Өнерді әділдікпен бағалайтын
Сабақ тақырыбы: «Қыз — еркем, ісімен көркем»
Бұл сабақта ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы бойжеткен қыздардың әдептілік, инабаттылық, биязылық секілді қасиеттерін дамыту, өнер мен еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу көзделеді.
Мақсаты
- Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы ұяңдыққа, биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу; әдептілік қасиеттерді дамыту.
- Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа және іскерлікке үйрету.
- Қолөнердің қыр-сырын меңгерте отырып, ізденіс пен танымдық қабілетті күшейту.
- Өнерге ынта мен қабілетті дамыту; халқымыздың асыл мұраларын құрметтеуге, өнерді түсінуге және сүюге баулу.
- Талғаммен киіну мәдениетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулыққа құштарлықты арттыру.
- Эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлауды дамыту; мақал-мәтелдер арқылы жақсылыққа және іскерлікке ұмтылдыру.
Көрнекілігі
- «Шебердің қолы — ортақ» тақырыбындағы көрме
- Даналық сөздер, нақылдар
Мысалдар: «Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас», «Өнер көзі — халықта» және т.б.
Сабақ форматы
- Сайыс сабағы (білім-ізденіс, өнер)
- Пәнаралық байланыс: әдебиет, технология, музыка
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Әділқазы алқасын сайлау
- Сайыс шарты мен жоспарымен таныстыру
Мұғалімнің сөзі
Құрметті ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, қызғалдақтай құлпырған ару қыздар және құрбы-құрдастар! Сіздерге арналған «Қыз — еркем, ісімен көркем» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші сөзі
«Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі» деген мақал қыз баланың нәзіктігін, талапшылдығын, өнер-білімге ұмтылысын бейнелейді. Бүгінгі сайысты әділ бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.
- Мектеп директоры
- Оқу ісінің меңгерушісі
- Тәрбие ісінің меңгерушісі
- Ата-аналар комитеті өкілдері
1-кезең: Топ таныстыру және мақал-мәтелдер
Әр топ өз атауын таныстырып, тақырыпқа сай 5 мақал-мәтел айтады.
«Өнер» тобы
- «Өнер іздеген өсер, өсек іздеген өшер»
- «Өнер түбі — елде мол, өнім сыры — жерде мол»
«Шебер» тобы
- «Шебердің қолы — ортақ»
- «Шын шеберде мін болмас»
«Іскер» тобы
Еңбек туралы 5 мақал-мәтел.
«Зергер» тобы
Тыйым сөздер мен ырымдар тақырыбында 5 мақал-мәтел.
Осы кезең бойынша сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
2-кезең: Сұрақ-жауап (брейн-ринг)
«Ақылдылық аруға жарасады…» — келесі бөлімде топтар тақырыптық топтамалар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Аспаздық
- Қамырды ашытып көтеретін не? (ашытқы, сода)
- Борщ дайындауда міндетті түрде не болуы керек? (қызылша, қырыққабат)
- Қымыз неден жасалады? (биенің ашытылған сүті)
- «Десерт» сөзі қай тілден шыққан? (француз)
- Шайдың отаны қай ел? (Қытай)
Машинатану
- Тігін машинасы қандай маймен майланады? (машина майымен)
- Тігін тіккенде саусаққа не киеді? (оймақ)
- 1990 жылы Подольск қаласында қандай фирма зауыт салды? (Зингер)
- Тігін машина жібінің қай нөмірлісі өтімді? (40-жіп)
- Түйме қадауға арналған табан неше тесігі бар түймелерге арналған? (2–4 тесігі бар)
Мататану
- Қандай талшықты мата жылуды жақсы сақтайды? (жүн талшығы)
- Канва деген не? (кесте тігуге арналған селдір мата)
- Тон бізді жылыта ма? (жоқ, жылуды сақтайды)
- Капрон синтетикалық па, әлде жасанды ма? (синтетикалық)
- Жабағы деген не? (малдың көктемде қырқылатын жүні)
Киімді конструкциялау және модельдеу
- Киімді тігу үшін өлшемді адамның қай жағынан алады? (оң жағынан)
- Ең алғаш мода қай елде шыққан? (Италия)
- Юбканың ілгегі қай жағында орналасады? (сол жағында)
- «Барлық мода модадан шығады, ал стиль мәңгі қалады» деген сөз кімге тиесілі? (Коко Шанель)
- Тік юбканың қай бөлігінің ені үлкен? (алдыңғы бөлігі)
Қолөнер
- Түйіндеп тоқу өнері қалай аталады? (макраме)
- Шұлық неше инемен тоқылады? (бес инемен)
- «Бусра» сөзінің аудармасы қандай? (бисер)
- Икебананың отаны қай ел? (Жапония)
- «Технология» сөзінің мағынасы? (техно — өнер, шеберлік; логия — білім)
Музыкалық үзілістен кейін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
3-кезең: Шаш үлгісі және күтім мәдениеті
Жүргізуші
«Білектей арқасында өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын…» — Абай жырлағандай, келесі бөлімді шаш үлгісін көрсетуге арнаймыз. Әр топ шаш туралы өз ойларын ортаға салады.
«Өнерлі» топтың ұсыныстары
- Шаш күтімінің негізгі тәсілі — шашты дұрыс әрі тұрақты жуу.
- Басты тым ыстық сумен жууға болмайды: бұл май бездерінің бөлінуін күшейтеді.
- Сабынды/күшті жуғыш құралдарды жиі қолдану шашты құрғатады.
- Шашты жиі бұйралап, күйдіріп бояу шаштың сиреуіне, сынуына және түсуіне әкелуі мүмкін.
- Шаштың түсуін азайту үшін: сарымсақ қабығын ыстық суға салып, 15–20 минут қайнатып, суыған соң сол сумен басты шайқауға болады.
Осы бөлім бойынша сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
4-кезең: «Ою ойғанның ойы — ұшқыр»
Сайыс шарты: матаның бетіне ою-өрнек түсіріп, әшекейлеу. Әр топ таңдаған оюына сипаттама береді.
Қошқар мүйіз
Қошқардың екі шекесіне иіріле біткен қос мүйізіне ұқсайды. Киімдерде, сондай-ақ текемет, сырмақ, аяққап сияқты киіз бұйымдарында жиі кездеседі.
Жұлдыз өрнегі
Аспандағы жұлдыз бейнесіне ұқсайды. Көбіне кілем бұйымдарында кең қолданылады.
Түйетабан
Түйенің табанына ұқсас ою. Киімдерде және тұрмыстық бұйымдарда кездеседі.
Сынық мүйіз
Сынық сызық арқылы мүйізді бейнелейтін өрнек. Көбіне шым, ши, терме бау, алаша сияқты бұйымдарда жиі ұшырасады.
Ою-өрнек туралы ой
«Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендік?» деген сұраққа суретші Әбілхан Қастеев:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен», — деп жауап берген екен.
5-кезең: «Фантазия» (үй тапсырмасы)
Шарты: әр топ қиялға сүйене отырып, мата немесе басқа материалдардан дайындалған киім үлгісін көрсетеді.
Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
Қорытынды
Қадірменді көрермен қауым, сайысымызды тамашалап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет!