Тест сұрақтарына жауаптар алу

Физика • Қайталау сабағы

Динамика тарауы бойынша қайталау: қозғалыс заңдары

Бұл сабақ — динамика тарауындағы негізгі ұғымдарды жүйелеп, есептер арқылы бекітуге арналған қорытындылау жұмысы. Оқушылар Ньютон заңдары, тартылыс құбылысы, күштерді өлшеу құралдары және негізгі формулалармен жұмыс істеп, күнделікті өмірмен байланысты мысалдар арқылы түсінігін тереңдетеді.

Сабақ түрі

Қорытындылау сабағы

Әдістері

Сұрақ-жауап, қайталау, пысықтау

Көрнекілігі

Компьютер, таразы, динамометр, үлестірмелер

Байланысты бөлімдер

  • 9

    Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі

    9-сынып тақырыбы: тербеліс, период, жиілік, энергия алмасуы.

  • 7

    Бір түзудің бойымен әсер ететін күштерді қосу

    7-сынып тақырыбы: теңәрекетті күш, бағыт, проекция ұғымдары.

Сабақтың мақсаты

1) Білімді жүйелеу

Динамика тарауы бойынша алған білімді тиянақтау және тереңдету.

2) Өмірмен байланыстыру

Күнделікті өмірдегі құбылыстармен байланыстыра отырып, ізденуге және оқуға дағдыландыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I кезең

Ұйымдастыру

Қысқа нұсқаулық

Оқушылардың назарын сабақ мақсатына бағыттау, құрал-жабдықтарды дайындау, жұмыс форматын нақтылау.

II кезең

Өткен тақырыптарды пысықтау (сұрақ-жауап)

Негізгі тірек ұғымдар
  1. 1. Ньютонның I заңы қалай тұжырымдалады?
  2. 2. Ньютонның II заңы қандай, оның формуласы қалай жазылады?
  3. 3. Ньютонның III заңы қандай? Әрекет және қарсы әрекет күштерінің бағыттарын көрсетіңдер.
  4. 4. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай өрнектеледі?
  5. 5. Гравитациялық тұрақтыны көрсетіңдер. Оның мәні неге тең?
  6. 6. Күшті қандай құралдың көмегімен өлшейміз?
  7. 7. Дененің массасын таразымен қалай өлшейміз?

III кезең

Топтық жұмыс: формулаларды жазу

Командалық талқылау

Күш

Негізгі формулалар, өлшем бірлігі, бағыт.

Энергия

Кинетикалық және потенциалдық энергия, түрлену.

Жылдамдық

Орташа және лездік ұғымдар, өлшем бірлігі.

IV кезең

«Қане, кім жылдам?» есеп сайысы

Есеп шығару
  1. 1. Тыныштық күйінен құлайтын дене 4 м және 9 м жолды қанша уақытта өтеді?
  2. 2. Массасы 10 кг денені жер бетінен 8 м/с² үдеумен тік жоғары көтеру үшін қандай күш қажет?
  3. 3. Доп жер бетінен 10 м биіктіктен 20 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. 3 с өткен соң доп жерден қандай биіктікте болады? g = 10 м/с²

V кезең

Тақырыпқа сай жұмбақтар (топпен)

Логика және ұғым

Жұмбақ 1

Қозғалысқа келтіріп, жылдамдығын береді. Өлшемдерін қарасаң, Ньютонға келеді.

Жұмбақ 2

Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егер де. Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан.

Жұмбақ 3

Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды.

Жұмбақ 4

Тіршіліктің қамы үшін, жоқшылықты түзейді. Егер іскер жан үшін, жоқшылықты тежейді.

Жұмбақ 5

Бір бұлбұл отырады салып әнді, жүруге аяғы жоқ, емес жанды. Өнері қандай асқан деп ойладым, бір демде жер түбінен хабар алды.

Жұмбақ 6

Туыстарын шетінен өбеді де бетінен. Бала-шаға ұсағын бауырына қысады.

VI кезең

Тест сұрақтары

Қысқа жауап
  1. 1. Серпімділік күші дегеніміз не?
  2. 2. Еркін денеге күш әсер етсе, ол қалай қозғалады?
  3. 3. Серпімділік қатаңдық коэффициенті дегеніміз не?
  4. 4. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйдегі салмағынан аз болады?
  5. 5. Шеңбер бойымен қозғалатын дене жылдамдығын бірқалыпты азайтса, үдеу қалай бағытталады?
  6. 6. Халықаралық бірліктер жүйесінде энергия қандай бірлікпен өлшенеді?
  7. 7. Сұйықтағы немесе газдағы үйкеліс күшінің құрғақ үйкеліс күшінен айырмашылығы неде?

VII кезең

Қорытындылау

Рефлексия
  • Сабақ нәтижесін талдау және негізгі ұғымдарды жинақтау.
  • Бағалау: белсенділік, дәлелді жауап, есептің дұрыстығы.
  • Үй тапсырмасы: динамика тарауын қайталау, қосымша есептер орындау.