Қазылар алқасының бағасы

Өнер байқауының бағдарламасы

Ғ. Мұратбаев ауылының №15 «Балдәурен» балабақшасында тәрбиешілер мен күтушілер арасында өнер байқауы өткізіледі. Бағдарлама құрастырушысы: Жаманқара Гүлнәр.

Тақырыбы

«Талантыңмен таныл»

Мақсаты

  • Өнерлі, талантты жандарды көпшілікке таныту және насихаттау.
  • Орындаушылық шеберліктің артуына ықпал ету.
  • Мерекелік көңіл күй сыйлап, қатысушыларды марапаттау.

Ұйымдастыру

Өтетін орны: балабақшаның музыка залы, безендірілген сахна.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, музыкалық күшейткіш құралдар және т.б.

Өту барысы

1) Кіріспе. Залда музыка ойнап тұрады. Шақырылған қонақтар өз орындарына жайғасады.

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгін көктем мерекесін сіздермен бірге өнер мерекесі ретінде атап өтеміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты апайлар, аналар, қыздар!

Бүгінгі өнер сайысымыз «Талантыңмен таныл» деп аталады. Ұжымымызда өнерлі, талантты, жан-жақты жандар көп. Апайларымыз бен қыздарымыздың өнерін таныту, насихаттау, орындау шеберлігін арттыруға ықпал ету — біздің басты мақсатымыз.

Осыған орай балабақшаның үш тобы арасында өнер сайысын ұйымдастырып отырмыз. Ендеше, сайыс шарттарымен танысайық.

Сайыс шарттары

  1. 1 Таныстыру және қабырға газетін ұсыну.
  2. 2 Ән сайысы.
  3. 3 Би сайысы.
  4. 4 Көрініс (әзіл көріністер).
  5. 5 Тағам мәзірін дайындау.
  6. 6 Топтардың бір-біріне әзіл сұрақтар қоюы.

Қатысушылар

Сайысқа үш топ қатысады. Әр топта 4 адамнан.

1-топ

«Құлагер» (мектепке даярлық тобы)

2-топ

«Айгөлек» (сәбилер тобы)

3-топ

«Бәйтерек» (бөбектер тобы)

«Қош келдіңіздер бүгінгі мерекеге! Әнсіз-жырсыз өмірің бір өтер ме? Апайларды қошеметпен қарсы алайық!» — деп, сайысқа қатысушы өнерпаздарды ортаға шақырамыз.

Сайыс бөлімдері

1) Таныстыру

Әр топ өз құрамын таныстырып, дайындаған қабырға газетін ұсынады.

Шақыру:

Ортаға №1 топ шақырылады.

2) Ән сайысы

«Ән — бұлақ, ешқашан көнермеген…» Келесі кезеңде әр топ өз өнерін ән арқылы паш етеді.

1-топ

Халық әні «Құралай» — Сәрсенкүл апа.

2-топ

Е. Хасанғалиевтің «Әдемі-ау» — Жанат.

3-топ

«Қыздар-қыздар» — Кәмшат.

Бағалау:

Қазылар алқасы ұпай қояды.

3) Би сайысы

«Көрерменге қызықты — би!» Бұл кезеңде топтар би өнерін көрсетеді.

1-топ

Курд биі.

2-топ

Қазақ биі «Ақжелең» — Сәуле.

3-топ

«Астана» биі — топ мүшелері.

Бағалау:

Қазылар алқасы өз пікірін білдіріп, бағасын қояды.

4) Көрініс (әзіл сахналық көрініс)

Көріп отырғандарыңыздай, ұжымымыздың апайлары өнерден кенде емес. Балабақшада балалармен жұмыс істеген соң, кейде сахнада әртіс болуға да тура келеді. Осы бөлімде әзіл көріністер ұсынылады.

Бағалау:

Қазылар алқасының мүшелері өз ойларын айтады.

5–6) Тағам мәзірі және әзіл сұрақтар

Топтар өздері дайындаған тағам мәзірін таныстырады. Сондай-ақ бір-біріне әзіл сұрақтар қойып, тапқырлық пен ұйымшылдықтарын көрсетеді.

Бағалау:

Критерийлер: ұсыну мәдениеті, идея, ұжымдық жұмыс, тапқырлық.

Қорытынды және марапаттау

«Жүзден жүйрік шықпай ма, мыңнан тұлпар…» — деп, барлық топқа сәттілік тілейміз. Өнер айдынында шарықтап, әр қатысушының жұлдызы жана берсін!

Мерекеміз өз мәресіне жетті. Енді сөз әділқазылар алқасына беріледі: олар қорытындыны жариялап, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттайды.

Қорытынды сөз:

Құрметті өнерпаздар! Өнерлеріңіз өрге жүзсін! Концерттік бағдарлама соңында мерекелік би кеші ұйымдастырылады.