Наурыз тойы салтымыз, Аман босын халқымыз
Іс-шара туралы мәлімет
- Өтетін орны
- Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
- Жауапты мұғалім
- Макуова Нуршат Аманкосовна
- Тақырыбы
- «Армысың, Әз-Наурыз!»
- Түрі
- Мерекелік той
- Көрнекілігі
- Киіз үй жабдықтары, ұлттық нақышта безендірілген сахна, нақыл сөздер және басқа да көрнекіліктер.
Мақсаты
Рухани-танымдық бағыт
- Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын таныту.
- Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, өз ұлтына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Тәрбиелік бағыт
- Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге баулу.
- Имандылыққа, ізгілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Жүрісі
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілер таныстырылып, мерекелік кештің басталуы хабарланады.
II. Негізгі бөлім
Құттықтау сөздер
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді. Жаңа жыл бақытты, берекелі, бейбіт жыл болсын!
Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Кіріспе: Наурыздың мәні
Наурыз тойы — Ұлыстың Ұлы күні. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді, яғни бұл — жыл басы. Бұл күні ел қуанып, есік ашып, дастарқан жайып, бірін-бірі құшақтай құттықтайды.
Наурыздың ерекше бір дәстүрі — көрісу. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіріледі.
Таңертең ерте ер-азаматтар қолдарына күрек, кетпен алып, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет сияқты дәмдерін алып, далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ниетпен бастаулардың көзін ашып, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өсиетпен бұлақ басына тал егеді.
Әйелдер көкжиектен көтеріліп келе жатқан күнге тәу етіп: «Армысың, қайырымды Күн-Ана!» деп иіліп сәлем береді. Халық аңызы бойынша, бұл күні Қызыр баба әр шаңыраққа кіріп, береке мен ырыс дарытады.
Тілек: Ұлыс оң болсын! Ақ жол болсын!
Жаңа жыл нышаны
Балалардан бүгін қарсы алатын жылдың атауы сұралады. Хормен жауап беріледі: «Барыс».
Шашу
Тойға кішкентай бүлдіршіндер шашу шашады.
Би: «Шашу» (қыздар тобы)
Мерекелік үндеу
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бос қарап тұрмаңыздар. Наурыз тойы басталды, қызықтан тыс қалмаңдар!
Наурыз келсе — құт келгені, халайық! Есік ашып, ел болып қарсы алайық!
Оқушылардың тақпақтары
Наурыз — жыл басы.
Түйе сеніп бойына,
Жатпа қарап, мойыма.
Қалған ұмыт жылдардан,
Талма, именіп ділмардан.
Ұлыстың ұлы күнінде
«Оң болсын!» — деп ұлысың!
Төс түйісіп көрісер,
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Төс түйісу дегені —
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені —
Тоқшылықтың белгісі.
Наурыз тойы — салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та —
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта — ағы бар.
Ішілетін, жейтінің —
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді — салтымыз:
«Көгерсін!» — деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз көже: береке мен молшылықтың нышаны
Наурыз тойының өзіне тән басты асы — Наурыз көже. Оның мәні — жаңа жылда молшылық болып, өміріміз мәнді де дәмді, татымды болсын деген ырым мен тілек.
Қонақтарға Наурыз көжеден дәм таттыру ұсынылады. Көженің жасалу жолы мен құрамына кіретін тағам түрлері таныстырылады.
Ән: «Қазақтың дастарқаны»
«Самалық» айту дәстүрі
Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке.
Кешірім мен жылулық туралы ой
Бұл күні «Самарқанның көк тасы жібиді» делінеді. Яғни адам баласы бір-бірінен кешірім сұрап, кешірім бере білсін деген ізгі ниет жатыр. «Самарқанның да көк тасы жібіген күні, сен тастан қаттысың ба?» деп, ел кісіні сабырға, татулыққа шақырған.
Би өнері
Жастарға сөз беріліп, би арқылы мерекелік көңіл-күй жалғасады.
Би: «Қаражорға»
Салт-дәстүр көрінісі
Қазақ халқының дәстүрі мен салты насихатталады, сахналық көрініс көрсетіледі.
Көрініс: «Ашамайға мінгізу»
Ән шашуы
Ал, қанеки, ағайын, асқақ әнге салайық. Басы болсын бұл тойдың — шырқап әнге салайық!
Ән: «Наурыз»
Шеберлік пен ойын-сауық
«Әжелер сайысы»
Әжелер өз шеберлігін көрсетіп, ұршық иіреді. Ұршықты жақсы әрі сапалы иіре білген қатысушылар мадақталады.
Ұлттық ойындар
- «Қыз қуу» ойыны ойналады.
- Әр сыныптан бір-бір оқушы шығып, күрес ұйымдастырылады; жеңімпаз мадақталады.
III. Қорытынды
Ұлыстың ұлы күнінде жастар игілікті істерін көрсетіп, қариялардан бата алады. Осы дәстүр бойынша үлкендерден ақ тілек сұралады.
Бата
Наурыз құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барша халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі мол болсын.
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Наурыз құтты болсын! Мерекелік тойымыз аяқталды.
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.