Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосымшаға ажырат

Қазақ тілі · 6-сынып

Тұйық етістік: қимыл атауын танытуға арналған сабақ жоспары

Бұл жоспар тұйық етістіктің мағынасын, қызметін және сөйлемдегі қолданылуын оқушыларға түсінікті әрі әрекет арқылы меңгертуді көздейді. Сабақ құрылымында жұптық және топтық жұмыстар, талдау тапсырмалары және қысқа сергіту сәті қарастырылған.

АКТ Сын тұрғысынан ойлау Жас ерекшеліктері Талантты және дарынды оқушылар Көшбасшылық

Сабақ барысы

Тапсырмалар кезең-кезеңімен беріліп, оқушылардың түсінуі, қолдануы және талдауы біртіндеп күшейтіледі.

Формат

Жұптық · Топтық · Жеке

Қызығушылықты ояту

5 минут

Жұптық жұмыс арқылы бұрынғы білім еске түсіріледі. Әр топқа қысқа бағыт беріледі:

1-топ

Есімше

2-топ

Көсемше

3-топ

Етіс

Одан кейін жаттығу жұмыстары тексеріледі.

Түсіну: мағынаны тану

10 минут

Тұйық етістік туралы түсінік бекітіліп, негізгі белгілері нақты мысалдармен талқыланады.

Негізгі ой: тұйық етістік қимылдың атын білдіреді және шақ, жақ категорияларымен байланыспайды.

Қолдану: топтық тапсырмалар

5 минут

Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар таратылады. Әр топ өз ішінде талқылап, сөйлемдерді тұйық етістікпен толықтырады:

1-топ

  • Тапсырманы уақытында ... керек.
  • Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.

2-топ

  • Үлкендерді ... керек.
  • Сынып жұмысына ... керек.

3-топ

  • Мәдениетті ... керек.
  • Сабаққа белсенді ... керек.

Сергіту сәті

1 минут

«Балапандар биі» атты қысқа жаттығу орындалады.

Талдау: жаттығулармен жұмыс

15 минут

1) Әр топқа жаттығулар орындау

Тапсырмалар топтарға бөлініп беріледі, орындалғаннан кейін өзара тексеріледі.

2) Сөйлем мүшесіне қарай талдау

Мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз:

Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғып келеді.

3) Түбір мен қосымшаға ажырату

Сөйлемдердегі сөздерді түбір және қосымшаға ажыратыңыз:

  • Балалар ойнап жүр.
  • Бізге сабақ болды.

4) Фонетикалық талдау

«Шегелеу» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

Жинақтау: «Полиглот» ойыны

5 минут

Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, берілген тұйық етістіктерді қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне аударады.

Қазақша Орысша Ағылшынша
Бару пойти to go
Келу приходить to come
Тұру встать to stand up
Көру смотреть to watch
Айту сказать to say
Жазу писать to write

Автор туралы

Шынтемирова Зәуре Пірманбекқызы — Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.