Тілім менің атты білімдік - танымдық сайысымызға қош келдіңіздер

Тақырыбы

«Тілім менің» білімдік-танымдық сайыс

Мақсаты

Тіліміздің қарыштап кең қанат жаюына үлес қосу; тілді құрметтеу мен қадірлеу сезімі жоғары, еркін ойлайтын, ойын жүйелі әрі байланыстыра жеткізе алатын тұлға қалыптастыру.

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Тіл туралы нақыл сөздер
  • Ұлттық тұрмыстық құралдар

Түрі

Білімдік-танымдық сайыс

Кіріспе

Қай ұлтты, халықты алсақ та — бәрінің өзіне лайық тілі бар. Халық өз тілін ең ардақты қазына деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарғонаев айтқандай, өз халқын да шын сүйіп жарытпайды.

«Тілім менің» атты білімдік-танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Тіліміз де, тілегіміз де бір болсын!

Қатысушылар

Сайысқа 2 топ қатысады. Әр топта 5 адам және 1 басшы болады.

Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады: топ атауы, ұраны және топ мүшелері жеке-жеке таныстырылуы қажет.

Сайыс кезеңдері

1-айналым: «Білімдарлар сайысы»

Ұлттық салт-дәстүрден көрініс

Көріністер

  1. Тоқымқағар
  2. Селт еткізер
  3. Сыңсу

Топтар көріністе қандай салт-дәстүр бейнеленгенін ашып айтуы керек.

«Ән жасыру»

Қай топ тез тапса — сол топ кезек алады. Дұрыс тапқан топқа 2 ұпай беріледі. Әнді бірге орындау ұсынылады.

2-айналым: Ана тілін қадірлеу

Тіл — халықтың қазынасы

Тілді жасаушы — халықтың өзі. Тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Қазақ тілінің байлығы — қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білсек, Қазақстан кез келген мемлекетпен иық теңестіре алады.

Ендеше, өз тілімізді қаншалықты құрметтейтінімізді келесі тапсырмалар арқылы байқап көрейік.

1-бөлім: Сөздердің дұрыс жазылуы

Сөздерді әріптеп, дұрыс жазылуын айтыңыздар.

1-топ

  • әшекерлеу
  • түкпірінде
  • қауесет
  • бүйірінде
  • сүйіспеншілік

2-топ

  • боркемік
  • бүлдірген
  • ұсқынсыз
  • сүріну
  • зиянсыз

2-бөлім: Фразеологизмдердің мағынасы

1-топ

көзді ашып-жұмғанша
лезде, жылдам
мұрнына су жетпеу
уақыты болмау
қой аузына шөп алмас
момын
ағаштан түйін түйген
шебер
төбе шашы тік тұру
қорқу

2-топ

өгіз аяң
өте жай, баяу
көзге түртсе көргісіз
қараңғы
қырғи қабақ болу
араздасу, ренжісу
төбесі көкке жету
қуану
тайға таңба басқандай
айқын, анық

3-бөлім: Үй тапсырмасы

  • Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.
  • Әр топ бір-біріне дайындап келген көнерген сөздердің мағынасын аштырады.
  • Жасырылатын көне сөздерге 3 нұсқа жауап ұсынылады.

Өлеңді жалғастыр

Дұрыс жалғастыру — 2 ұпай.

Баба тілін қадірле, ...

Болашақтан түңілме.

Айналайын боздақтар,

Аралас тілге үңілме.

Қожаберген жырау

Ана тілінсіз ұлт мәдениеті де, ұлт әдебиеті де жоқ. Қазақ тілі — дамыған, жетілген, бай әрі икемді тілдердің бірі.

