Жеті Жарғы тобы
Мақсаты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарихи-танымдық сайыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру; ұлттық тарихымызға, салт-дәстүрімізге шолу жасау; білімін шыңдау.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Алда келе жатқан үлкен ұлттық мереке — Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Осы мерекемен тұспа-тұс келген Тарих апталығы аясында 8 «А» сыныбында ұйымдастырылып отырған «Тарих — ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Қатысушы топтар
-
1
«Жеті Жарғы» тобы
Қазақ құқықтық дәстүрі мен заң жүйесіне қатысты ұғымдарды қамтиды.
-
2
«Алтын Орда» тобы
Ортағасырлық мемлекет тарихы мен тұлғаларына негізделген бағыт.
-
3
«Дала жолы» тобы
Дала өркениеті, дәстүр, мәдениет және тарихи деректер желісі.
Әділқазы алқасы
Сайысқа баға беретін әділқазылар алқасымен таныстыру бөлімі ұйымдастырушы тарапынан толықтырылады.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Төменде 1–2 кезеңнің мазмұны берілген.
1-кезең: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Топ басшылары сайысы. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
1-топ: «Жеті Жарғы»
-
Сұрақ: «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторы кім?
Жауап: Тәуке хан.
-
Сұрақ: Қазақ тарихындағы тұңғыш биші қыз кім?
Жауап: Шара Жиенқұлова.
-
Сұрақ: 31 мамыр қандай күн?
Жауап: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
-
Сұрақ: Е. Пугачев көтерілісі қай жылдарды қамтиды?
Жауап: 1773–1775 жж.
-
Сұрақ: Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін, киізден тігілетін аяқ киім қалай аталады?
Жауап: Байпақ.
-
Сұрақ: ҚР Туының авторы кім?
Жауап: Ш. Ниязбеков.
-
Сұрақ: Жошы хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
Жауап: Орталық Қазақстан.
-
Сұрақ: Абай Құнанбаевтың шын есімі қандай?
Жауап: Ибраһим.
-
Сұрақ: Этнография нені зерттейді?
Жауап: Халықтың тұрмысын, мәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
-
Сұрақ: «Қырық өтірік айтқан бала» деген кейіпкер кім?
Жауап: Тазша бала.
2-топ: «Алтын Орда»
-
Сұрақ: «Яса (Жасақ)» заңдар жинағының авторы кім?
Жауап: Шыңғыс хан.
-
Сұрақ: Қазақ хандығының негізін салушы кім?
Жауап: Керей хан.
-
Сұрақ: 22 қыркүйек қандай күн?
Жауап: Тілдер мерекесі.
-
Сұрақ: И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс қай жылдарды қамтиды?
Жауап: 1836–1838 жж.
-
Сұрақ: Күміс не алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбау қалай аталады?
Жауап: Шолпы.
-
Сұрақ: ҚР Елтаңбасының авторлары кімдер?
Жауап: Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
-
Сұрақ: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қай жерде орналасқан?
Жауап: Түркістан қаласында.
-
Сұрақ: Шыңғыс ханның шын есімі қандай?
Жауап: Темүжин.
-
Сұрақ: Нумизматика нені зерттейді?
Жауап: Тиындар, құйма ақша кесектері және өзге де ескерткіштер арқылы ақша соғу мен ақша тарихын зерттейтін тарих ғылымының саласы.
-
Сұрақ: «Жеті қазынаның» бірі қандай жануар?
Жауап: Ит.
3-топ: «Дала жолы»
-
Сұрақ: «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының авторы кім?
Жауап: Есім хан.
-
Сұрақ: Қазақтың тұңғыш шешені кім?
Жауап: Жиренше шешен (XV ғ.).
-
Сұрақ: 30 тамыз қандай күн?
Жауап: Конституция күні.
-
Сұрақ: С. Датұлы көтерілісі қай жылдары болды?
Жауап: 1783–1797 жж.
-
Сұрақ: Жылқының таймауы үшін тұяғына тағылатын ат әбзелі қалай аталады?
Жауап: Таға.
-
Сұрақ: ҚР Әнұранының авторлары кімдер?
Жауап: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; әні — Ш. Қалдаяқов.
-
Сұрақ: Айша бибі кесенесі қай жерде орналасқан?
Жауап: Жамбыл облысында.
-
Сұрақ: Абылай ханның шын есімі қандай?
Жауап: Әбілмансұр.
-
Сұрақ: Адамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым қалай аталады?
Жауап: Археология.
-
Сұрақ: Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын қалай аталады?
Жауап: Көкпар.
2-кезең: «Тарихқа саяхат»
Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Әр бөлімде ұпай құны 10 / 20 / 30 / 40 болып өседі.
1) Тарихи тұлғалар
10 ұпай
1771–1781 жж. билік құрған қазақ ханы — Абылай хан.
20 ұпай
Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан тұлға — Жәңгір Бөкейханұлы.
30 ұпай
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиналысында Кіші жүз әскерінің қолбасшысы әрі ханы болып сайланған хан — Әбілқайыр хан.
40 ұпай
«Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы — Мұхаммед Хайдар Дулати.
2) Тәуелсіз Қазақстан
10 ұпай
Қазақ халқының қайта өрлеуі мен мемлекеттілігінің белгісі саналатын Астанадағы архитектуралық кешен — Бәйтерек.
20 ұпай
2011 жылы 1 желтоқсанда ашылған, Қазақстандағы алғашқы метрополитен қай қалада? — Алматы.
30 ұпай
«Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қашан қабылданды? — 2006 ж. 7 қаңтар.
40 ұпай
Біздің Елбасымызға арнап ескерткіш қай елде орнатылды? — Түркия, Анкара қаласы.
3) Салт-дәстүр
10 ұпай
Базарлық — алыс сапардан, сауда жолынан оралған адамның жақындарына, көршілеріне, балаларға сыйлық әкелу дәстүрі. Бұл — ықылас пен сыйластықтың белгісі.
20 ұпай
Сүйінші — қуанышты хабар жеткізушінің «сүйінші» сұрауы. Үй иесі ризашылық ретінде сыйлық береді.
30 ұпай
Ерулік — ауылға көшіп келген жаңа көршіні қонаққа шақырып, дәм-тұз ұсыну дәстүрі.
40 ұпай
Өмілдірік — ер-тоқым әбзелдерінің бірі. Ер жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі. Әдетте былғарыдан жасалып, әшекейленеді; кейде астына киіз, шұға салынады.
4) Әр түрлі сұрақтар
10 ұпай
Қазақстанның атын әлемге паш еткен этно-рок музыкалық ансамбль — «Ұлытау».
20 ұпай
1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының Жарғысы» авторы — Сперанский.
30 ұпай
Қазақстан XXX жазғы Олимпиада ойындарында неше медаль иеленді? — 13.
40 ұпай
Әлемнің 7 кереметі:
- Мысыр пирамидалары (Египет)
- Семирамиданың аспалы бағы (Вавилон)
- Галикарнас кесенесі (Кіші Азия)
- Артемида ғибадатханасы (Эфес)
- Родос алыбы (Родос аралы)
- Зевс мүсіні (Олимпия)
- Александрия шамшырағы (Мысыр)