Тәжірибелік кезең
Сарамандық жұмыстың тақырыбы: Бейметалдар тақырыбына арналған эксперименттік есептер
Сабақтың мақсаттары:
Оқытудағы: оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың алынуы және қасиеттері жөніндегі білімдерін жүйелендіру және тәжірибелер арқылы бекіту.
Дамытушылық: берілген заттарға сапалық талдау жасай отырып, оларды бір - бірінен ажырата білуге және орындалған жұмыстың нәтижесін қорытындылай білуге дағды қалыптастыру.
Тәрбиелік: жеке тұлғалардың ойлау қабілетін дамытып, танымдық белсенділігінің артуына ықпал жасау.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Сабаққа қажетті
а) құралдар: интерактивті тақта (бейнеэксперименттер, слайд), Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі кестесі, иондарды анықтау кестесі, тапсырмалар жазылған үлестірмелер, сынауықтар мен спирт шамдары.
ә) реактивтер: мыс (II) сульфаты, натрий гидроксиді, тұз қышқылы, натрий сульфаты, натрий карбонаты, аммоний хлориді, аммоний сульфаты, барий хлориді, күміс нитраты ерітінділері, индикаторлар.
Жұмыстың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар және оларды орындау нұсқаулықтары жазылған үлестірмелер таратылады.
Ой шақыру кезеңі.
Оқушылардың теориялық білімін және қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталауға арналған сұрақтар беріледі.
1. Сынауықтағы заттарды қыздырғанда қандай қауіпсіздік техникасының ережелерін есте сақтау керек?
2. Спиртшамды қалай сөндіру керек?
3. Ауадан жеңіл газдар қалай жиналады?
4. Ауадан ауыр газдар қалай жиналады?
5. Көмірқышқыл газының бөлінгенін қалай дәлелдеуге болады?
6. Әк суының формуласы қандай?
7. Ас содасының химиялық атауы қандай?
8. Қышқылдық оксид сумен әрекеттескенде қандай зат түзіледі?
9. Аммиак сумен әрекеттескенде не түзіледі?
10. Иондарды анықтау кестесі бойынша кейбір иондардың сапалық реакцияларын қайталау.
Тәжірибелік кезең.
1. Интерактивті тақтадан 2 - 3 минуттық бейне тәжірибелер көрсетіледі. Оқушылар көргендерін нұсқаулыққа сәйкес сипаттап дәптерлеріне жазады.
2. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларға сәйкес реакцияларды жүзеге асырып нәтижелерін қорытындылап дәптерлеріне жазады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
Гимназия сыныптары бар №20 М. Әуезов атындағы
жалпы білім беру орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Шалтаева Гулнар Исахановна
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Жануарларда тәжірибе
Зоотехния ғылымындағы өлшемдер әдіснамасының маңызы
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Диагностикалық этап
Аналитикалық этап
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
Білім беруде психологиялық қызметті ұйымдастыру ғылымдардың кең жүйесі ретінде
Ақша қаражаттарына бақылау
Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері туралы
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
Болашақ кезеңнің табыстарының есебі
Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең
Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
Қайта құрылымдаудың бірінші кезеңі
Қазақстан Республикасындағы кезеңдері
Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары.