Айсұлу орман ішінде аяндап келе жатып, құстардың дауысын естиді

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Балаларға құстар туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру және құстарға қамқорлықпен қарауға үйрету.

Дамытушылық

Құстардың дауыстарын салу арқылы тілдік қорын молайту, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер айту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар мен әдістер

Көрнекілік

  • Құстардың бейнелері
  • Дала құстары мен үй құстарына арналған тапсырмаларға сәйкес суреттер

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Тәрбиеші: «Ал, балалар, алдымен сәлемдесейік. Қонақтарымызбен амандастық, енді алақандарымызды түйістіріп, бір-бірімізге жылы лебіз айтайық».

  • 1 Балабақшамыз гүлдене берсін.
  • 2 Нанымыз көп болсын.
  • 3 Ата-анамыз ауырмасын.
  • 4 Қаламыз көркейе берсін.
  • 5 Ешқашан ауырмайық.

Тәрбиеші: «Жарайсыңдар!»

Негізгі бөлім: Айсұлудың әңгімесі

Тәрбиеші: «Балалар, сендерге Айсұлудың әңгімесін айтып беремін. Барлығымыз мұқият тыңдайық».

Ертеде Айсұлу деген қыз болыпты. Бір күні ол анасынан рұқсат сұрамай, үйден шығып кетеді. Жол жүріп келе жатып орманға кіріп кетеді.

Тәрбиеші: «Балалар, айтыңдаршы, орманда нелер тіршілік етеді?»

Балалар: «Аю, қасқыр, түлкі, тиін, қоян».

Тәрбиеші: «Дұрыс. Орманда аңдар, құстар және жәндіктер өмір сүреді».

Айсұлу орман ішінде келе жатып, құстардың дауысын естиді. Қай құстың үні екенін ажырату үшін, мұқият тыңдайды. Құстар мына жұмбақтарда жасырылған:

Қонып алып талға, қарқылдайды…

Қарға (қарқ-қарқ-қарқ)

Өзінің атын қайталап шақырады…

Көкек (кук-кук-кук)

Тыныш отыра алмай, шиқылдайды…

Шымшық (шиқ-шиқ-шиқ)

Міне, бұлар Айсұлудың естіген құстарының дауыстары.

Айсұлу әрі қарай жүріп келе жатып, қалың шөп арасынан ысылдаған дыбыс естиді. Бұл — жыланның дауысы. Қыз қорқып, кері шегінеді.

Тәрбиеші: «Балалар, жылан қалай дыбыс шығарады?»

Балалар: «Ыссс-ыссс-ыссс…»

Жылан: «Менен құтылғың келсе, тапсырмамды орында», — дейді.

Тәрбиеші: «Балалар, Айсұлу бізден көмек сұрап тұр. Көмектесеміз бе?»

Тапсырма: үй құстары мен дала құстарын ажыратып, екі бөлікке топтастырып, атауларын айту.

Тәрбиеші: «Жарайсыңдар! Енді әңгімені жалғастырайық».

Балалардың көмегімен Айсұлу жыланнан құтылады.

Айсұлу қуанып, ағаш түбіне келіп аздап демалады. Сол сәтте құлағына ызыңдаған дыбыс естіледі.

Тәрбиеші: «Балалар, бұл қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?» Әрине, бұл — масаның дауысы.

Барлығымыз бірге: «Ыз-ыз-ыз…»

Айсұлу қатты шаршап, қайтар жолды таба алмай, орман ішінде жүре береді. Кенет алуан түсті гүлдерді көріп қуанады. Гүлдердің хош иісін иіскеп тұрған кезде, олардың шырынын жинап жүрген араларды байқайды.

Тәрбиеші: «Енді араның дауысын салайық».

Барлығымыз бірге: «Ыжжж-ыжжж-ыжжж…»

Тәрбиеші: «Қазір мен З және Ж дыбыстарына арналған жаңылтпаш айтамын, сендер қайталайсыңдар».

Жаңылтпаш (Ж дыбысы)

Жағажай, жағажай,
Жағажайда Қамажай.

Жаңылтпаш (З дыбысы)

Зу-зу зулап,
Зымырайды ұшақ.

Айту тәсілі: 3 рет — баяу, орташа, тез.

Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, балалар! Енді орнымыздан тұрып, сергіп алайық».

Сергіп алған соң, Айсұлудың әңгімесіне қайта ораламыз. Айсұлу орман ішінде келе жатып, күн бұлттанып, қатты жел соққанын көреді.

Тәрбиеші: «Желдің дыбысын шығарайық».

Барлығымыз бірге: «Ууу-ууу-ууу…»

Тәрбиеші: «Жапырақтар қалай сыбдырлайды?»

Барлығымыз бірге: «Шшш-шшш-шшш…»

Айсұлу бұл дыбыстардан қорқып, үйіне қайтқысы келеді. Бірақ жолды білмейді. Ағаш түбіне ықтап отырып, жылайды.

Сол кезде ағаштан ағашқа секіріп жүрген тиін оны көріп: «Сен кімсің? Неге жылап отырсың?» — дейді.

Айсұлу рұқсатсыз шығып кетіп, адасып қалғанын айтады. Тиін: «Тапсырмамды орындасаң, үйіңе апарар жолды көрсетемін», — дейді.

Тәрбиеші: «Балалар, Айсұлудың тапсырманы орындауына көмектесеміз бе? Ендеше, тиіннің логикалық тапсырмаларын орындайық».

  1. 1 ҚР мемлекеттік Туында қандай құс бейнеленген? (Бүркіт)
  2. 2 Әнші құс қалай аталады? (Бұлбұл)
  3. 3 Каспий теңізіне қыста қандай құс ұшып келеді? (Аққу)

Тәрбиеші: «Енді осы құстарға байланысты жұмбақ шешейік».

Жайнаған бақтың әншісі, тамсанған оған сән кісі.

Жауабы: бұлбұл

Су бетін сызып, ақ құман жүр жүзіп.

Жауабы: аққу

Бес қаруы белінде, самғап жүрер көгімде.

Жауабы: бүркіт

Тәрбиеші: «Тапқыр екенсіңдер! Сендердің көмектеріңнің арқасында Айсұлу үйіне аман-есен оралды».

Қорытынды бөлім

Айсұлу балаларға алғысын білдіреді. Тәрбиеші балалармен шеңбер жасап, ойын ойнауды ұсынады.

Ойын: «Не жақсы? Не жаман?»

Сабақ соңында қорытынды сұрақтар қойылып, оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балалар мадақталады.