3-айналым: Табу ойыны

«Ымды түсінбес, дымды да түсінбес…»

1,5 минут ішінде қағаздағы кейіпкерлерді, заттарды және өзге де атауларды топ басшысы ыммен сипаттап көрсетеді. Топ мүшелері нақты атауын табуы керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-топқа арналған атаулар

  1. Айтыс
  2. Алдаркөсе
  3. Глобус
  4. Қорқыт
  5. Әтеш
  6. Бата
  7. «Басқы пәле — тілден» (мақал)

2-топқа арналған атаулар

  1. Махамбет Өтемісұлы
  2. Шалбар
  3. Лұқпан әртіс
  4. Беташар
  5. Керік
  6. Ит
  7. «Сөз сүйектен өтеді»

Тіл туралы өлең оқу

Мәнерлеп оқу — 2 ұпай.

4-айналым: Ұлттық мұра және тіл

Тұрмыстық құралдарды таныстыру

«Туған тілім, тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы…»

С. Торайғыров

Тірлігіміздің айғағы болған салт-дәстүрімізді ұмытпайық. Тіл арқылы талай құндылықтың сырын ашайық! Ұлттық тұрмыстық құралдар ұсынылады: әр топ құралдың атауын айтып, қалай қолданылатынын түсіндіреді. Дұрыс жауап — 1 ұпай.

Құралдар

  1. Келі
  2. Торсық

«Үш қуат…»

Жауап: тіл, ақыл, жүрек2 ұпай.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

5-айналым: «Сенемін / Сенбеймін»

Жауап беріп, дәлелдеу

Қазір берілетін сауалдарға «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап беріп, өз ойларыңызды дәлелдейсіздер. Сұрақтар 2-топ мүшелеріне жеке-жеке қойылады.

  1. «Қазақстанда “Тіл туралы” заң 2001 жылы қабылданды» дегенге сенесіз бе? Дұрысы: 1989 жыл
  2. «Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға 1997 жылы көшірілді» дегенге сенесіз бе?
  3. «Астанадағы Бәйтеректің ұзындығы 1 метр» дегенге сенесіз бе? Дұрысы: 97 м
  4. «Қазіргі таңда мектебімізде 20–30 жас аралығындағы 10 мұғалім жұмыс істейді» дегенге сенесіз бе?
  5. «“Абай жолы” романының авторы — Абай Құнанбайұлы» дегенге сенесіз бе? Сондай-ақ ол шығарма арқылы әлем орыс халқының кім екенін білді дегенге сенесіз бе?
  6. «Ауыр атлет Илья Ильин Олимпиаданың екі дүркін чемпионы» дегенге сенесіз бе? 2008 (Бейжің), 2012 (Лондон)
  7. «Мектептің екінші қабатында 22 бөлме бар» дегенге сенесіз бе?
  8. «Жылқыда өт бар» дегенге сенесіз бе?
  9. «Үш арсыз — ойын, дәм, сана» дегенге сенесіз бе? Дұрысы: күлкі, тамақ, ұйқы
  10. «Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса — төбедегі келеді» дегенге сенесіз бе? Дәлелдеңіз.

«Жаңылмай айтайық…» (Жаңылтпаш)

Орындау — 2 ұпай.

Бір қызық құс — Қызғыш құс,

Көл қызықсыз — Қызғышсыз.

6-айналым: 1 минуттық тапсырма

Қанша сөз тіркесі — сонша ұпай

1 минут ішінде берілген атауға қатысты мүмкіндігінше көп түрін (сөз тіркесін) атаңыздар. Қанша сөз тіркесі айтылса — сонша ұпай.

1-топ: Қар атаулары

Мысалдар: ақша қар, ала қанат қар, жапалақ қар, көбік қар, т.б.

2-топ: Жол атаулары

Мысалдар: қара жол, соқпақ жол, су жолы, асу жол, т.б.

Қорытынды

Өсірген мәуелетіп санам гүлін,

Сүйемін анам тілін, бабам тілін.

Өмірден өзге бақыт тілемеймін,

Өзімдей құрметтесе балам тілін.

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Енді сайыс жеңімпазын анықтау үшін сараптау кезегін әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздар анықталып, жүлделер табысталады.

Мекенжай

Семей қаласы, Шақаман ауылы, Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі

Дайындаған

Маширбаева Лазатия Саматовна