Қыпшақтардың батыс бірлестігі
Сабақ тақырыбы: Қыпшақ мемлекеті
Бұл сабақта оқушылар Қыпшақ хандығы туралы бұрын алған білімдерін еске түсіріп, жаңа деректер арқылы білімін тереңдетеді. Жұмыс барысында тарихи фактілерге сүйене отырып ой қорыту, топпен зерттеу және өз көзқарасын дәлелді жеткізу дағдылары дамытылады.
Мақсаты (білімділік)
Қыпшақ хандығы туралы алған білімдерін еске түсіріп, жаңа мәліметтермен толықтыра отырып зерттеу жүргізу.
Мақсаты (дамытушылық)
Тарихи фактілерге сүйене отырып, оқушының көзқарасын қалыптастыру, дәлелдеу және талдау дағдыларын жетілдіру.
Мақсаты (тәрбиелік)
Өлке тарихын зерттеу арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өз елінің тарихын құрметтей білуге үйрету.
Оқыту нәтижелері
- Әр оқушы өз ойын еркін жеткізе алады.
- Топпен жұмыс істеп, бірлескен шешім қабылдайды.
- Топ ішінде көшбасшы оқушы анықталады.
Түйінді идея
«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады».
Н. Ә. Назарбаев
Сабақ барысы
Кіріспе
- Амандасу тренингі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Тұсаукесер
Электрондық оқулық арқылы қыпшақтар туралы материал тыңдалады.
Негізгі бөлім (зерттеу әдісі)
Оқушылар үш топқа бөлініп, зерттеу тапсырмаларын орындайды. Әр топ өз тақырыбын талдап, нәтижесін сынып алдында қорғайды.
I топ
Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы туралы зерттеу жүргізу.
II топ
Қыпшақтардың қоғамдық құрылысына талдау жасап, тарихына шолу жасау.
III топ
Қыпшақтар тарихын өлке тарихымен байланыстыру, жергілікті деректер мен мысалдарды келтіру.
Қорытынды: тарихи диктант
Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Тарихи диктант» әдісі қолданылады. Оқушылар сөйлемдерді тиісті мәліметтермен толықтырады.
- Қыпшақтардың ... VII–VIII ғасырларда қалыптаса бастады.
- Қыпшақтардың батыс бірлестігі ... тайпадан тұрды.
- Хандық биліктің орталығы ... деп аталды.
- Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы ... қаласында орналасты.
- Орыс деректерінде қыпшақтарды ... деп, ал венгрлер ... деп атаған.
- Қыпшақтар негізінен ... шаруашылығымен айналысты.
Шығармашылық жұмыс (кері байланыс)
Әр топ тақырыпты шығармашылық форматта қорытындылап, кері байланыс жасайды.
I топ
«5 жолды өлең» құрастыру.
II топ
РАФТ әдісі бойынша мәтін жазу.
III топ
Интервью алу (сұрақ-жауап форматы).
Бағалау
Топтар бірін-бірі «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды: екі күшті тұсын атап, бір ұсыныс береді.
Әдіс құрылымы
- 2 жұлдыз: жұмыстың екі ұтымды қырын көрсету.
- 1 тілек: жақсартуға бағытталған бір ұсыныс айту.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы КММ
Пән мұғалімі
Тарих пәні мұғалімі: Г. Д. Абдрахманова