Ұқпай жатып жалығар, Ұйқылы - ояу бойкүйез

Абай Құнанбаев

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.

Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?

Әбілет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме,
Түзелмесін білген ез?

Айтшы айтшылап жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы - ояу бойкүйез.

Жас баладай жеңісқой,
Байлаулы емес ақыл, ой.
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржың - қылжаң ит мінез.

Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңірі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.

Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.

Ой, тәңір айшыл кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек
Болмаған соң, бір есеп -
Мейлі қамқа, мейлі бөз.



Ұқсас жұмыстар

КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Абай поэзиясының шығыстық негіздері
Лимфа безінің туберкулезі (ЛБТ)
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
Зерттеудің әдісі
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Диалектология ғылымының зерттелуі
Сана туралы
Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі
Абайдың «қара сөздерінің» тәрбиелік мәні
Одағай Леп белгісіне сүйеніп, орнынан тұрып жатып
Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып
Өлең айтқан сөзді ұқпайтын, түске дейін ұйықтайтын жылауық нас бала туралы
Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті
Қисая жатып қырғауыл
Көршіміз, Шақтай ақсақал, әлдене толы көнетоз сөмкесін арбаға салып жатып шешеме: - Бәйбіше, ақсақалың бүгін түске қарай келіп қалар, - деп ескертті
Асқар сабаққа бара жатып, жолдың арғы бетіне өтейін деп тұрған атаны көрді
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: - Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай
Бір түлкі тоғайды аралап келе жатып, қалың шалғынның арасында жүрген бөденені ұстап алыпты