Кейіпкерлерді атау

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырыбы

Жабайы және үй жануарлары.

Сабақтың түрі

Дамыта оқыту.

Сабақтың әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Сайыс әдісі

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, биология.

Көрнекіліктер

Жан-жануарлардың суреттері, слайдтар, плакаттар, семантикалық карта.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

  • Өткен материалды еске түсіру және қайталау.
  • Жаңа материалды меңгерту.
  • Үй жануарларының пайдасы туралы түсіндіру.

Білімділік

Үй жануарларының пайдасы және олардан жұғуы мүмкін ауру түрлері туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Ғылыми жұмыстармен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беру.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды өз ойын жүйелі түрде жинақтап жеткізуге үйрету.
  • Ұлтымыздың салт-дәстүрімен таныстыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, журнал бойынша сыныпты түгелдеу.
  2. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды реттеу.
  3. Сабаққа зейін қоюға бағыттау.
  4. Топқа бөлу:
    • I топ: Бастау тобы
    • II топ: Негізгі топ
    • III топ: Ғылыми топ

Психологиялық дайындық

Күн шуағын жинаймыз,
Достарымызға сыйлаймыз.

II. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру

1-кезең

Үй тапсырмасы семантикалық картаны толтыру арқылы тексеріледі. Сонымен қатар ана тілі сабағында өткен «Үйшік» (орыс ертегісі) арқылы пысықталады:

  1. Рөлге бөліп ойнау.
  2. Кейіпкерлерді атау.
  3. Әр кейіпкердің жануарлар тобына жататынын анықтау.

Мысалдар

  • Қосмекенді: бақа
  • Кемірушілер: тышқан

Мысалдар

  • Сүтқоректілер: түлкі, қасқыр, аю
  • Жыртқыш аңдар: қасқыр, түлкі

2-кезең

Сұрақ-жауап: «Сүтқоректі жануарлар туралы не білеміз?»

I топ

Жабайы аңдар мен үй жануарлары төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды сүтқоректі жануарлар деп атайды.

II топ

Жер бетінде денесін түк (жүн) басатын жануарлар — сүтқоректілер. Қыстың суық айларында кейбір түрлерінің жүні қалыңдайды. Сүтқоректілерді жылықандылар дейді, өйткені олардың дене температурасы ауа райына қарамастан тұрақты сақталады.

III топ

Құрлықтағы сүтқоректілердің көбінде төрт аяқ болады, ал теңіз сүтқоректілерінде аяқтың орнында жүзбеқанаттары кездеседі. Көк кит — ең ірі сүтқоректі жануар.

3-кезең

Сұрақ: «Жабайы жануарлар деп неліктен атаймыз?»

II топ

Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген, адам қамқорлығынсыз қорек тауып, тіршілігін жалғастыра алады.

I топ

Жабайы жануарларға: жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю және т.б. жатады.

III топ

Жабайы жануарлардың кейбір түрлері қыста қысқы ұйқыға кетеді. Мысалы, аю қорегінен жинаған энергияны май қорымен сақтайды, сондықтан ұйқы кезінде табанын жалайды деген түсінік кездеседі.

4-кезең

Сұрақ: «Жыртқыш жануарлар туралы не білеміз?»

I топ

Мысық, ит, ақкіс сияқты аңдар мен құстарды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыш жануарлар дейміз.

II топ

Жыртқыштар жемін аңдып, бақылап, қолайлы сәтте үлкен жылдамдықпен қуып жетіп аулайды. Оларға арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, жапалақ және т.б. жатады.