. 8 + 4 div 10 =
  5. 11 div 2 * 5 mod 2 =
  6. 16 mod 4 + 18 div 9 =
  7. 16 div 2 * 5 mod 2 =

3-асу: «Адасқан сөздіктер»

Шарт: берілген уақытта мүмкіндігінше көп сөздік/термин жинау. Мұнда жылдамдық пен дәлдік қатар бағаланады.

4-асу: «Мен білем»

Бұл бөлімде алдағы кезеңдерге тікелей қатысты шағын тест беріледі. Оқушылар ұзақ ойланбай, тез әрі нақты жауап беруі керек.

1) Pascal тілінде айнымалыларды сипаттау бөлімі қай қызметші сөзден басталады?

  • a) Var
  • б) Const
  • в) Label
  • г) Begin
  • д) Type

2) Pascal тілінде жазылған дұрыс өрнекті көрсетіңіз.

  • a) Y := 2*cos(x - 2)
  • б) Y = 2*cos(x2)
  • в) Y := 2cos(x - 2)
  • г) Y := 2cosx - 2
  • д) Y := 2*cosx - 2

3) Pascal тілінде нақты типті анықтау қайсы?

  • a) Integer
  • б) Real
  • в) Char
  • г) Boolean
  • д) Type

4) Pascal-да берілгендерді енгізу операторы қайсы?

  • a) Read
  • б) Write
  • в) Begin
  • г) Var
  • д) If, Then, Else

5) Y = x³ өрнегі Pascal бағдарламасында қалай жазылады?

  • a) Y := x*x*x;
  • б) Y := x^3;
  • в) Y := x**3;
  • г) Y := SQR(x*x*x);
  • д) Y := SQRT(x);

5-асу: «Кім программист?»

Оқушылар PascalABC ортасында тапсырманы бірден теріп, нәтижесін шығарады. Мақсат — бағдарламаны дұрыс құрастыру және мүмкіндігінше жылдам аяқтау.

Диктант: Шардың радиусы берілген. Көлемін табу бағдарламасын жазыңдар.

  1. Бағдарлама атауы: Esep1
  2. Тұрақтылар бөлімінде Pi = 3.14 деп беріңдер.
  3. Айнымалылар бөлімін сипаттаңдар.
  4. r — шар радиусы (нақты сан).
  5. v — шар көлемі (нақты сан).
  6. Операторлар бөлімін ашыңдар.
  7. Радиус мәнін енгізуге ұсыныс шығарыңдар.
  8. Енгізу операторы арқылы r мәнін оқыңдар.
  9. Көлем формуласы: V := 4*Pi*r*r*r;
  10. Нәтижені экранға шығарыңдар: жалпы ені 8 орын, бөлшек бөлігі 3 орын.
    Writeln('V=', V:8:3);
  11. Бағдарламаны аяқтаңдар.

Үлгі бағдарлама

Program Esep1;
Const Pi = 3.14;
Var r, v: Real;
Begin
  Writeln('r мәнін енгіз');
  Readln(r);
  V := 4*Pi*r*r*r;
  Writeln('V=', V:8:3);
End.

6-асу: «Құрастыра білу — өнер»

Үйірме жұмысын бекіту үшін қатысушылар берілген бағдарламаларды құрастырып, нәтижесін шығарып көрсетуі қажет. Бұл кезеңде логика, құрылым, ұқыптылық және шығармашылық тәсіл айқын көрінеді.

Сайысқа түскенменен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан орын алар.
Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да,
Бабы мен бағы жанған баласы бар.

Қорытынды және марапаттау

Барлық «асулардан» өткен оқушыларға жеке-жеке номинациялар тағайындалады. Ізденімпаздығы, белсенділігі, шапшаңдығы және өзге де қырларымен ерекшеленген қатысушылар марапатталады.

Ізденімпаздық

Өз бетінше іздену, дәлелдеу

Белсенділік

Топтық жұмысқа үлес қосу

Шапшаңдық

Уақытқа сай дәл орындау

Ұқыптылық

Код мәдениеті, нәтиже сапасы