Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы
Қазақстан тарихы · 9-сынып
Тарих пәні мұғалімі: Жанаева Айжан Қуанышбаевна
Сабақтың тақырыбы
Мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер
Сабақтың түрі
Аралас
Әдісі
Электронды оқу жүйесі
Көрнекілігі
Суреттер, кесте, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, өнер, дүние тарихы
Сабақтың мақсаты
Соғыстан кейінгі Қазақстанда білім мен ғылымның дамуын, сондай-ақ әдебиет пен өнер салаларындағы жетістіктерді түсіндіру және ұғындыру.
Білімділік
Қазақстандағы мәдени үдерістерді талдай отырып, ғылым мен білімнің жетістіктерімен қатар, орын алған қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстар туралы білім мен біліктілікті қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз Отанымыздың тарихын білуге, мәдени құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу; ұлтжандылық қасиетті нығайту.
Дамытушылық
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын зерделеу, қоғамдық ғылымдардағы даму үрдістерін түсіну, жаңа ақын-жазушылар мен ғалымдар туралы қосымша мәлімет жинақтау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқу құралдарын тексеру, оқушыларды түгелдеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- «Ойлан да, тап?» ойыны арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
- Кесте арқылы өткен сабаққа шолу жасау.
- Жаңа сабаққа кіріспе ретінде кестені пайдалану.
- «Келісемін / келіспеймін» әдісімен бекіту сұрақтары.
III. Жаңа сабақ жоспары
- 1Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
- 2Ғылымның дамуы.
- 3Көркем әдебиеттің дамуы.
- 4Өнер саласындағы жетістіктер.
Негізгі мазмұн
Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы
1946 жылы маусымда Қазақстанда Ғылым академиясы құрылды. Жаңа ғылыми орталықты қалыптастыруға С. И. Вавилов, И. П. Бардин, А. М. Панкратова және басқа да ғалымдар қолдау көрсетті.
Академияның тұңғыш президенті болып Қ. И. Сәтбаев тағайындалды.
Ескерту
Материалда Қ. И. Сәтбаевтың суретін көрсету ұсынылады.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі білім мен ғылым
- 1950 жылы ҚазМУ-де философия факультеті ашылды.
- 1958 жылы Қазақ КСР ҒА-ның философия және құқық институты құрылды.
- 1961 жылы тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды.
- Партия тарихы жоғары оқу орындарында негізгі пәндердің біріне айналды.
Көркем әдебиеттің дамуы
Бұл кезеңде қазақ әдебиетінің дамуына бірқатар көрнекті қаламгерлер үлес қосты. Сабақта олардың суреттері мен негізгі шығармаларының атауларын көрсету ұсынылады.
Өнер саласындағы жетістіктер
Соғыстан кейінгі жылдары мәдени өмірдің бірнеше бағыты қарқынды дамыды: театр, музыка мәдениеті, опера және балет, сондай-ақ көркемсурет.
Театр
- М. Әуезов — «Абай» драмасы.
- Ә. Әбішев — «Достық және махаббат» пьесасы.
- Ш. Қ. Құсайынов — «Кеше мен бүгін» пьесасы.
- Ә. Тәжібаев — «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасы.
Музыка ұйымдары
- Қазақ мемлекеттік хор капелласы.
- Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі.
- Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі.
- Қазақ мемлекеттік филармониясы.
Көркемсурет
- Қ. Телжанов — «Жамал», «Атамекен».
- С. Мәмбетов — «Шопан үні», «Сұхбат».
- Ә. Қастеев — «Амангелді», «Жаз».
Сабақты бекіту (сұрақтар)
- 1 Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? (1946)
- 2 Қазақ ҒА-ның тұңғыш президенті кім болды? (Қ. И. Сәтбаев)
- 3 «Абай жолы» романының авторы кім? (М. Әуезов)
- 4 Ғ. Мүсіреповтың романын ата. («Оянған өлке»)
- 5 1961 жылы қандай институттар ашылды? (Тіл білімі, әдебиет және өнер)
- 6 Ә. Қастеевтің қандай шығармаларын білесің? («Амангелді», «Жаз»)
Бағалау
Оқушылардың жұмысын топ бойынша бағалау.
Үй тапсырмасы
- Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- Қазақ көркем әдебиеті мен өнерін дамытушылар туралы қосымша ақпарат жинастыру.