Балалар әке деген кім

Сабақтың мақсаты

Танымдық

Оқушылардың отбасы туралы түсінігін кеңейту, ойларын жүйелі әрі дәл жеткізуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Сөздік қорын молайту, логикалық ойлауын дамыту, мәтінмен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Адамгершілікке баулу, отбасындағы қарым-қатынасты бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Мақсатымыз — білім алу.

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«5»-ке қолды жеткізу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы сұралады және негізгі ойлар қайталанып, бекітіледі.

3) Жаңа сабақ: «Әке тәлімі»

Жаңа тақырыпқа шығу: сөзжұмбақ

Оқушылар мақал-мәтелдердің жетіспейтін сөздерін тауып, сөзжұмбақты шешеді. Нәтижесінде шыққан шешім — «әке тәлімі».

  • ... бала, арлы бала; әдепсіз бала — сорлы бала.
  • Өнерлі бала — ...
  • Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон ...
  • Жігітке ... өнер де аз.
  • Ұстаздан ... озар.
  • Сабыр түбі — сары ...
  • Өнер алды — қызыл ...
  • Білекті бірді жығады, білімді ... жығады.
  • Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің ... алтын.

Тірек ұғымдар

Әке

Әке — отбасының тірегі, үйдің иесі, қамқоршы, жауапкершілікті өзіне алатын отағасы. Ол балаға бағыт береді, еңбекке баулиды, тәрбиелейді.

Тәлім

Тәлім — тәрбие беру, үлгі көрсету, өмірлік құндылықтарды үйрету.

Отбасы

Отбасы — сыйластық, жауапкершілік және мейірім тоғысқан ең жақын орта; баланың тұлға болып қалыптасатын алғашқы мектебі.

Топтық жұмыс: ойды жүйелеу

1-топ

«Отбасы» ұғымын қалай түсінесің? (Топтастыру стратегиясы)

2-топ

«Отбасындағы бала тәрбиесі» дегенді қалай түсінесің?

3-топ

Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.

4) Мағынаны тану: мәтінмен жұмыс

Бүгін Жәнібек Кәрменовтың «Әке тәлімі» мәтінімен танысамыз. Автор туралы қысқаша мәлімет беріледі, содан кейін мәтін «Болжау» стратегиясы бойынша талданады.

Болжау сұрақтары

  • Әңгіме не туралы болуы мүмкін?
  • Сеніңше, бұлай ойлауға не себеп?

Мәтінді бөліп оқу

  • 1-топ: 1–3 азат жол
  • 2-топ: 4–8 азат жол
  • 3-топ: 9–13 азат жол

5) Сергіту сәті және талдау сұрақтары

Мәтін мазмұнын терең түсіну үшін төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіледі:

  • Автор кім? Ол туралы не білесің?
  • Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетелеген кімдер? Қалайша?
  • Мәтіннен Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқы, ойыңда сақта.
  • 1-бөліктен қандай сабақ алдың? Қорытынды ойыңды айт.

Пікірталас

«Әннің жақсысы да, жаманы да — тыңдаушыдан» деген пікірмен келісесің бе? Мәтінге сүйеніп, өз көзқарасыңды дәлелде.

Салыстыру

Мәтінді бұрын оқылған О. Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» мәтінімен салыстыр.

Тыңдалым

Бір әнді бар ықыласыңмен тыңда. Ән сөзін және әуенін жазған авторларын анықта.

Елестету

Тыңдаған ән көз алдыңа қандай сурет әкелді? Ойыңды қысқаша сипатта.

6) «Тапқыр болсаң, тауып көр»

1-топ

Әкеасқар тау

Анабауырындағы бұлақ

Балажағасындағы құрақ

2-топ

Әдепті балаата-анасын мақтатар

Әдепсіз балаата-анасын қақсатар

3-топ

Атаңа не қылсаңалдыңа сол келер

7) Ой толғаныс: шығармашылық жұмыс

1-топ

«Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.

2-топ

«Мен әкемді мақтан тұтамын, өйткені…» тақырыбына шағын эссе жазу.

3-топ

«Әкенің отбасындағы рөлі» тақырыбын ашу: асырайды, қамқор болады, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді.

8) Үй тапсырмасы, бағалау, қорытынды

Үй тапсырмасы

Мәтінді оқу және негізгі ойды қысқаша баяндау.

Бағалау

Жауаптың дәлдігі, дәлел келтіруі, топтағы белсенділігі, шығармашылық жұмыстың сапасы бойынша бағаланады.

Қорытынды

Әке тәлімі — баланың мінезі мен талғамын қалыптастыратын өмірлік бағдар. Отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік — тәрбиенің өзегі.