Сайысымыздың екінші кезеңі

Сабақтың тақырыбы

Шығармашылар сайысы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың білім деңгейін байқау.
  • Тез әрі нақты жауап беруге, жылдам ойлауға дағдыландыру.
  • Белсенділік, таным, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру.
  • Ой-өрісін дамыту, тілге деген қызығушылығын күшейту.
  • Тілдің үш тұғырлылығын насихаттау.

Кіріспе

Құрметті сайыс қатысушылары! Біз жыл сайын сыныптар арасында өтетін апталықты «Білімдінің күні жарық» тақырыбымен үлкен дайындықпен, түрлі сайыстар арқылы ұйымдастырамыз.

Бүгін сіздер осы апталық аясында өз өнер-білімдеріңізді, ана тілге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктеріңізді көркем әдеби тілмен шығарма жазу арқылы жеткізесіздер.

Ұран

Тәуелсіздік — мәніміз,

Достық — біздің сәніміз.

Мемлекеттік тіл болған

Қазақ тілі — әніміз!

Ал енді, балалар, сайыс сабағымызды бастаймыз.

Сайысқа қатысушылар

4-сынып оқушылары

Негізгі бағыт

Жылдам ойлау, нақты жауап, тіл байлығын көрсету және шығармашылық жазылым дағдыларын дамыту.

Сайыс кезеңдері

I кезең — «Кім көп сөз біледі?»

Сөз құрау

Шарты: «Қарлығаш» және «Ақпан» сөздерімен бірнеше сөз құрау.

Қане, кім көп сөз біледі?

II кезең — «Сен білесің бе?»

Жылдам сұрақ
  1. Ана тілі туралы мақал-мәтел айт.
  2. Жылдың бесінші айын ата.
  3. Ана тілі туралы қандай өлең білесің?

III кезең — «Сөйлей-сөйлей шешен боларсың…»

Шығарма

Берілген үш тақырыптың бірін таңдап, шығарма жазыңыз. Бұл кезеңде оқушы өз тіл байлығын, ойын еркін жеткізуін және сөз шеберлігін көрсетеді.

  • Туған жер — алтын бесік
  • Ана
  • Тәуелсіздік — тұғырым

Қорытынды

Сонымен, балалар, сайысымыз өз мәресіне жетті.

Тіл — әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де бар. Тілден артық қазына да, тілден артық қасиет те жоқ.

Оқушылардың білімдері бағаланады.