Құстардың қаңқасына тән белгілер

Сабақтың тақырыбы

Құстар жоғары класы. Қауырсын жамылғылы жануарлар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Құстардың тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшеліктері, көптүрлілігі және өздеріне тән белгілерімен таныстыру.

Дамытушылық

Ойын тәсілдерін қолдану арқылы құстар туралы білімді толықтыру, пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Құстарды қорғауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

  • Дайын слайдтар
  • Құстардың тұлыптары
  • Қаңқа үлгілері
  • Қауырсындар және басқа да материалдар

Сабақтың барысы

Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасы сұралады. Тапсырмалар қатарлар бойынша ұйымдастырылады.

1-қатар: тест тапсырмалары (жорғалаушылар)

1) Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым

  • а) зоология
  • ә) герпетология
  • б) биология

2) Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?

  • а) 3
  • ә) 4
  • б) 2

3) Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?

  • а) бүйрек
  • ә) жүрек
  • б) өкпе

4) Жорғалаушылардың терісі қандай?

  • а) тегіс, безді
  • ә) ірі қабыршақты
  • б) мүйізді қабыршақты

5) Жорғалаушылар қалай көбейеді?

  • а) жұмыртқа арқылы
  • ә) уылдырық арқылы
  • б) тірілей

2-қатар: серпіліс сұрақтары (жорғалаушылар)

  1. Жорғалаушылар қаңқасының құрылысы қандай?
  2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады?
  3. Терісінің құрылысы қандай?
  4. Ас қорыту мүшелері қандай?
  5. Зәр шығаруы қалай жүреді?
  6. Қан айналым мүшесі қандай?
  7. Қандай отрядтары бар?

3-қатар: биологиялық диктант (жорғалаушылар)

  1. Жорғалаушылардың терісі — __________.
  2. Терісі өсу кезеңінде үнемі __________.
  3. Жүрегі жартылай __________.
  4. Жорғалаушылардың сезім мүшелері — __________.
  5. Дара жынысты, __________ ұрықтанады.
  6. Жұмыртқа салады және кейбірі __________ туады.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылардың пікірлері тыңдалады. Сабақ тақтадағы суреттер, тұлып, қаңқа үлгілері арқылы түсіндіріледі. Материал слайдтармен кезең-кезеңімен беріледі.

Слайд жоспары

  1. Құстардың сыртқы құрылысы
  2. Құстардың түрлері (пингвин, түйеқұс, үйрек, бүркіт және т.б.)
  3. Құстардың қаңқасы
  4. Ас қорытуы
  5. Қосарлы тыныс алуы
  6. Қан айналым жүйесі
  7. Жүйке жүйесі
  8. Зәр шығаруы
  9. Жұмыртқаның құрылысы
  10. Балапан түрлері
  11. Құстардың арғы тегі (ілкіқұс, көнеқұс)

Сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап)

Негізгі сұрақтар

  1. Құстар қаңқасына тән белгілер қандай?
  2. Тыныс алуында қандай ерекшеліктер бар?
  3. Балапан шығарудағы ерекшелігі қандай?
  4. Неліктен құстарды жылықандылар деп атайды?
  5. Жорғалаушыларға ұқсас белгілері қандай?
  6. Зәр шығарудағы ерекшелігі қандай?
  7. Терісінің қосалқы бөлімдері қандай?
  8. Ас қорытудағы ерекшеліктері қандай?

Сөзжұмбақ: «Құстар»

  1. Құстар қалай тыныс алады?
  2. Құстар қалай көбейеді?
  3. Қауырсынның бөлігі
  4. Тіс қызметін атқаратын қарын
  5. Аяқтың бөлігі
  6. Жүрегі неше бөлікті?

Ойын: «Қандай құс?»

  1. «Баласын аппағым» дейтін қандай құс? (қарға)
  2. Қандай құстың тамағы «шоқуменен табылған»? (сауысқан)
  3. Қандай құстың түсіне «тары» кіреді? (тауық)
  4. Қандай құс ұша алмайды? (пингвин)
  5. Махамбет өлеңінде аталатын қандай құс? (қызғыш)
  6. Қандай құс қорегін түнде аулайды? (үкі, жапалақ)
  7. Кез келген ұяға жұмыртқа салатын қандай құс? (көкек)
  8. «Орман дәрігері» аталатын қандай құс? (тоқылдақ)
  9. Қандай құстың «қазаны» бар? (бірқазан)

Тіл-өнер ойыны (үш тілде)

Құстар
птицы — birds
Жұмыртқа
яйцо — egg
Балапан
цыпленок — chicken
Тауық
курица — hen

Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушыларды бағалау

Сабақ барысындағы белсенділік, жауаптың дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

Құстар туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жазып келу.