Математикалық баспалдақ ойыны

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. Ондық және бірлік.

Білімділік мақсаты

Екі таңбалы сандар және олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

Сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру.

Тәрбиелік мақсаты

Сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1–3 минут
  • Оқушылармен амандасу, кезекшімен қысқаша сұхбат жүргізу.
  • Құрал-жабдықтарын тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

II. Білімдерін дамыту

Ойындар мен жаттығулар

«Математикалық баспалдақ» ойыны

Мұғалім баспалдақ түрінде мысалдар жазады. Екі оқушы тақтада шығарып, ойынның басталғанын білдіреді. Қалған оқушылар мысалдарды орындайды. Баспалдақтың басына ең бірінші шыққан оқушы — жеңімпаз.

«Есептеу машинасы» ойыны

Мұғалім математикалық өрнектерді оқиды. Оқушылар есептеп, цифрлар жазылған карточкалар арқылы өрнектің мәнін көрсетеді.

Өрнектер

  • 2 + 1 + 7
  • 8 + 10
  • 2 − 4 + 1
  • 6 + 2
  • 4 + 4
  • 3 + 5
  • 2 − 4 − 2
  • 4 − 3 + 9
  • 8 + 7
  • 3 + 2
  • 6 + 3

Ескерту: Өрнектер мұғалімнің оқу ретімен орындалады.

Математикалық диктант («Дұрыс» / «Бұрыс»)

Мұғалім тұжырымдарды оқиды. Оқушылар дәптерге: дұрыс болса +, бұрыс болса қояды. Кейін дайын жауаппен салыстырып, қателерін түзетіп, жұмыстарын бағалайды.

Тұжырымдар

  1. 7 санының алдында тұрған сан 5-ке тең.
  2. 4 санының алдында тұрған сан 3-ке тең.
  3. 8 санынан кейін тұрған сан 10-ға тең.
  4. 8 + 2 өрнегінің мәні 10-ға тең.
  5. 9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең.
  6. 4 пен 5 сандары 3-ке көрші тұрған сандар.
  7. 4 саны 5-тен кіші.
  8. 2 мен 7-нің қосындысы 9-ға тең.
Дайын жауап: - + - + + - + +

III. Өткенді қайталау

Қайталау

Мұғалім тақтаға үш оқушыны шақырып, келесі сандарды атайды. Оқушылар оларды тақтаға жазады, кейін жазылған сандарды дауыстап оқиды.

Сандар

14, 13, 19, 17, 15, 10, 11, 12, 16

Тапсырма 1

Сандардың ішінен ең кіші екі таңбалы санды табу.

Тапсырма 2

Ең үлкен санды анықтау.

Тапсырма 3

Әр санның құрамындағы ондық пен бірлікті ажырату: неше ондық, неше бірлік бар?

IV. Жаңа сабақ

Негізгі бөлім

1 және 2-жаттығуларға ұқсас жұмыстар жүргізіледі.

Бастапқы пысықтау

Бастапқы пысықтау үшін 3-жаттығу беріледі.

Мұғалімнің көмегімен

4 және 5-жаттығулар мұғалімнің бағыттауымен орындалады.

Негіздеу дағдысы

6-жаттығуда әріптік өрнектерді салыстыру кезінде оқушылар өз тұжырымдарын дәлелдеуі қажет.

Өздік жұмыс

7-жаттығу өздік жұмыс ретінде беріледі.

V. Оқулықпен жұмыс

Жұмыс форматы

Оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды орындап, нәтижелерін талқылайды. Мұғалім қажетті жерде бағыт-бағдар береді.

VI. Сабақты қорыту

Қорытынды
  • Сабақты қорытындылау, негізгі ұғымдарды қайта нақтылау.
  • Үй тапсырмасын беру және орындалу жолын түсіндіру.

VII. Бағалау

Кері байланыс

Оқушылардың жұмысы бағаланып, белсенділігі мен еңбегі мадақталады.