Аптаның бүгін қай күні
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Бүгін бізде ерекше мереке: тобымыздағы екі оқушының туған күні. Бұл күн — мейірім мен бірлікті, сыйластық пен ізеттілікті еске салатын қуанышты сәт.
Сыйластық туралы шағын әңгіме
Мұғалім: «Біз сыйластық туралы не білеміз? Сыйластық деген не?»
Оқушы: «Сыйластық пен адалдықтың белгісі — иіліп сәлем беру.»
Балалар қонақтарға иіліп сәлем береді.
Мерекелік сәт
Мұғалім: «Аптаның бүгін қай күні?»
Оқушылар: «Бүгін — сенбі.»
Мұғалім:
Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау торт пен гүлдің.
Айтыңдаршы, балалар,
Туған күні кімнің?
Оқушылар: Ақнұр мен Наурызбектің!
Балалар Ақнұр мен Наурызбекке гүлдерін табыстайды. Олар өздеріне арналған орынға келіп отырады.
Әженің өнегесі: бесік және бесік жыры
Әже бесікті ортаға қойып, сәбиді бөлеп көрсетеді. Ол балаларға: «Сендерді де аналарың осылай бесікке бөлеп өсірген», — деп, ұлттық тәрбиенің қадірін ұғындырады.
Әже: «Қане, балалар, бесік жырын кім айтып береді?»
Ән
Бесік жыры
Тақпақтар
Фариза
Бүгін сенің туған күнің,
Бетіңді мөлдір сумен жуған бұл күніңді
Қадірлейміз әр жылда бұл күніңді.
Құтты болсын, құтты болсын туған күнің!
Қолқанат
Жайнасын өмірлерің әр күн сайын,
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың.
Келешек өміріңе бақыт тілеп,
Туған күн мерекеңмен құттықтаймын.
Толғанай
Камзол киіп, қынай бел,
Толған ою-өрнекке.
Билесін деп сұрайды ел,
Өнеріңді көрмекке.
Алдар атаның тапсырмасы: мақал-мәтел және ойын
Алдар ата: «Алдауыш таяғым үйде қалып қойыпты. Маған көмектесіңдер: сұрағыма жауап беріңдер. Кім қандай мақал-мәтел біледі?»
Балалар мақал-мәтел айтып, кейін «Кел, сақинам, кел» ойынын ойнайды. Ойын аяқталған соң, Алдар ата да балалармен бірге отырып тамашалайды.
Өнер бағдарламасы
- Би: 4-сынып оқушылары Ұлжамал, Жұлдызай.
- Ән: Балнұр мен Гүлбанудың орындауында.
Дастархан және торт
Енді торттың шамын өшіріп, туған күн иелеріне торт кесіп берейік.
Ақнұр
Бүгін туған күніміз,
Қолда шоқ-шоқ гүліміз.
Көңіліміз көркейді,
Көп ән, би мен жырымыз.
Наурызбек
Жасымызға жас қостық,
Жақсы күнде бас қостық.
Арманы бір құрдастар,
Ағайын боп достастық.
Қорытынды сөз және шақыру
Ата-аналар комитеті құттықтау сөз сөйлейді. Соңында балаларды, ата-аналарды, Алдар атаны және ұстаздарды мерекелік дастарханнан дәм татуға шақырамыз.