Қазақша рефераттар

Мағжан ЖұмабаевБүлдірген беті бөбектіңҚолында отыр сылдырмақ

Мағжан Жұмабаев

Бүлдірген беті бөбектің
Қолында отыр сылдырмақ.
Өзі сақ - сақ күледі
Сылдырмақтай сылдырлап.
Тоқтап, тыңдап тұрад та,
Сөйлеп қояд былдырлап.
Секіріп - секіріп түседі
Шұнаңдаған құлдыр лақ.
Атасы қарқ - қарқ күледі:
Құр, құлыным, құр - құрлап .
Бөбектің егер қолынан
Түсе қалса сылдырмақ,
Әлімжан аға болмысы
Сылдырмақты сыйдырмақ.
Ең болмаса, байқаусыз
Басып кетіп, сындырмақ.