Аналардың тілегі

Бағдарламаға қош келдіңіздер

Бүгін бізде жаңа жоба — «Құттықтау сазы» бағдарламасының тұсаукесері. Бағдарламамыздың шымылдығын қазақ биімен ашамыз.

1-жүргізуші

Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көрсеткенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек нәзік болса да, қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей — барлық қиындыққа төзімді.

Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші

Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар! Бүгінгі мерекеміз құтты болсын.

Дүниеде ең сұлу кім екенін білесің бе?

Ең сұлу — қазақ анасы

Диалог

1-жүргізуші: Ең сұлу, меніңше, Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мақпал Жүнісова... Дүниеде сұлулар көп қой — айта берсең таусылмайды.

2-жүргізуші: Жоқ, сен қателесесің. Дүниедегі ең сұлу — ол қазақ анасы.

1-жүргізуші: Солай ма? Қалайша?

2-жүргізуші: Қазақ анасы — бар мұратын отбасының игілігіне арнаған ең ізгі жан. Қазақ анасы — бар тілегін перзентінің жолына арнаған ең мейірбан ана.

1-жүргізуші: Дұрыс, келісемін. Ендеше, бүгінгі хабарымызды асыл аналарға арнайық.

2-жүргізуші: Бүгінгі бағдарламамыздың атауы — «Ана — өмірдің гүлі».

Тікелей байланыс

Сәлем, сәлем, сәлем, достар! Бүгін сіздер аналарыңызды, ұстаздарыңызды, құрбы-құрдастарыңызды — бәрін құттықтай аласыздар.

Байланыс телефоны

5-14-68

Ауыл коды

8-716-37

Байланысымыз тегін екенін ұмытпаңыздар. Құттықтай отырып, қалаған әндеріңізге де тапсырыс бере аласыздар — бар болса, міндетті түрде қоямыз.

Ән: «Ақ мамам»

Тыңдаушы қоңырауы

Тыңдаушы: Алло, сәлеметсіздер ме? Өз анама сәлем жолдағым келеді. Көңіл көтеретін жақсы ән қойып берсеңіздер.

2-жүргізуші: Әрине. Дәл қазір «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Мәтін

1. Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман-сау бол, ақ мамам.

2. Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен.

3. Өзің маған мият күн,
Сен деп таңым жиі атты.
Ақ мамамның айқайы,
«Айналайын» сияқты.

4. Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тағам татпаған.
Бақыты үшін балаңның,
Аман-сау жүр, ақ мамам!

Көріністер

«Балмұздақ»

Құралай: Анашым, 100 теңге бересіз бе?

Гүлнұр: Оны не істейсің, балам?

Құралай: Бір кәрі апайға берейін деп едім.

Гүлнұр: Өй, жарайсың, балам! Қайырымды болу керек. Ол кісі қай жерде?

Құралай: Мына көшенің бұрышында балмұздақ сатып отыр.

«Қанша қалады?»

Салауат: Гүлнұр, сенің қолыңда 8 қалам бар. Оның төртеуін достарыңа бердің. Өзіңде қанша қалам қалды?

Гүлнұр: Мен оларға бергенше, үйдегі ініме бергенім дұрыс қой.

Ән: «Аналардың тілегі»

Тыңдаушы қоңырауы

Тыңдаушы: Алло, сәлеметсіздер ме? Сыныптас құрбыларымды, ұстаздарымды, аналарды мерекелерімен құттықтап сәлем жолдағым келеді. «Ал, давай» тобының бір әнін қойып берсеңіздер.

1-жүргізуші: Өкінішке қарай, ол топтың әні әзірге бізде жоқ. Бірақ болған кезде міндетті түрде қоямыз. Ал қазір «Аналардың тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Мәтін

1. Аналардың тілегі,
Тыңдайықшы жүрегін.
Жаны жайсаң аналар —
Жырға қосып жүремін.

Болашаққа бастаған,
Ана деген асқақ ән.
Тебірентіп жүректі,
Жыр етеді жас қалам.

Қайырмасы

Алыста жүріп сағынам,
Өзіңе мәңгі табынам.
Бас иіп өтем анаға,
Ақ жаулығын жамылған.

2. Қуат-күшің талмасын,
Бақыт гүлі солмасын.
Асқарына арманның,
Ұрпақтарың самғасын.

Талай топтан іздеген,
Ана көрдім жүздеген.
Сағынышын жеткізген,
Жаны жақын қыз деген.

2-жүргізуші: Ана деген — асқақ ән, әрқашан орындалар. Анадай қымбат сыйлықты ешқашан таба алмайсың.

1-жүргізуші: Өте әсерлі шумақ. Ендеше, аналарымызға арнап көріністерден үзінді ұсынайық.

Ана туралы ой

Екі ана

Дүниеде екі ана бар: бірі — тіршілік анасы, Табиғат-ана, екіншісі — адамның анасы. Екеуі де мейірімді. Екеуіне де қаталдық көрсетуге болмайды.

Арманның хаты

Арман 9 жаста. Анасының тапсырған үй жұмыстарын орындағысы келмей, қабағы түседі. Бір күні ол анасына хат жазады:

Арманның есебі

  • Нанға бардым50 тг
  • Бөлмемді жинадым100 тг
  • Қоқыс төктім100 тг
  • «5» алдым50 тг
  • Компьютер ойнамадым50 тг
  • Құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым50 тг
  • Киімдерімді реттедім100 тг
  • Кір киімді кір жуғыш машинаға салып қойдым50 тг
Барлығы 550 тг

«Уақытында төлемесеңіз, үстеме қосатынымды ескерте кетейін!»

Ананың жауабы

  • Саған ана сүтін бердім0 тг
  • Түнде оянғаныңда қасыңда болдым0 тг
  • Ауырып қалсаң, қасыңнан кетпедім0 тг
  • Түсінбеген сабағыңды түсіндірдім0 тг
  • Сен қуансаң, бірге қуандым0 тг
  • Сені жамандықтан қорғауға тырыстым0 тг
  • Сені еркелеттім0 тг
  • Ұнататын заттарыңды алып бердім0 тг

Арман өз хаты үшін қатты ұялады. Бұдан былай анасын ренжітпеуге, айтқанын орындауға бекінеді.

Қорытынды

Аналар, сіздерге алғысымызды, құттықтауымызды, шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Келесі әніміз де сіздерге арналады: «Құттықтаймын, ана».