Балқаш тобына

Шығармашылық жұмыс тақырыбы

География сабағында жаңа технология элементтерін пайдаланудың тиімділігі (презентациясымен)

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады».

Н. Ә. Назарбаев

Мақсаты

  • Оқушыларды адамзат дамуының білім мен ғылымға, технологиялық прогреске негізделген бағыттарына бағдарлау және соған бейімдеу.
  • Дәріс берудің дәстүрлі түрін жаңартып, оқыту үдерісіне өзгеріс енгізу.
  • Оқушының жеке қабілетін анықтау және әр оқушыны өз деңгейі бойынша бағалау.
  • Сабаққа деген қызығушылықты ояту.

Міндеттері

  • Табиғи қабілеті мен ерекшелігіне сай жоғары деңгейге көтерілуіне және дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасау.
  • Білімге құлшынысын арттыру.
  • Ойлау қабілетінің ұштала түсуіне ықпал ету және пәнге қызығушылығын нығайту.
  • Өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға және өз пікірін қорғай алуға үйрету.
  • Ынтасын, белсенділігін арттыру және әділ бағалау.

Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері

Таланттылар

Өз қабілеті мен икемділігін одан әрі бекітеді.

Әлсіз оқушылар

Оқуға ынталанып, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

Күшті топтар

Оқуға деген ынтасы артады.

Деңгейі шамалас топтар

Оқу үдерісі жеңілдеп, нәтижелілігі күшейеді.

Тапсырмалардың деңгейлері

I деңгей

Міндетті базалық меңгеру

Бұл деңгейде оқушылар міндетті түрде игеруге, білуге және үйренуге тиісті жаттығулар мен тапсырмалар беріледі.

  • Жаттап алуға және негізгі ұғымдарды бекітуге лайық болуы керек.
  • Алдыңғы сабақта меңгерілген білімді өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік беруі тиіс.
  • Жаңа тақырып үшін типтік, әрі өмірмен байланысты болуы керек.
  • Құрастыру кезінде танымдылығы мен қызықтылығы ескеріледі.

II деңгей

Алгоритмдік

Күрделірек мазмұндағы, комбинацияланған жаттығулар. Берілген тақырыпқа сәйкес білімдік дағдыны жетілдіреді.

  1. Материалды реттеу және жүйелеу. Өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар: бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алған білімді түрлендіріп қолдану қажет.
  2. Ойлау қабілетін дамыту. Ұлттық ерекшеліктер ескерілген, танымдық үйлесімділігі бар тапсырмалар: логикалық есептер, сөзжұмбақтар, ребустар.

III деңгей

Эвристикалық

Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына бағытталады. Терең ойлауға жетелейтін сұрақтар мен тапсырмалар енгізіледі.

IV деңгей

Шығармашылық

Олимпиадалық есептер, берілген тақырып бойынша өз бетімен реферат немесе баяндама дайындау, сондай-ақ белгілі бір заңдылықты оқулыққа сүйенбей, мұғалімнің көмегінсіз дәлелдеу осы деңгейге жатады.

Практикалық тапсырмалар

I деңгей тапсырмалары

Топтық жұмыс

Жайық тобы

  1. Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді?
  2. Қоректенуіне қарай қалай бөлінеді?
  3. Қазақстанда қанша өзен бар?
  4. Ұзындығы 1000 км-ден асатын қанша өзен бар?
  5. Өзен жүйелері қалай орналасқан?

Балқаш тобы

  1. Қазақстандағы көлдердің саны қанша?
  2. Көлдердің таралу ерекшеліктері қандай?
  3. Қазаншұңқырдың пайда болуына байланысты көлдер қалай бөлінеді?
  4. Бөгендер саны қанша? Ең ірісі қайсы?
  5. Балқаш көлі нешеге бөлінеді?

II деңгей тапсырмасы

Перфокарта толтыру.

III деңгей тапсырмасы

  1. 1-топ: Сумен байланысты қауіпті құбылыстар.
  2. 2-топ: Су ресурстарын қорғау.

IV деңгей тапсырмасы

Мәнжазбаны (эссені) қорғау.