Түсінемін кеудеңдегі дүрсілге

Мұқағали Мақатаев

Тағдырыма тура келген серігім,
Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?!
Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың.
Басқалардың барлығынан жерідім.
Ауырлықтың көтердің - ау көбін сен,
Сенен келіп қуат алдым жеңілсем.
Сен - жер болдың, нөсер болып төгілсем.
Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем.
Мен - түн болсам, сен - таң болдың жаңа
Мені - қола, сені - шойын жаратқан.
Мен - ашу да, сен - ақылсың нәрі аққан.
Сен - Адамсың, мен аждаһа зәр атқан.
Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?
Түсінемін кеудеңдегі дүрсілге.
Оңашада, жұрт көзінен жасырып,
Күрсінбеші, жалынамын, күрсінбе!
Әлі екеуміз аттанамыз сан жылға,
Күрсінбеші, қуаныш көп алдыңда.
Күрсінбеші, жүрегімді тыңдашы,
Талай - талай кереметтер бар мұнда!..



Ұқсас жұмыстар

Ұстазым менің ұстазым
Жүсіп Баласағұн
Ұрпақ тәрбиесіндегі тағлым – тәрбие туралы ой пікірлер
Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары
Қазақстандағы өзбек диаспорасы
Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаят
Терроризм қаупі: АҚШ -та 11 қыркүйек лаңкестік оқиғасының мысалында
Философпен сұхбат туралы
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
Тиімді тәжірибе
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін