Музыкалық кідіріс жасап, Мұқағали үлгісімен жазылған өлең шумақтарын оқыту

Сабақ тақырыбы

Мұқағали Мақатаев: «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ».

Сабақтың мақсаты

  1. Ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру; өлеңдерінің тақырыптық-идеялық негізін және жанрлық ерекшелігін анықтау.
  2. Өлеңге талдау жасау, ойды еркін жеткізу, шығармашылыққа жетелеу.
  3. Қазақ поэзиясындағы бірегей тұлға Мұқағали бейнесін құрметтеуге тәрбиелеу; ұлтжандылыққа, шындықты қадірлеуге, поэзияны сүюге баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • Қ. Бітібаеваның жобалау технологиясы
  • Өлеңге поэтикалық талдау
  • Гипотеза (болжам) жасау
  • Мәнерлеп оқу
  • Шығармашылық жұмыс
  • Венн диаграммасы

Көрнекілік және формат

  • Интерактивті тақта
  • Кесте
  • Аудиожазбалар (өлеңдері, өз дауысымен жазылған жазбалар)
  • Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұқағали Мақатаев — ғажайып, сыршыл ақын. Өлеңдерін қайта-қайта оқыған сайын ақиқатқа жақындатар бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Оның артында қалған өшпес мұрасы қараңғы түн қойнауынан құпия сәуле шашқан жарық жұлдыздай жарқырап, уақыт өткен сайын айқындала түседі. Мұқағалидай перзенті бар қазақ елі — шынымен де бақытты.

Өткен сабаққа шолу

Алдыңғы сабақта М. Мақатаевтың «Қайырлы түн» өлеңімен таныстық.

  1. М. Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
  2. Туған жер табиғаты ақын талантына, мінезіне әсер етті ме?
  3. «Қайырлы түн» өлеңінің тақырыбы мен идеясы қандай?
  4. Өлеңнің құрылысы туралы не білесіңдер?
  5. Ақын халқына қандай тілек айтады?

(Слайд: Қ. Бітібаеваның болжам жасау кестесі)

Жаңа сабақтың бағыты

Бүгінгі мақсат — ақын өмірінен көбірек мәлімет алып, «Елім барда» және «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдерімен танысу.

  • Слайд арқылы ақынның туыстары мен ұлы Жұлдыздың естеліктерін оқу.
  • Ақынның өз дауысымен оқыған өлеңін тыңдау.
  • Әдеби талдау және салыстыру жұмыстары.

Естеліктерден үзінді

Фазымова Аяулым
Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Ол кісі қайратты болған. Әкемнің ақындығы — ең алдымен табиғи дарын. Оның дамуына туған жері мен әжесі ерекше әсер еткен. Өзі «көп нәрсені әжемнен үйрендім» дейтін. Әңгімелескен адамнан тереңдік іздейтін; көңілінен шықпаса, ренжіп «таяз» дейтін.
Толқынбек Берген. Ақынның жары — Лашын апа
Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болған соң күлімдеп, маған да, анама да оқып беретін. Күз мезгілін жақсы көретін. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрғанда қолынан қалам түспейтін. «Көктемде сайрандадық, жасардық, күз — енді жазатын мезгіл» деп әзілдейтін.

Жарық көрген кітаптары

  • «Дариға жүрек»
  • «Шолпан»
  • «Жылап қайттым өмірдің базарынан»
  • «Бәсіре»
  • «Күнделік»
  • «Өмір — өзен»
  • «Жырлайды жүрек»
  • «Аққудың қанатына жазылған жыр»

(Аудио: ақынның өз дауысымен оқыған өлеңін тыңдату)

Ақын мұрасы туралы ой

Зейнолла Серікқалиевтің сөзімен айтқанда, Мұқағали мұрасы — «маржан поэма», болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазына. Мұқағали рухына тағзым етіп, бейнесюжет көрсету және «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдау ұсынылады.

Өлең талдауы: «Елім барда»

Жұмыс түрі

  • Мәнерлеп оқу
  • Тақырып, идея, жанрды анықтау
  • Қ. Бітібаеваның технологиясы бойынша құрылымдық-көркемдік талдау

Тақырып, идея, жанр

Тақырыбы
Туған ел, Отан.
Идеясы
Ақын елге сүйіспеншілігін көрсету арқылы оқырманды елжандылыққа, елін-жерін сүюге тәрбиелейді.
Жанры
Лирика (неліктен екенін дәлелдеу тапсырмасы беріледі).

Құрылымдық талдау кестесі

Өлең аты Бунағы Буыны Шумақ Ұйқас Көркем сөздер Риторикалық сұрақ
«Елім барда»

(Кестені сыныппен бірлесе толтыру)

Өлең талдауы: «Анау – аспан, мынау – бақ»

Алғашқы тапсырмалар

  • Мәнерлеп оқу
  • Өлеңде суреттелген жыл мезгілін анықтау
  • Сөздік жұмысы

Сөздік жұмысы (ақын суреттеуіндегі қыс)

қу бұтағын құшақтаған кәрі емен дәрігер қыс тазалық жалаң аяқ жылау өкініш тал- қайың өлең

Гипотеза (болжам) жасау

Қ. Бітібаеваның жобалау технологиясы бойынша мәтіндегі бейнелі қолданыстарға сүйеніп, авторлық баяндауды және оқушы болжамын қатар талдау.

Автордың баяндауы Оқушы болжамы
Аспан жердің арасын,
Дәрігер қыс алуда,
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
Тоңдырып ап маңдайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп тал-қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Қыс — тазалық, қыс — аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең.

Талқылау сұрақтары:

  • Қыс туралы өлең жазған тағы қай ақындарды білесіңдер?
  • Табиғатты, жансыз затты адам кейпінде суреттеу қалай аталады?

Салыстыру және қорытынды талдау

Венн диаграммасы

Екі өлеңде де табиғат көрінісі бейнеленеді. Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, ортақ кейіптеу тәсіліне ерекше назар аудару ұсынылады.

  • Ортақ белгілер: табиғат көрінісі, эмоциялық әсер, бейнелі тіл.
  • Айырмашылық белгілер: тақырыптық өзек, авторлық көңіл күй, көркемдік деталь.

Абай дәстүрі және әнге айналған жыр

Ақын Абайды үлгі тұтып:

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.

Мұқағали жаны әнге құмар еді. Көптеген өлеңдеріне композиторлар ән жазды.

Шығармашылық жұмыс

Музыкалық кідіріс жасап, Мұқағали үлгісімен жазылған оқушы өлең шумақтарын оқыту.

Қалиасқарова Томирис
Кіндік қаным тамған жерім,
Асау-асау көркем белің.
Өзіңді аялап өтейін мен,
Байтақ елім, Қазақ елім!
Бейсенбеков Сымбат. «Мұқағалиға арнау»
Мұқағали, елеңбедің қатарыңнан шет қалдың,
Сырларыңды дәптеріңе ақтардың.
Дәл бүгінде сайрап жатқан секілді
Бұлбұлдары сен дем алған бақтардың.
Сен тірісің — мәңгілік, мәңгіліксің.

Бағалау

Сабақ барысында мәнерлеп оқу, талдау дәлдігі, салыстыру жұмысы, пікір айту мәдениеті және шығармашылық тапсырма ескеріледі.

Үй тапсырмасы

  • «Достық деген адамның көрігі екен…» — жолын жалғастырып, ұйқастырып жазып келу.
  • Өзіңе ұнаған бір өлеңін жаттап келу.

Қорытынды

Қарасаз, қара шалғын — өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев…