Туынды сөз

Сабақтың тақырыбы

Түбір мен қосымшаның жазылуы. (64–69-жаттығулар)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Түбір мен қосымша туралы алған білімді жинақтау және пысықтау.

Дамытушылық

Ойды жүйелі байланыстырып айту дағдысын жетілдіру; ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту. Ойын элементтері арқылы қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Ұлтжандылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ–жауап
  • Ойын
  • Ой қозғау

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Сәйкестендіру тесті

Сабақтың түрі

Ойын сабағы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Кіріспе сөз

Балалар, ұлт жанашырлары:

Ана тілің — арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Осы ойды басшылыққа алып, ана тілімізді терең меңгеріп, білімімізді ұштай түсетін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру және өткенді пысықтау

A) Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы тексеріледі.

Ә) Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. 1.Зат атауы.
  2. 2.Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі.
  3. 3.Сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
  4. 4.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз.
  5. 5.Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.
  6. 6.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан өзгеше өтеді: әртүрлі ойындар ойнаймыз. Сондықтан тапсырмаларды мүмкіндігінше жылдам әрі мұқият орындауға тырысыңдар.

Дәптермен жұмыс

  • Күннің ретін және тақырыпты жазу.
  • Көркем жазу минуты.

Тапсырма

Кестеден қыс мезгіліне қатысты үш сөзді тауып, көркем етіп дәптерлеріңе жазыңдар.

Сөз

Қыс

Сөз

Қар

Сөз

Шана

64-жаттығу

Ойын түрінде ауызша орындалады. Түбір мен қосымшаны ажыратып оқыңдар:

тап — тауып сеп — сеуіп шап — шауып қап — қауып жап — жауып кеп — кеуіп

65-жаттығу

Шығармашылық тапсырма: берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар және түбірін табыңдар.

Сөздер

сеуіп кеуіп тауып

Түбірлері

сеп кеп тап

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

66-жаттығу

Мәтінмен жұмыс: мәтінге ат қойыңдар, көшіріп жазыңдар. Қарамен берілген сөздердің түбірін табыңдар, сөйлемдерді сөз құрамына талдаңдар.

Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.

Ой толғау: «Кім зерек?»

Мәтінді сен қалай аяқтар едің?

67-жаттығу

Мәтінмен жұмыс: сөз құрамына талдау жаса.

Қарағайдың дәрілік қасиеттері бар. Қарағай ормандары хош иісті келеді. Қарағайлы алқапқа…

Сөздік жұмысы

Хош иіс — жұпар иіс.

68-жаттығу

«Жұбын тап» ойыны: өзіндік жұмыс. Сөздерді салыстыр.

Жұп

Ерік — еркі

Жұп

Ауыл — аулы

Жұп

Орын — орны

Жұп

Бөрік — бөркі

Жұп

Халық — халқы

Жұп

Көрік — көркі

Қорытынды

Сұрақ–жауап

Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Сәйкестендіру тесті

Түсінік Нұсқалар
1. Түбір сөз оқу, оқушы, оқулық
2. Туынды сөз қалалар
3. Түбірлес сөздер жауып
4. Жуан айтылатын сөздер мерекеңізбен
5. Жіңішке айтылатын сөздер бала
6. Жазылуы өзгерген түбір сөздер жазушы

Ескерту: Тест сәйкестендіру түрінде орындалады; оқушы әр ұғымды тиісті мысалмен жұптастырады.

Үй тапсырмасы

69-жаттығу

«Ата», «әже», «немере», «ауыл» сөздерін қатыстырып әңгіме құрап жаз. Әңгімеге ат қой.