Сабақ тақырыбы. Сабақтың түрі
Сабақ туралы
Сабақ тақырыбы
Ай — Жердің серігі
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Құрал-жабдықтар
- Карта
- Глобус
- Қосымша материалдар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Ай туралы негізгі түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, қиялын ұштау, дүниетанымдық көзқарасын кеңейту.
Тәрбиелік
Отанды сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Өз-өзіңді тексер
- Ой толғаныс
- Картамен жұмыс
- Кестені толтыру
- Әріптердің сырын ашу
- Сәйкесін табу
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру, құрал-жабдықтарды тексеру.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау сұрақтары
- Глобус дегеніміз не?
- Жердің пішіні қандай?
- Жер шамамен қашан пайда болған?
- Жер бетінің қанша пайызын су, қанша пайызын құрлық алып жатыр?
- Экватор дегеніміз не?
- Экватордың ұзындығы қанша?
- Ерте кезде Жердің пішіні туралы қандай көзқарастар болған?
«Сандар сөйлейді» ойыны
Төмендегі сандардың нені білдіретінін түсіндіріп көріңдер.
Көрсеткіш
6000°
Көрсеткіш
510 млн км²
Көрсеткіш
71%
Көрсеткіш
5000 млрд
Көрсеткіш
29%
Көрсеткіш
150 млн
Көрсеткіш
9–8 мин
Көрсеткіш
19 сек
Тапсырма
Сөздерді дұрыс жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
3) Жаңа сабақ: Ай — Жердің табиғи серігі
Ай қозғалысы және тартылыс күші
Ай Жердің тартылыс күшіне байланысты оны айнала қозғалады. Айдың тартылыс күші Жерге әсер етеді: соның нәтижесінде теңіз деңгейі белгілі уақыт аралығында көтеріліп, төмендеп отырады.
Негізгі деректер
- Жер мен Ай арақашықтығы
- 384 000 км
- Айдың көлемі
- Жерден шамамен 50 есе кіші
- Айдың айналу уақыты
- 28 күн ішінде бір айналым
- Салмақ айырмасы
- Айда 6 есе жеңіл сезіледі
Ай неге жарқырап көрінеді?
Айдың өз сәулесі жоқ. Ол Күн сәулесін шағылыстыратындықтан ғана жарқырап тұрғандай көрінеді. Сондықтан Айдың көрінуі Күн сәулесінің түсуіне байланысты өзгеріп отырады.
Атмосфера және су
Айда ауа қабаты да, су да жоқ.
Температура айырмасы
Ауа қабаты болмағандықтан, Айда температура күрт өзгереді: күндіз шамамен +130°C, түнде −170°C.
Тіршілік жағдайы
Айда тіршілік жоқ. Онда тек арнайы қорғаныш киіммен (скафандрмен) ғана жүріп-тұруға болады.
Айға алғашқы сапар
Айға алғаш рет АҚШ-тың «Аполлон» ғарыш кемесі ұшты. Айға барған ғарышкерлер астронавттар деп аталады.
Қорытынды
Ай — Жердің табиғи серігі. Ол Жерді айналып қозғалады, өз сәулесін шығармайды, бірақ Күн сәулесін шағылыстыру арқылы жарқырап көрінеді. Айдың тартылыс күші Жердегі табиғи құбылыстарға, әсіресе теңіз деңгейінің өзгеруіне әсер етеді.