Құстар туралы болжамдар
Мақсаты
Оқушыларды туған табиғатын сүюге баулу, құстарды қорғау — барша адамзаттың ортақ міндеті екенін ұғындыру. Тапсырмалар арқылы алған білімдерін тексеріп, ептілікке және шапшаң қимылдауға үйрету, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Табиғатқа және өзін қоршаған ортаға қамқорлықпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Кіріспе
Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Құстар — біздің досымыз» атты сайысымызда құстар туралы білімімізді жинақтап, қорытынды жасаймыз.
Құс — табиғаттың байлығы. Байлықтың көзін сақтаудың бір жолы — құстарды әрдайым қорғау. Ендеше, сайысымызды бастайық.
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
«Көктем келді!» — деп бізге
Жақсы хабар береді.
(Ортаға қыс бойы күткен жыл құстары шақырылады.)
Сайыс құрылымы
Мәңгі есте қалар қызықты ойын болсын, көңілге түрлі ой салар тартымды ән мен жыр болсын. Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:
-
1
Таныстыру
Әр топ өз атын, ұранын және идеясын қысқа әрі әсерлі таныстырады.
-
2
Өнер
Құстардың әсем үнін, табиғаттың сазын жеткізетін өнер көрсетілімдері.
-
3
Сән үлгісі
Құс бейнесін келтіріп, эстетика мен қиялды ұштастыратын үлгілер ұсыну.
-
4
Құстар туралы болжамдар
Халықтық таным мен табиғат бақылауына негізделген ырым-болжамдарды айту.
-
5
Сұрақтарға жауап
Әр топқа қойылған сұрақтарға ұтымды әрі нақты жауап беру.
Әділқазылар алқасы
Ашық-жарқын жүзді әділқазыларымыз тыңдап, әділ бағасын береді. Әділқазылар алқасын төрге шақырамыз.
(Әділқазылар мүшелері таныстырылады.)
Таныстыру кезеңі
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай қыс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған —
Тыңдаймыз алуан сырлар жыл құсынан.
(Әр топ кезекпен өзін таныстырады.)
Өнер кезеңі
Сазды әуенін сыйлауға арамызға құстар келді. Әнді ынтамен тыңдауға шақырамыз.
(Өнер көрсетілімдері ұсынылады.)
Сән үлгісі
Көркемдікке көмілген келбетіне көз тимесін, қанатын кең жайып биік самғасын. Келесі кезек — сән үлгісіне беріледі.
(Сән үлгісі көрсетіледі.)
Құстар және халықтық таным
Қазақ халқы қашанда табиғатқа жақын, табиғат-ананы қадірлеген. Табиғаттың бір бөлігі — құстар екенін жақсы білеміз.
Ата-бабаларымыз ұрпағы құстай нәзік, сұлу, қырағы, батыл болсын деп, балаға құс атауымен байланысты есімдер қойған: Қарлығаш, Сандуғаш, Лашын, Сұңқар, Қаршыға, Аққу, Бұлбұл.
Сонымен бірге тұрмыс-тіршілікті де құстармен байланыстырып, түрлі болжамдар айтқан. Ендеше, келесі кезең — құстарға қатысты болжамдар.
(Құстарға байланысты болжамдар айтылады.)
Сұрақтарға жауап
Көкейге қонымды, орнықты сұрақтар қойылады. Әр топ бір сұрақтан алып, ұтымды жауап береді. Енді топтарымызды ортаға шақырамыз.
Бейбітшілік құсы
Көгершін
Құс төресі
Аққу
Көктемде алғаш ұшып келетін құс
Ұзақ
Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс
Тырна
Ең ұзақ жасайтын құс
Қарға
Ең кішкентай салмақты құс
Колибри
Ірі сұңқарлар өкілі
Лашын
Қорытынды
Сайысымыздың қорытынды кезеңінде әділқазылар ұпайларды саралап, жеңімпаздарды анықтайды. Бүгінгі кездесуден алар ең басты ой — құстарды қорғау табиғатты қорғаудан басталады.