Олимпиада ойындарының авторы кім

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» — тәрбие сағатының жоспары

Бұл тәрбие сағаты оқушылардың спорт туралы білімін тексеруге, ойлау қабілетін дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Мақсаты

  • Оқушылардың спорт тақырыбындағы теориялық білімін байқау.
  • Ойлау қабілетін жетілдіру және жылдам жауап беру дағдыларын дамыту.
  • Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Барысы

I кезең
Бәйге

Викториналық сұрақтар.

II кезең
Көкпар

Пирамидадағы сұрақтарды таңдау (ұпаймен).

III кезең
Жорға

30 секунд ішінде қысқа сұрақтарға жауап беру.

I тур — «Бәйге» (викторина)

Сұрақтар

Дұрыс жауаптар жақша ішінде берілген.

  1. Олимпиада ойындарының авторы кім? (П. Кубертен)
  2. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының тұмар белгісінде қандай жануар бейнеленді? (аю)
  3. Қазақтан шыққан тұңғыш гимнаст қыз кім? (Әлия Юсупова)
  4. Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз. (тоғызқұмалақ)
  5. 2003 жылы Қазақстандағы ең үздік спортшы ретінде танылған гимнаст жігіт кім? (Е. Ерімбетов)
  6. Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)
  7. Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде және қай жылы өтті? (1896 жыл, Афины, Грекия)
  8. Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? (пешка, слон, ат, ладья, ферзь, король)
  9. Бильярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (кий)
  10. Сидней Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған отандастарымызды атаңыз. (Ыбырайымов, Саттарханов, Шишигина)

II тур — «Көкпар» (ұпайлық бөлім)

Спорт ойындары

10 / 20 / 30 ұпай
30 ұпай

Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай жылы және қай елде өтті? Чемпион болған мемлекетті атаңыз. (1930 жыл, Уругвай; чемпион — Уругвай)

20 ұпай
  1. Афины Олимпиадасында футболдан қай елдің құрамасы жеңімпаз атанды? (Аргентина)
  2. Баскетболдағы «дриблинг» термині нені білдіреді? (допты еденге соғып алып жүру)
10 ұпай
  1. «Волейбол» сөзі қандай ұғым береді? (volley — ұшу, ball — доп)
  2. ФИФА тұжырымы бойынша 2004 жылдың ең үздік футболшысы кім? (Роналдинью)
  3. Баскетбол ойынының авторы кім? (Джеймс Нейсмит)

Жекпе-жек

10 / 20 / 30 ұпай
30 ұпай

Бокстан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы атанған кубалық боксшылар кімдер? (Теофило Стивенсон, Феликс Савон)

20 ұпай
  1. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақтың біртуар боксшысы кім? (Серік Қонақбаев)
  2. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен алтын медаль алған қазақ балуаны кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
10 ұпай
  1. «Балқаш Барысы» атанған қазақстандық боксшы кім? (В. Жиров)
  2. Афины Олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаевтың жаттықтырушысы кім? (Нұрлан Ақүрпеков)
  3. Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан қаласының 1500 жылдығына)

Түрлі-түрлі

10 / 20 / 30 ұпай
30 ұпай

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау және неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)

20 ұпай
  1. Мұздағы би қалай аталады? (мәнерлеп сырғанау)
  2. Бокстың негізін қалаушы, «бокстың әкесі» саналатын ағылшын қайраткері кім? (Джон Джек Браутон)
10 ұпай
  1. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз. (дебют, миттельшпиль, эндшпиль)
  2. Афины Олимпиадасында Қазақстан құрама командасы жалпы есепте нешінші орын алды? (40-орын)
  3. ФИФА ұйымының президенті кім? (Иозеф Блаттер)

Жеңіл атлетика

10 / 20 / 30 ұпай
30 ұпай

Кедергілер арқылы жүгіру жарысында кедергінің биіктігі неше сантиметр? (ерлер — 106 см, әйелдер — 84 см)

20 ұпай
  1. Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигина қай қашықтықта жүгіруден алтын медаль алды? (100 м)
  2. Қазақстандық онсайысшы, Афины Олимпиадасының қола жүлдегері кім? (Дмитрий Карпов)
10 ұпай
  1. Жүру мен жүгірудің айырмашылығы неде? (жүгіруде «ұшу фазасы» болады)
  2. Спринтер дегеніміз қандай спортшы? (қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшы)
  3. Жүгіру жарыстарының ең алыс қашықтықтарын атаңыз. (3000, 5000, 10000, 20000 м)

III тур — «Жорға» (жылдам сұрақтар)

30 секунд ішінде жауап беріңіз

Қысқа әрі нақты жауаптар.

  1. Бокс алаңы қалай аталады? (ринг)
  2. Доптың пішіні қандай? (дөңгелек)
  3. Футболшы Диего Армандоның фамилиясы қандай? (Марадона)
  4. Мұзда сырғанайтын аяқ киім қалай аталады? (коньки)
  5. Медальдардың металдарын атаңыз. (алтын, күміс, қола)
  6. Қажымұқанның фамилиясы? (Мұңайтпасов)
  7. Футболда бір таймның ұзақтығы қанша? (45 минут)
  8. Ринат Дасаев кім болған? (қақпашы)
  9. Майкл Джордан қай спорт түрінің жұлдызы? (баскетбол)
  10. Дзюдо кілемі қалай аталады? (татами)

Қорытынды

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталады.