Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақ оқушылардың тіл біліміне қызығушылығын арттыруға, өткен тақырыптарды қайталау арқылы ой-өрісін кеңейтуге және тапсырмаларды шапшаң орындау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар эстетикалық тәрбие беріп, ана тілін қадірлеуге тәрбиелейді.

Білімділік

Оқушыларды сабаққа белсенді қатыстырып, тіл біліміне қатысты танымдық қабілетін арттыру.

Дамытушылық

Өткен тақырыптарды қайталау арқылы ой-өрісті кеңейту, тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындату.

Тәрбиелік

Эстетикалық тәрбие беру, өз тілін сүйіп-қадірлеуге баулу.

Сабақ түрі: қайталау сабағы Әдісі: сұрақ-жауап, топ жарысы Көрнекілігі: сызбалар, тақта, бор

Сабақтың құрылымы

  1. 1Ұйымдастыру бөлімі
  2. 2Сұрақ-жауап (ауызша)
  3. 3Сызба: Морфология
  4. 4Сызба: Синтаксис
  5. 5Тест
  6. 6Мақал құрастыру (аударма жұмысы)
  7. 7Сұрақ-жауап (капитандар сайысы)
  8. 8«Домино» ойыны: ақындардың өлең жолдарын құрастыру
  9. 9Талдау түрлері: синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық
  10. 10Бекіту, бағалау
  11. 11Үй тапсырмасы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сыныппен жұмысқа кіріспе сұрақтар

  • — Сәлеметсіздер ме, балалар!
  • — Отырыңдар!
  • — Бүгін ақпан айының нешесі?
  • — Бүгін аптаның қай күні?
  • — Бүгін аптаның жұма күні.
  • — Сыныпта кезекші кім?
  • — Сыныпта кім жоқ?

II. Сұрақ-жауап (ауызша)

I топ

  1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала: фонетика.
  2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы: лексика.
  3. Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
  4. Сөйлемнің құрамына қарай түрлері: 2.
  5. Етістікті тіркеске мысал: «үйден шықты».
  6. Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің саны: 5.
  7. Байланысу тәсілдері: 4.

II топ

  1. Сөз таптарын зерттейтін сала: морфология.
  2. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді зерттейтін сала: синтаксис.
  3. Есімді тіркеске мысал: «әдемі көйлек».
  4. Жай сөйлемнің түрлері: 7.
  5. Байланысу түрлері: 5.
  6. Жеті жоқ: аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
  7. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: 4.

III. Сызба: Морфология

Берілген сызбаға сүйене отырып, сөздер жазу тапсырмасы орындалады.

I топ (мысал)

«бармайтыны»

II топ (мысал)

«тарақтары»

IV. Сызба: Синтаксис

Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру тапсырмасы.

I топ (мысал)

«Әжемнің орамалы бөлмеде тұр.»

II топ (мысал)

«Бауыржан анасын көшеден көрді.»

V. Тест

Сұрақ Нұсқалар
1 Меңгеруді табыңыз. А) мектепте жүр   Ә) аман келді   Б) ашық аспан
2 Матасуға қатысты септік қайсы? А) жатыс   Ә) ілік   Б) ілік
3 Қабысуды табыңыз. А) жаңа кітап   Ә) анамның қолы   Б) Анар отыр
4 Жанаса байланысқан тіркесті табыңыз. А) сені көру   Ә) бүгін шығады   Б) қағазбен сүртті
5 Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. А) қабысу   Ә) меңгеру   Б) қиысу

Ескерту: жауаптарды мұғалім тексеріп, балл қояды.

VI. Мақал құрастыру (аударма жұмысы)

I топ

Қалпына келтірілген нұсқа

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Тірек сөздер

тас, бас

Тапсырма

Орысша және ағылшынша аудармасын дайындау.

II топ

Қалпына келтірілген нұсқа

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Тірек сөздер

еңбек, ерінбей

Тапсырма

Орысша және ағылшынша аудармасын дайындау.

Қосымша талап

Әр топ өзіне берілген мақалды синтаксистік талдаудан өткізеді.

