Теріс сандарды қосу ережесі
Сабақ тақырыбы: рационал сандарды қосу мен азайту (есептер шығару). Төменде сабақтың мақсаты, құрал-жабдықтары және кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыс түрлері жинақталған.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім.»
Сабақтың мақсаты
- Теріс сандарды және таңбалары әртүрлі сандарды қосу мен азайту бойынша теориялық білімді практикада еркін қолдану дағдыларын жетілдіру, бекіту.
- Ауызша есептеу қабілетін, логикалық ойлауды арттыру арқылы шығармашылықты дамыту.
- Жауапкершілікке, нәтижеге ұмтылуға, өз мүмкіндігіне сенуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Көрнекілік
Презентация, интербелсенді тақта, бағалау парағы, үлестірме материалдар.
Үй тапсырмасы (алдыңғы)
№531, №533.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындықты тексеру, жұмысқа жұмылдыру.
- Тақырып пен мақсатты хабарлау.
II. Өткенді қайталау (жүгіртпе сұрақтар)
1. Натурал сандар деп қандай сандар аталады?
2. Бүтін сандар деп қандай сандар аталады?
3. Қандай сандар рационал сандар жиынына жатады?
4. Теріс сандарды қосу ережесі қандай?
5. Таңбалары әртүрлі екі санды қосу ережесі қандай?
6. Рационал сандарды азайту ережесі қандай?
Сыныпқа бағыттау
«Қандай сұрақ болса да, жауабын таппай қоймайық!»
III. Ауызша есептеулер
Есептерді жылдам орындап, нәтижені дәлелдеуге назар аударыңыз.
-5 + 20
11 + (-50)
-2,8 + 3,2
-4 + 4
-4 + 5
-7 + 50
-3,8 + 6,1
(-3) + 3
-15 + 40
7 + (-50)
4,5 + (-7,5)
0,06 + (-0,6)
-5 + ( ) = 0
6 + ( ) = 11
-3 + ( ) = 0
IV. Альтернативті жауап парағы («Иә» / «Жоқ»)
| Тұжырым | Иә | Жоқ |
|---|---|---|
| 0 саны бүтін сан бола ма? | □ | □ |
| Теріс сандар рационал сандар бола ма? | □ | □ |
| Бөлшек сан натурал сан бола ала ма? | □ | □ |
| 0 санының қарама-қарсы саны жоқ деген пікірмен келісесің бе? | □ | □ |
V. Алгоритмдік деңгей
Ұран
«Білімді мыңды жығады. Білім шыңына жетейік!»
7 - 8 - 11 = ?
4,5 - 6,5 = ?
-20 + (-15) = ?
VI. Оқулықпен жұмыс
Тест тапсырмалары
Әр оқушы парақшадағы тестті орындайды. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.
1) Есептеңдер:
-5,2 - (-7,3) - 6,7 =
- A) -4,6
- B) 19,2
- C) -19,2
2) Есептеңдер:
14,8 - 1,78 - 18,1 =
- A) -5,08
- B) 5,08
- C) -3,8
3) Есептеңдер:
5 - (-13) - 24,16 =
- A) -6,16
- B) 20,16
- C) 6,16
4) Есептеңдер:
-3,4 - (+8,19) - 4,5 =
- A) -22,25
- B) 22,25
- C) 0,29
5) Есептеңдер:
-8,6 + 1,78 + 4,23 =
- A) -2,59
- B) 14,61
- C) 2,59
Шығармашылық және логикалық тапсырмалар
Шығармашылық тапсырма
Теріс сандар туралы тарихи мәлімет дайындау (қысқаша дерек, қызықты факт, мысал).
Логикалық есептер
- Дорбадағы 10 асықты 10 балаға бір-бірлеп үлестіргенде дорбада бір асық қалып қояды. Бұл қалай? Жауап: бір балаға дорбасымен бірге береді.
- Түнгі сағат 10:00-де жауын жауып тұр. 36 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
- 2 қолда 10 саусақ. 10 қолда неше саусақ? Жауап: 50 саусақ.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Теңдеуді шешіп, шыққан мәннің қай сандар жиынына жататынын анықтаңыз.
N
Натурал сандар
Z
Бүтін сандар
Q
Рационал сандар
Қорытынды бөлім
Үй тапсырмасы
№543, №544.
Бағалау
Әр тапсырма бойынша топ басшылары бағалау парағына ұпай/баға қояды. Сабақ соңында қорытынды баға шығарылады.