Сауат ашу және жазу

Білім беру саласы: Қатынас ҰОІӘ: Сауат ашу және жазу Тақырып: Балабақша

Сабақтың мақсаты

  • Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы балаларды сұрақтарға жауап беруге үйрету.
  • Ойды тиянақты, толық жеткізе білуге баулу.
  • Өз ойын жүйелі түрде айту арқылы зейінді дамыту.
  • Балабақшада достарымен және үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
  • Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Көрнекіліктер

Суреттер, слайдтар.

Сөздік жұмысы

«байтағым», «баулып».

Билингвалды компонент

Балабақша — «Садик».

Сабақ құрылымы

I

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Ұйымдастыру және эмоционалдық ахуалды қалыптастыру.

1) Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Жоғарыда шаңырақ ілінеді. Балалар түрлі түсті таспаларды қолына алып, өз балабақшасына ізгі тілектерін айтады.

2) «Кім болам?» дидактикалық ойыны

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші басқа балалардан «Болашақта кім боласың?» деп сұрап, қысқа сұхбат жүргізеді. Балалардың қалауымен тілші рөлі алма-кезек ауысып отырады.

II

Ұйымдастыру-іздену (негізгі бөлім)

Сөйлеу дағдыларын дамыту, мәтінмен және дәптермен жұмыс.

3) Тыныштық сәті

Қысқа тыныштық жаттығуы арқылы балалардың назарын шоғырландыру.

4) Сурет бойынша әңгіме құрастыру (дәптер: 4–5-беттер)

Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беріп, жүйелі әңгіме құрастыру.

Тірек сөздер

ойын бөлмесі тәрбиеші ойыншықтар ойын алаңы құм сырғанау әткеншек шелек

5) Өлең оқу

Н. Әлімқұловтың «Балабақшам — байлығым» өлеңін (немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңін) оқу және мазмұнын қысқаша талқылау.

6) Сергіту сәті

Бала, бала — баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз. Үйренеміз өнер біз, Шетінен-ақ шеберміз. Тақпақ айтып, ән де айтып, Би де билеп береміз.

7) Дәптермен жұмыс (4–5-беттер)

  • Педагог тақтада үздік сызықтарды (баланың балабақшаға дейінгі жолын) қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды көрсетеді.
  • 5-беттегі үздік сызықтарды қосып, доптардың суретін салу және оларды бояу.
  • Педагог әр баланың жұмысын тексеріп, сызық жүргізу мен штрихтауды орындау тәсілдерін жеке көрсетеді.
III

Рефлексия және қорытынды

Сабақ барысында меңгерілген білім сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

Күтілетін нәтиже

Білу

Сурет бойынша әңгіме құрастырып, сұрақтарға жауап беру.

Игеру

Өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу.

Меңгеру

Достарымен және үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болу.

Пайдаланылған әдебиеттер

«Сауат ашу және жазу» (әдістемелік құрал), 30-бет.