Торғайды тамақтандыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, №5 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі — Абылғазина Камал Мағзұмқызы.
- Білім беру саласы
- Шығармашылық
- Тарауы
- Сурет салу
- Тақырыбы
- Торғайларға жем шашамыз
Мақсаттар
Білімділік
Бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; қағаз бетіне ТРИЗ әдісі арқылы нүктелер түсіруді үйрету.
Дамытушылық
Көрсету арқылы балалардың ой-қиялын дамыту.
Тәрбиелік
Құстарға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
- Торғайлар
- Жем
- Нүктелер
Әдіс-тәсілдер
- Көрсету
- Түсіндіру
- «Шаттық шеңбері»
Көрнекіліктер мен құралдар
Слайд және демонстрациялық материалдар
Торғайдың макеті, торғайдың ұясы
Жемшашар (жем салатын ыдыс)
Үнтаспадан торғайдың дауысы
Сабақ барысы
1) «Шаттық шеңбері»
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да,
Шуағын төгіп тұр.
Балалар бір-біріне жылулық сыйлайды.
2) Әңгімелесу және сұрақ-жауап
Жылдың қай мезгілі?
Қыс.
Қыста күн қандай болады?
Суық.
Жер беті қандай түсте?
Аппақ.
Адамдар қалай киінеді?
Жылы киінеді.
Қыста жан-жануарларға тіршілік ету қиындайды: күн суытады, жер бетін қар басады, сондықтан олар жемін таба алмай қалады. Сол себепті құстар адамдар тұратын жерлерге жақын келіп қоныстанады.
Біз құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстар — біздің досымыз. Олардың табиғатқа да, адамға да пайдасы зор: көптеген құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Соның ішінде торғай да бар.
3) Танымдық бөлім: торғай туралы
Торғай — кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты. Қанаты ұзын, түсі сұрғылт, бозғылт болып келеді.
4) «Ғажайып сәт»
Балалар, бізге қарны ашқан торғай келіпті. Ол бізден тамақ сұрап тұр. Ендеше, бәріміз торғайды тамақтандырайық.
Тапсырма
Торғай әлі көңілсіз сияқты. Көңілдендіру үшін құстар туралы тақпақ айтып берейік.
Балалар құстар туралы тақпақтарын айтады. Торғайдың көңілі көтерілгендей болады.
5) Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
6) Тыңдалым
Балалар, тыңдаңдаршы — торғайлардың дауысы естіліп тұрған сияқты. Сендердің торғайға жем бергендеріңді естіп, қарны ашқан басқа торғайлар да келді.
Балалар үнтаспадан торғайдың дауысын тыңдайды.
7) Практикалық жұмыс: «Торғайларға жем шашамыз»
Енді алдымыздағы торғайларымызды «тамақтандырайық»: қағаз бетіне нүктелер түсіру арқылы жемді бейнелейміз.
- Сурет салу тәсілін көрсету және түсіндіру.
- Қауіпсіздік ережелерін еске салу.
- Дайын бояуды саусақтың ұшымен нүкте етіп түсіру.
Балалар өз жұмыстарын орындайды.
8) Қорытынды
Дайын жұмыстардан шағын көрме ұйымдастырылады.
Жұмысты ұқыпты әрі шығармашылықпен орындаған балалар мадақталады.