Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру
7-сынып физика пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру
Сілтеме
- Күнтізбелік жоспар
- Слайд
- Видео
Негізгі тәсіл
Блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар арқылы жаңа білімді меңгерту және бекіту.
Сабақтың мақсаты
Блум таксономиясы арқылы оқушыларға материялық нүкте, қозғалыс траекториясы, жол және орын ауыстыру ұғымдарын меңгерту; ғылыми қорытынды жасауға үйрету; мысалдар келтіру арқылы ойлау қабілетін дамыту және сыни тұрғыдан ойландыру; алған білімін тиянақтау; практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырмалар (Блум таксономиясы бойынша)
1) Білу
Негізгі ұғымдарды еске түсіру, анықтамаларды атау.
2) Түсіну
Ұғымдардың мағынасын түсіндіру, қысқаша мазмұндау.
3) Қолдану
Ережені есепте, тәжірибеде немесе мысалда қолдану.
4) Талдау
Салыстыру, жіктеу, себеп–салдарды анықтау.
5) Жинақтау
Жаңа тұжырым жасау, идеяларды біріктіру.
6) Бағалау
Өз ойын дәлелдеу, критерий бойынша бағалау.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің әрекеті
- Сыныпты ұйымдастыру, сабақтың басталуын қамтамасыз ету.
- Оқушыларды 1, 2, 3 сандары арқылы топқа бөлу. (2 минут)
- Топтағы рөлдерді анықтау. (2 минут)
Көшбасшыны анықтау
Топ көшбасшысын анықтау үшін диалогтік оқыту элементтері қолданылып, тапқырлық сұрақтар қойылады. Бағалау кезінде топ лидері толтырған өзін-өзі бағалау парағы ескеріледі.
Тапқырлық сұрақтар
- 70 минут көп пе, әлде 1 сағат 10 минут көп пе?
- Әсем пойыздың басынан санағанда 7-вагонға отырды. Марина пойыздың соңынан санағанда 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Бұл қалай мүмкін?
- Үш қабатты үйдің лифтінен еш жеріңді жарақаттамай қалай секіруге болады?
2) Үй тапсырмасын пысықтау
А) «Ыстық картошка»
- Ғаламшарларды атап шығыңдар.
- Төменгі ғаламшарларға қандай ғаламшарлар жатады?
- Жоғарғы ғаламшарларға қандай ғаламшарлар жатады?
- Н. Коперник теориясы бойынша Әлем құрылысы қандай?
Ә) Жұмыс дәптері
Оқушылар жұмыс дәптерін толтырады. Талқылау барысында диалогтік оқыту қолданылып, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамытылады. Талантты және дарынды оқушылардың ұшқыр ойлау қабілеті байқалады. Топ лидері бағалаған жауап парағы ескеріледі.
Уақыты: 5 минут
3) Жаңа сабақ: Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар
1) Білу
Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа сабаққа шығу
Тапсырмаларды орындау арқылы өткен тақырыптар қайталанады. Оқушылар сұхбат-пікірталас құрып, сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашады.
Тапсырма: FILA кестесін толтыру
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
Күн жүйесінің құрылысын алғаш рет ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірген ғалым — Н. Коперник. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан «Жер қозғалмайды» деген көзқарасты теріске шығарды. Жерді өзге планеталар қатарына қосып, оның Күннен үшінші орында орналасатынын көрсетті.
Сонымен қатар Коперник Жердің өз осін айналатынын және барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалатынын айтты. Ал Ай Күнді емес, Жерді айналатынын дәлелдеді.
Бұл идея алғаш ұсынылған кезде, сол дәуірдің көптеген ғалымдары оны бірден қабылдай қойған жоқ.