Сөйлемнің соңынан қойылатын тыныс белгілер

Сабақ: Қазақ тілі (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Білімділік мақсат

  • Сөйлем туралы түсінікті нығайту.
  • Сөйлем түрлері туралы білімді толықтыру.
  • Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық мақсат

  • Ойлау қабілеті мен сөздік қорды дамыту.
  • Сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіру.
  • Мәнерлеп сөйлеуге, сауатты әрі көркем жазуға дағдыландыру.
  • Өз бетінше жұмыс орындауға үйрету.

Тәрбиелік мақсат

  • Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.
  • Туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
  • Еңбекке баулу, үлкенді құрметтеуге үйрету.
  • Достық қарым-қатынасты нығайту.

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

Әдіс-тәсілдер: СТО технологиясы тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.

Көрнекілік: сөйлем үлгілері, суреттер, қима қағаздар.

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
    • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
    • Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру

    Білімді жан-жақты тексеру сұрақтары:

    • Сөйлем дегеніміз не?
    • Сөйлем неден құралады?
    • Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
    • Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
    • Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
    • Сөйлемнің түрлері қандай?
  3. III. Жаңа сабақ

    Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру: сөйлем туралы білімді нығайту, сөйлем түрлерін толықтыру, сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.

  4. IV. Жаңа сабақты бекіту

    Жаттығулар, қосымша тапсырмалар және талдау жұмыстары арқылы бекіту.

  5. V. Қорытындылау және бағалау

    «Біз не білдік?» сұрағы арқылы талқылау, оқушы белсенділігі мен білімін бағалау.

  6. VI. Үй тапсырмасы

    6-жаттығу: сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Жаңа тақырыпты меңгерту: жұмыс түрлері

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу сәті: қаламсапты дұрыс ұстау және дұрыс отыру ережелері ескертіледі.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Қайсысы сөйлем? Неліктен? Сөйлемге тән белгілерді еске түсір.

Білім, кітап, бұлақ.

Кітап — білім бұлағы.

2-жаттығу

Сөйлемдегі сөздер қалай байланысады? Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Өзгеріске түскен сөздерді тап.

  • Кітап, оқы, көп.
  • Сендер, білім, көп, көмектеседі, болу.

4-жаттығу

  1. 1.Мәтінде неше сөйлем бар?
  2. 2.Тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.
  3. 3.Әр сөйлем неше сөзден құралған?
  4. 4.Ертегіні жалғастыр.

5-жаттығу

Нүкте не үшін керек?

Ереже: сөйлем соңында нүкте, сұрау белгісі немесе леп белгісі қойылады.

Пысықтау: тыныс белгілері

Сөйлем соңында қойылатын белгілер: Нүкте (.) Сұрау белгісі (?) Леп белгісі (!)

Тыныс белгілерінің көңіл күйге әсері: қуану, ренжу, өкіну сияқты сезімді білдіруге көмектеседі.

Өлең жолдары (талқылауға)

Тыныс белгілер:
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым — соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.

Тілдік талдау

  • «Нүкте» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
  • «Нүкте» сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

Сергіту сәті және қосымша тапсырмалар

Қосымша жұмыс (жіктеу)

Берілген сөйлемдерді түріне қарай бөліп жаз: Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын сергіту.

Мәтін: «Сары ала қаз»

Дереккөз: «Қызықты зоология» (шамамен 40 сөз)

Тапсырма: неше сөйлем?

Қазақстан көлдерінен сары ала қаздарды жиі кездестіруге болады. Олар түлкі мен борсықты індерінен қуып шығарады. Аузындағы жемдерін тартып жейді. Кейде азулы аңдарға балапандарымен барады. Қаздар бұл батылдықты қайдан үйренді? Оны жыланнан үйренген. Қаздар жауын жыланша ысқырып қорқытады.

Қорытынды және бағалау

Талқылау

«Біз не білдік?» сұрағы бойынша негізгі ұғымдарды қайталау.

Бағалау

Оқушының білімі мен белсенділігі ескеріледі.

Үй тапсырмасы

6-жаттығу: сурет бойынша әңгіме құрастыру.