Сөмкені жинап үйрен

Дәстүрлі сабақ Аралас сабақ Модуль бойынша 4-сабақ (сөйлесім әрекеті)

Сабақтың тақырыбы: «Сөмкені жинап үйрен». Бұл жоспар оқушылардың оқу-құралдарын дұрыс атап, күнделікті өмірде сөмкені ретімен жинауды ауызекі тілде практика арқылы меңгеруіне бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: алған білімді қолдана отырып, оқу-құралдарын атау және сөмкені ауызекі тілде, практика жүзінде жинауды үйрету.
  • Дамытушылық: есте сақтау қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу дағдысын, ойлау қабілетін, жылдамдық пен сөздік қорды дұрыс қолдануды дамыту.
  • Тәрбиелік: жинақылыққа, ұқыптылық пен тазалыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Теориялық

Түсіндіру, әңгімелесу.

Теория-практикалық

Сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі.

Практикалық

Ойын әдісі, жаттығумен жұмыс.

Ресурстар мен байланыс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер, слайдтар
  • Оқу-құралдары

Сабақ формасы

Білімді пысықтап қолдану.

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту, математика, орыс тілі, дене шынықтыру.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды белгілеу, тілдік орта қалыптастыру.

Старт

Тілдік орта

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Оқушылар: Сәлеметсіз бе!

Күнге қараймыз, Айға қараймыз,
Саған қараймыз, Маған қараймыз.
Сәлем, сәлем, сәлем!

Жедел сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Көктем айларын атайық.
  • Бүгін қай күн? Аптаның қай күні?
  • Кім кезекші?
  • Сынып қандай? Сыныпта не бар?
  • Қазақ тілі сабағына не керек?

Фонетикалық жаттығу

Кітап жатыр сөмкеде,
Қалам жатыр үстелде,
Дәптер жатыр партада —
Бәрі-бәрі орнында.

  1. Сурет орнына сөздерді қойып оқу.
  2. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздердің астын сызу.
  3. Қазақ әріптеріне сипаттама беру.

Лексикалық жаттығу

Не білеміз?

Кітап Қалам Күнделік Қарындаш

Не үйренеміз?

Бүгінгі мақсат: сөмкені дұрыс жинап үйрену.

«Дымбілместің» аудио-тыңдалымы тыңдалады және тапсырмалардың реті таныстырылады.

2) Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма. Жұптық жұмыс арқылы ауызекі сөйлеуді белсендіру.

Жұптық жұмыс
  1. 1-жұп: Қаламсауытта не бар?
  2. 2-жұп: Сөмкеңде не бар?
  3. 3-жұп: Неше сызғыш бар?
  4. 4-жұп: Неше қалам бар?
  5. 5-жұп: Қаламсауытқа нені салмаймыз?

3) Өткен сабақты пысықтау

2-тапсырма. Дәптермен жұмыс және деңгейлік тапсырмалар.

Деңгей

1-деңгей

  • … зын сыз… ыш
  • Әдем… с… мке

2-деңгей

  • Қызыл… рындаш
  • К… шкентай өшірг… ш

3-деңгей

  • … аламсауыт
  • Д… птер

Қосымша: «Ойындар әлемі»

3-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны.

Үш топтан шыққан оқушылар оқу-құралдарын дұрыс ретпен сөмкеге салуы керек.

4) Бекіту кезеңі

4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс және мәнерлеп оқу.

Практика

Ораторлық қабілетті тексеру

  • 1-топ: қуанышпен оқу
  • 2-топ: ренішпен оқу
  • 3-топ: күліп оқу

Мәтін (48-бет)

Ақмарал мектепке бар.
Оқу-құралдарын ал:
Кітап, қалам, өшіргіш,
Қарындаш, дәптер, сызғыш.

Сергіту сәті

Қолым менің қалам боп жазу жаза алады.
Көзім менің сызғыш боп, түзу сыза алады.
Басым менің өшіргіш — кәне бәрін өшірейік.
Аяқ-қолым қайшы боп, қағаздарды қияды.

5) Қорытындылау

5-тапсырма. Топпен жұмыс: өз газеттерін қорғау.

Презентация

1-топ

«Оқу-құралдары»

2-топ

«Сөмке»

3-топ

«Қаламсауыт»

6) Үй тапсырмасы

  1. Нәтиже сабаққа дайындалу.
  2. Сөмкенің суретін салу.

7) Бағалау

Бағалау тәсілдері

  • Бағалау парағы арқылы смайлик жинап, топпен бағалау.
  • Өзіндік бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!