Майлы бояумен құмыраны бояу
Технологиялық карта
«Дендерім – байтақ мекенім»
Білім беру саласы: Қатынас · Бөлім: Тіл дамыту
Мақсаты
- Туған өлке туралы білімді бекіту; табиғаты, жетістіктері мен қазба байлықтары туралы жүйелі әңгімелеуге үйрету.
- Отанға, туған жерге сүйіспеншілік сезімін дамыту.
- Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат үшін баға жетпес қазына екенін, адам өмірі мен денсаулықтың қорғаны екенін ұғындыру.
- Сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту.
- Жергілікті қазынаны таныта отырып, гипстен жасалған құмыра бейнесін майлы бояумен әшекейлеу.
Пәнаралық байланыс
Тіл дамыту, саз, бейнелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу, өлең оқу
- Қазба байлықтарды көрсету
- Майлы бояумен бейнелеу
- Тәжірибе жасау
Сөздік жұмыс
Көрнекіліктер
- Жергілікті ақындардың өлеңдері жазылған үнтаспа
- Өлкенің көрнекті ғимараттары бейнеленген суреттер
- Қазба байлық үлгілері
- Гипстен жасалған құмыра бейнесі
- Майлы бояулар, қылқалам, сүрткіш, су
1-кезең. Уәждік түрткі болу
Дидактикалық ойын: «Егер де… не болар еді?»
Сұрақтар: күн болмаса, су болмаса, ауа болмаса…
Балалардың ықтимал жауаптары:
- Үнемі қараңғы болады, қорқынышты сезіледі.
- Шөптер мен ағаштар қурайды.
- Қатты шөлдейміз.
- Тыныс ала алмаймыз.
Проблемалық жағдай
-
Сендер қай елде тұрасыңдар?
Жауап: Қазақстанда.
-
Қазақстан, Отан туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың…Балалар өлең жолдарын жатқа айтады.
-
Біз қай облыста тұрамыз?
Жауап: Атырау облысында.
-
Қай ауданда тұрамыз?
Жауап: Дендер ауданында.
2-кезең. Проблемалық-ізденістік
Слайдпен жұмыс: аудан нысандары
- Махамбет Өтемісұлы ескерткіші — тарихи тұлғаға тағзым ететін орын.
- Мәңгілік алау — Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш.
- Мәдениет үйі — көпшілік демалатын, мәдени шаралар өтетін орын.
- Кітапхана — кітап алып оқитын, білімін толықтыратын орын.
- Мұражай — халқымыздың ерлігін, табиғатын, қазба байлықтарын, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін орын.
- Байланыс орны — жан-жақтағы қалалармен байланыс жасайтын орын.
Балалар слайд бойынша қысқаша әңгімелейді.
Өлке туралы өлеңдер
Т. Досымов
«Дендерім – байтақ мекенім»
Дендерім менің – ардақты елім, Шаттыққа толы айналаң. Ата-бабадан мұраға қалған, Жайықтың бойын жайлаған. Дендерім менің, кең жерім менің, Байлыққа толы белдерім. Махамбет пен батыр Борандай, Қыран боп туған ерлерім. Ардақты елім, айбыным менің, Күмбез тау, Шалқар айдыным. Дендерім менің, кенді елім менің, Қазаққа ортақ байлығым.
Ш. Өтеналиев
«Индер күмбезі»
Күмбезден құйылады маржан тастар, Секілді ойнап-күлген балғын жастар. Байлығын Күмбез таудың көтергелі, Шығамыз қол ұстасып, кел, жолдастар. Индер тау, айналайын айдыныңнан, Бойында сыймай жатқан байлығыңнан. Айдыныңнан, байлығыңнан Сағындым үміт артып талай жылдан. Байлығың — Сәти, Мәтен аралығы, Тегістеп барлаушылар қарап алды. Өзіңнен қажеті кен Борат тауын, Оны да таза алтынға бағалағым.
Балалар өлең жолдарын тыңдайды.
Қазба байлықтармен танысу
Төмендегі үлгілер көрсетіліп, атаулары бірге қайталанады:
Топтастыру әдісі
Құрылысқа қажет:
Құм, саз, әк, цемент, гипс — әдемі, зәулім үйлер салуға керек.
Емге шипа:
Қара балшық пен тұзды су — емдік қасиеті бар табиғи байлық.
Сергіту сәті: «Бес құбылыс»
Ауа
Қолдарын жоғары көтереді.
Су
Қолдарын алға созады.
Жер
Қолдарын жоғары көтереді.
Жел
Қолдарын көтеріп, шайқалады.
От
Қол басын, шынтақ буындарын айналдырады.
Тәжірибе: гипспен жұмыс
1) Құмыра бейнесін жасау
Гипсті сумен араластырып, құмыраның бейнесін қалыптастырады.
2) Әшекейлеу
Үнтаспадан Б. Суханқұловтың «Дендерім» әні ойналып тұрады. Балалар құмыраны майлы бояумен бояп, өрнектейді.
3-кезең. Рефлексия және түзету
Нәтижені талдау (сұрақ-жауап)
- Біз қай ауданда тұрамыз?
- Дендер ауданында.
- Ауданымыздағы ірі ғимараттарды атаңдар.
- Балалар көрнекті ғимараттарды атайды.
- Қандай қазба байлықтарды білесіңдер?
- Балалар қазба байлықтарды атайды.
- Гипстен ненің бейнесін жасадық?
- Құмыраның бейнесін.
Жұмыстар сараланып, мадақталады. Балалар өз жұмыстарын бағалап, нәтижесіне риза болады.
Күтілетін нәтиже: білуі
Жергілікті жердің қазба байлықтарын біледі.
Күтілетін нәтиже: меңгере алуы
Тәжірибе арқылы гипстен бейне жасап, оны майлы бояумен әшекейлей алады.