Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаз азаматтары
Шараның мақсаты
«Жігіт сұлтаны – 2018» байқауының басты мақсаты — жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа және имандылыққа тәрбиелеу.
Кіріспе сөз: мерекенің мәні
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 72 жылдығы да келіп жетті.
Бұл айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Себебі абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.
Негізгі ой
Соғыс — күйретуші күш: барды жоқ ететін, тауды жер ететін, тіршілікті жалмайтын тажал.
2-жүргізуші
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы — кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш еткен, тарихта мәңгі қалатын күн.
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Ұлы Жеңіске жеткізген күш
1-жүргізуші: Бірлік — ортақ қуат
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш — «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күшін бір арнаға тоғыстырды.
Ұлы Жеңіс — он бес одақтас елдің ортақ мерейтойы.
2-жүргізуші: Ерлік есімдері — тарихта
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдиновтің және көптеген жерлестеріміздің есімдері алтын әріптермен жазылды.
Украин жерінде аты аңызға айналған батыр С. Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсенов басқарған отряд болғаны — батырлықтың жарқын дәлелі.
1-жүргізуші: Соғыстың тарихи маңызы
1941–1945 жылдардағы соғыстың тарихи маңызы зор. Бұл соғыс адамзаттың қас дұшпаны — фашизмнің тамырына балта шапты. Біздің майдангерлеріміз де осы Ұлы Жеңіске өз үлесін қосты.
Сондықтан оларды ешкім де жазғыруға, айыптауға, сөгуге тиіс емес. Керісінше, қолымыздан келгенінше құрметтеп, қадірлей білуіміз, қадіріне жете алуымыз керек.
Жеңістің 72 жылдығына арналған жыр
2-жүргізуші: Құттықтау
Жеңістің 72 жылдығына аман-есен жеткен абзал ақсақалдарымызға: «Жеңістің 72 жылдығы құтты болсын! Есен-сау болыңыздар!» — деп, төмендегі өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
Ескерту
Мәтін көркемдік мазмұны сақтала отырып редакцияланды.
«Жеңіс күні»
Келді міне, тоғызыншы мамыр — Жеңіс күні,
Қуаныш пен бақыт толған ерлік күні.
Елі үшін, жері үшін майданда,
Ағалар мен әпкелер жанын қиды.
Он бес елдің батырлары қосылды,
Қу немісті ойрандатты, қиратты.
Мың тоғыз жүз қырық бесте Берлинде,
Кім білмейді ту тіккен Рахымжан ағамызды!
Ешқашан да енді соғыс болмасын,
Бақытты елдің тыныштығын бұзбасын!
Аспанымыз әрқашан да ашық боп,
Ұлы Отан соғысының батырлары жасасын!
Ән
Ұлы Жеңістің құрметіне — «Сарбаздар» әні.
Орындаушы
10-сынып оқушысы — Жанай Гүлнұр.
2-жүргізуші: Алғыс пен сәлем
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін, ғажайып келешектің төккен үнін ардақты ағаларға шын көңілден жолдаймыз — алғыс пен сәлем бүгін.
1-жүргізуші: Жарық күннің үні
Жер жүзіне нұр шашып, Жеңіс күні — жақсы үміттің шырағы жанған күн. Аспан бетін қаптаған қара тұман серпіліп, зұлымдықтың түні сөнді.
Құттықтау сөздер
Мектеп директоры
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Махмұт Боқайұлына беріледі.
Ардагер ұстаз
Құттықтау сөз мектебіміздің ардагер ұстазы, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Ерғали ағайға беріледі.
«Жігіт сұлтаны» байқауының басталуы
1-жүргізуші
Құрметті азаматтар, мектебіміздің ер-азамат ұстаздары, қадірлі қонақтар, оқушылар! Осы мерекелерге орай мектебімізде «Жігіт сұлтаны – 2018» байқауын өткізгелі отырмыз.
2-жүргізуші
Бүгінгі кештің сайысын бастайық, сайыста шын көңілмен қол соғайық. Бізде ойын-сауық басталады: тамаша күй тартылып, ән салынады. Қошеметтеп қол соғып отырайық — күні бойғы шаршағанды ұмытарсыз.
Ұйымдастыру деректері
- Мекеме
- Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп КММ
- Жүргізуші
- Э. Аймағанбетова — мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Құжат атауы
- «Жігіт сұлтаны – 2018» (жүктеу)