Бірінші буынында неше дыбыс

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың тақырыбы

«Бөрік» (М. Дулатов). 60–62-жаттығулар.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыру және «бөрік» ұғымын түсіндіру.

Оқыту технологиясы

Ақпараттық технологиялар (интерактивті тақта, компьютер, слайдтар).

Сабақтың сипаты

  • Типі: жаңа білімді меңгерту
  • Түрі: аралас сабақ
  • Әдісі: бағалау сұрақтары

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өзін-өзі тану.

Сабақтың міндеттері

1) Мазмұнға қатысты

  • Мәтінді оқып таныстыру, мазмұнын ашу.
  • Тіркестерді меңгерту арқылы тіл дамыту.
  • Ойлау және сөйлеу әрекеттерін жетілдіру.

2) Сын тұрғысынан ойлау

  • Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
  • Тиянақты жауап беруге дағдыландыру.
  • Ой-өрісті кеңейтіп, сөздік қорды молайту.

3) Топтық жұмыс және тәрбие

  • Өзара татулық пен ұжымшылдыққа үйрету.
  • Басқаның пікірін сыйлауға баулу.
  • Сөзін бөлмей тыңдау мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.
  • Сөздік қоры молаяды.
  • Жаттығулар арқылы сөздерді буынға дұрыс бөлуге машықтанады.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу.

ә) Психологиялық дайындық (тренинг)

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

б) Оқушыларды түгендеу.

Ойын элементі: «Білім еліне саяхат»

Балалар, Білім еліне саяхатқа шыққыларың келе ме? Саяхатқа шығу үшін «билет» алу қажет. Ол үшін өз білімімізді көрсетеміз.

2) Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  4. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  5. Сөздің жуан айтылуы неге байланысты?
  6. Сөздің жіңішке айтылуы неге байланысты?
  7. Сөзде қанша буын болатыны неге байланысты?
  8. Сыпайы сөздерді ата.
  9. «Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқы.

Оқушылардың жауабы тыңдалып, білімдерін бағалау арқылы «саяхаттың» басталатыны айтылады. Жолда түрлі кедергілер болатыны, оларды біліммен жеңу керектігі ескертіледі.

3) Жаңа сабақ: интерактивті тақтамен жұмыс (60-жаттығу)

Тапсырма: Сөздерді буынға бөліп оқып, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.

Сөздер:

ара, қала, аю, бала, оқы, ою, екі, шеге, ұя, жина, ию

Бағдарлаушы сұрақтар

  • Бірінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді? Әр буында неше дыбыс бар?
  • Жалғыз дауысты дыбыс буын құрайды. Ал жалғыз дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма?
  • Екінші және үшінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді? Әр буындағы дыбыстар саны қандай?
  • Екі буындағы дыбыстар қандай дыбыстар тобына жатады?

«Теңіз қарақшыларының» бірінші тапсырмасы сәтті орындалғаннан кейін, келесі тапсырмаға өтеміз.

4) Жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу

Қыста,
Шығарда тысқа,
Құлағы салпақ,
Құйрығы жалпақ,
Төбесі жайпақ,
Түкті маңдайы тайпақ,
Іші мамық байпақ.
Қара орманды қаптадым,
Сөйтіп жан сақтадым.

Жауабы: Бөрік

Сұрақтар

  • «Бөрік» дегеніміз не?
  • Ол туралы не білесіңдер?

Бөрік — қазақтың ұлттық бас киімі. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Оны ерлер де, қыздар да киеді.

5) Оқулықпен жұмыс: мәтін авторы және мәтін мазмұны

«Бөрік» мәтінінің авторы — Міржақып Дулатов. Ол — талантты қаламгер, қоғам қайраткері, ағартушы.

«Бөрік» (М. Дулатов) — мәтін

Кішкентай Нұрмаш бір күні басына әкесінің бөркін киіп, «Енді мен үлкен кісі болдым» деп ойлады. Әйтсе де бөрік олай ойламады: Нұрмаштың көңіліне қарамастан, дәл мұрнына түсті. Нұрмаш мұны да елең қылмай, қолына бір таяқ алып, аяқтарын маң-маң басып жүрді. Мұны мал қайырып жүрген Бекбай атай көріп қалып, айғай салды: «Әй, бөрік! Сен неғып жүрсің? Біздің Нұрмашты қайда алып барасың?»

АС картасы (түсіндіру құралы)

Нұрмаш
Өзін «үлкен кісі» сезініп, әкесінің бөрігін киеді.
Бөрік
Нұрмаштың ойына «келіспей», мұрнына түсіп кетеді.
Бекбай атай
Көріп қалып, әзіл аралас айғайлап, сұрақ қояды.

1–2 оқушыдан АС картасына сүйене отырып мазмұнын қысқаша түсіндірту ұсынылады.

Негізгі ойды айқындау

Мәтін арқылы оқушы ұлттық құндылық туралы түсінік алады және қызықты оқиға арқылы ой қорытуға үйренеді.

6) Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алтын жүзік менде жоқ,
Асыл киім менде жоқ.
Күміс белбеу менде жоқ,
Құндыз бөрік менде жоқ.
Екі қолым — сенерім,
Аянбай еңбек етермін.

7) Дәптермен жұмыс: 62-жаттығу

Тапсырма: Сөздерді буынға бөліп оқып, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.

Сөздер:

алма, орман, қоян, астық, ұста, киік, әскер, әнші, пияз, ешкі

Талдау сұрақтары

  • Бірінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді? Әр буында неше дыбыс бар?
  • Екінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді? Әр буында неше дыбыс бар?
  • Үшінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді? Әр буында неше дыбыс бар?

Есіңе сақта: Бөрік — қазақтың ұлттық бас киімі.

8) Жаңа сабақты бекіту

Саяхат аяқталмас бұрын келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Сөзде қанша буын болатыны неге байланысты?
  2. Жалғыз дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма?
  3. Бөрік дегеніміз не?
  4. «Бөрік» мәтініндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?

9) Бағалау

Өте жақсы қатысқан оқушыларға

«Құндыз бөрік»

Жақсы қатысқан оқушыларға

«Құлақшын»

Қатысуы төмен оқушыларға

«Тақия»

Бағалау ойын элементімен байланыстырылып, оқушының белсенділігін арттыруға бағытталады.

Үй тапсырмасы

«Бөрік» мәтінін оқу.