Асан қайғы тобы

Батыс Қазақстан облысы • Теректі ауданы • Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ханов Шохан Уалиханович

Пәні: Қазақ әдебиеті • Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы

Асанқайғының Жерұйықты іздегені

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға аңыз-әңгімелер туралы түсінік беру, Асанқайғы туралы аңыздармен таныстыру.
  • Мәтінді тілдік тұрғыдан талдауға үйрету.
  • Адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  • Әдеби дүниетанымды кеңейту, пәнге қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже

  1. 1 Асанқайғының кім екені және әдебиеттегі орны туралы білім алады.
  2. 2 Қазақстанның табиғаты әсем өңірлері туралы білімін кеңейтеді.
  3. 3 Ел қайғысына ер қайғыра білетін, туған жерін сүйетін азамат болып қалыптасады.

Сабақ кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • «Шаттық шеңбері» тренингін өткізу (сабаққа сәттілік тілеу).
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу:

I топ

Асанқайғы тобы

II топ

Жиренше тобы

III топ

Қорқыт ата тобы

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: «Аңыз дегеніміз не?» тақырыбы бойынша мәлімет жинақтау және аңыз кейіпкерлері туралы әңгімелеу.

I топ

Асанқайғы туралы мәлімет айтады.

II топ

Жиренше туралы мәлімет айтады.

III топ

Қорқыт ата туралы мәлімет айтады.

Үй тапсырмасын пысықтау: аңыз кейіпкерлерін топтастыру

Жиренше Қорқыт Асанқайғы Қожанасыр Алдаркөсе Жошы хан

III. Жаңа тақырып: Асанқайғының Жерұйықты іздегені

Жұмыс барысы

  • Тақырыптың мақсаты түсіндіріледі.
  • Мәтінді оқуға 4 минут уақыт беріледі.
  • Оқып болған соң интербелсенді тақтадағы тірек сызбадағы торкөздерге Асанқайғының әр өңірге берген бағасын толтырады.

Тірек сызба: Асанқайғы бағалаған өңірлер

Маңғыстау

«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас».

Жетісу

«Жетісудың ағашының әр бұтағы — жеміс, шаруаға жақсы қоныс».

Аспара

«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе, суың жетер».

Баянауыл

«Баянға жаймай, қой семірмес».

Жуалы

«Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен; қадіріңді егін салған ел білер».

Жезқазған

«Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас».

Шыңғырлау

«Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!»

Негізгі бөлім: топтық тапсырма

Тапсырма

Асанқайғы барған әрі баға берген жерлерге географиялық тұрғыдан сипаттама беріңіздер.

Жұмыс уақыты: 5 минут. Қажетті көрнекіліктер мен географиялық кітаптар пайдалануға беріледі.

I топ — Асанқайғы тобы

Шыңғырлау, Маңғыстау

II топ — Жиренше тобы

Жезқазған, Жетісу

III топ — Қорқыт ата тобы

Аспара, Баянауыл, Жуалы

Сабақты бекіту: «Ыстық орындық» әдісі

Әр топтан бір оқушы шығып, қарсылас топтардың сұрақтарына жауап береді. Бұл тапсырма арқылы жаңа тақырыптың қаншалықты меңгерілгені бақыланады.

Бағалау

Мұғалім әр топтың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша пікір алып, қорытынды бағалау жасайды.

Үй тапсырмасы

Өз туған жеріңізге Асанқайғыша баға беріп көріңіз.

  • Суретті пайдаланып, шығарма жазыңыз.
  • Эпиграф ретінде Асанқайғының бір сөзін таңдауға тырысыңыз.