VII. Сұрақ-жауап (капитандар сайысы)

Мұғалім сұрақты оқиды, оқушы бірден жауап жазады.

  • 1. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер: табу.
  • 2. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебеге ие болды? 1989.
  • 3. –а, –е, –й, –ып, –іп, –п, –ғалы, –гелі, –қалы, –келі — ненің жұрнағы? көсемше.
  • 4. Етістің неше түрі бар? 4.
  • 5. Тұйық буынға мысал: ән.
  • 6. Атау мен іліктен басқа септіктердің сұрақтарына жауап беретін байланысу түрі: матасу.
  • 7. Тыныс белгілерін зерттейтін сала: пунктуация.
  • 8. –ау, –еу қай сан есімнің жұрнақтары? жинақтық сан есім.
  • 9. Еліктеу сөздің мағыналық түрлері: 2.
  • 10. «мын, мін, бын, бін, пын, пін» — қай жалғау, қай жақ? жіктік жалғау, І жақ.
  • 11. «Кетеді» сөзіндегі «-ді» — жалғау ма, жұрнақ па? жалғау.
  • 12. Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? — қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? толықтауыш.
  • 13. Көмекші етістіктер: е, де, ет, жазда.
  • 14. Күрделі сөздің түрлері: 4.
  • 15. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар саны: 11.
  • 16. Тұйық етістіктің жұрнағы: .
  • 17. Тура толықтауыш қай септікті талап етеді? табыс септік.
  • 18. Үндестік заңына бағынбайтын септік: көмектес.
  • 19. Пысықтауыштың шартты белгісі: -.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.
  • 20. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің саны: 3.

VIII. «Домино» ойыны: өлең жолдарын құрастыру

I топ — Абай Құнанбаев

«Қараңғы түнде тау қалғып»

Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел-сал ғып, Түн басады салбырап. Шаң шығармас жол-дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы, Сабыр қылсаң азырақ.

II топ — Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Шәкірт ойы»

Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам? Мұздаған елдің жүрегін Жылытуға мен кірермін!

IX. Талдау түрлері

Бұл бөлімде үш бағыт бойынша жұмыс жасалады: фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік талдау.

Фонетикалық талдау (мысал сөздер)

жусан (жұусан) орақ (уорақ) түбіт (түбүт) қоян (қойан) үлгеру (үлгөрүу) тасшы (ташшы) тою (тойұу) сусын (сұусұн) жануар (жанұуар) жарқанат (жарғанат) домбыра (домбұра) үдеу (үдөу) ізсіз (іссіз)

Морфологиялық талдау (берілген сөздер)

1) суреткер, келемін, екі
2) өзі, ертең, әке-шешеден
3) құрған, дүңк, және
4) сұлу, сөзін, көшеді
5) шөре-шөре, тәтті, жұмды
6) әдейі, жүрсе, жүздеген
7) жалт, бойшаң, көрсетпесе
8) келді, бесінші, Абай
9) өкпеле, адалдық, сені
10) ілгері, үшеу, тарихи
11) рақаттан, өкініш, қазысты
12) дейін, күректері, әдепті
13) кеше, төрттерде, қараша

Синтаксистік талдау (сөйлемдер)

  1. 1) Ағашты былай жарар болар.
  2. 2) Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті.
  3. 3) Олар шалғай ауылдарды аралады.
  4. 4) Екі қарт кісімен амандастым.
  5. 5) Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады.
  6. 6) Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
  7. 7) Қорқақ көлеңкесінен қорқады.
  8. 8) Бұл сөз оған қатты әсер етті.
  9. 9) Оны ешкімге көрсетпе.
  10. 10) Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады!
  11. 11) Жылқыны тез қайырыңдар!
  12. 12) Кеше күн суық болды.
  13. 13) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.

X. Бекіту және бағалау

Бүгін біз қандай тапсырмаларды орындадық? Енді тақтадағы нәтижеге қарай отырып, әр топтың жинаған балын анықтаймыз. Ең көп ұпай жинаған топ I орын алады.

XI. Үй тапсырмасы

Тапсырма

Екі жай сөйлемге талдаудың үш түрін (синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық) жасап келу.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!