Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін, Қай сан бар достарым
Сөзжұмбақ шешу
Төмендегі жұмбақтар математика мен мектеп құралдарына қатысты. Әр тапсырманы оқып, жауабын табуға тырысыңыз: кейбірі сан ұғымдарын, енді бірі күнделікті оқу құралдарын сипаттайды.
1) «Атадан 10 баламыз…»
Атадан 10 баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз.
2) Бүтін де, бөлшек те…
Бүтін сан, бөлшек сан —
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан, айтыңдаршы?
Оң да, теріс сан — бәрі сонда.
3) Түзудің бір бөлігі…
Түзудің бір бөлігі,
Екі шеткі нүкте көрігі.
Ұзындығы және бар —
Айтшы, ұпай сенікі!
4) Сенімен бірге жүретін…
Бірге барып сабаққа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
5) Он екі парақ — он екі ақ қанат…
Он екі парақ — он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап.
6) Қатеңді түзететін құрал…
Ол — оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
7) Ізі сөйлейтін…
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
8) Үлкен-кіші сандарды ажыратсаң…
Үлкен, кіші сандарды сен
Ажыратқың келсе егер,
Қандай таңба қояр едің?
Қане, ойлан — куәгер.
9) Биологияда — паразит, информатикада — өлшем…
Биологияда бұл — паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада — өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.
10) Басы да жоқ, қасы да жоқ…
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да —
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
11) Нәрселерді санауға керек…
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы, ол қандай сан?
Жан-жағыңа қарамай.
12) Мал мен аңды сана…
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі —
Таба алмасаң, бос күлкі.
13) Бүтіннің бөлігін көрсететін…
Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсенің бөлігін көрсететін,
Қай сан бар, достарым?
14) Үтір арқылы ажыратылатын бөлшек…
Бүтін мен бөлшек бөліктерден,
Үтір ажыратып тұрады.
Осы санды кім біледі?
Аты қандай болады?