Редактор интерфейсі
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылы
Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі (ММ)
Информатика пәні мұғалімі: Ахметбекова Гүлжан Халеловна
Сабақтың тақырыбы
Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі (WordPad).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- WordPad терезесі мен интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру.
- Мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландыру: құжат құру, ашу, өңдеу.
- Компьютерде мәтін өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.
- Мәтіндік құжатты әртүрлі форматта сақтауды үйрету.
Тәрбиелілік
- Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
- Жауапкершілік пен өзара сыйластықты нығайту.
Дамытушылық
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Логикалық және абстрактілі ойлауды жетілдіру.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар
Сабақтың құрылымы
- IҰйымдастыру бөлімі
- IIӨткен тақырыпты қайталау
- IIIЖаңа тақырыпты түсіндіру
- IVТапсырмаларды орындау
- VСергіту кезеңі
- VIСабақты бекіту
- VIIБағалау
- VIIIҮй тапсырмасы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Жоқ оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Белсенді қатысқан оқушыларға жұлдызша беріліп отырады; көп жұлдызша жинаған оқушы сабақ соңында марапатталады.
II. Өткен тақырыпты қайталау (Paint)
Өткен сабақта Paint графикалық редакторын өттік. Қайталау үшін интерактивті тақтада Paint құралдары көрсетіледі: құралды дұрыс атаған (ең бірінші жауап берген) оқушыға жұлдызша беріледі. Барлығы 16 сұрақ.
- 1. Ерікті аймақты белгілеу — қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдайды.
- 2. Белгілеу — суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдайды.
- 3. Өшіргіш (түрлі-түсті) — суреттің белгілі бөліктерін өшіреді.
- 4. Құю (Заливка) — тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
- 5. Түс таңдау — кез келген нүктедегі түсті алып, кескін/фон түсін соған өзгертеді.
- 6. Масштаб — суреттің жеке үзінділерін үлкейтеді.
- 7. Қарындаш — әртүрлі жуандықтағы сызықтарды сызады.
- 8. Кисть — ерікті сызықтар салуға арналған; түрін таңдауға болады.
- 9. Бүріккіш — пульверизатор эффектісін береді.
- 10. Жазу — сурет ішіне мәтін орналастырады.
- 11. Сызық — түзу сызықтар сызады.
- 12. Қисық — тегістелген (иілген) сызықтар салуға мүмкіндік береді.
- 13. Тік төртбұрыш — тік төртбұрыштар сызады.
- 14. Көпбұрыш — ерікті пішіндегі тұйық көпбұрыштар сызады.
- 15. Эллипс — шеңбер және эллипс сызады.
- 16. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш — бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар сызады.
III. Жаңа тақырып: WordPad мәтіндік редакторы
Біз күнделікті мәтінмен жиі жұмыс істейміз: үй тапсырмасын орындаймыз, хаттар мен хабарламалар жазамыз, кейбіріміз өлең де құрастырамыз. Қолжазба мәтінді оқу кейде кітап оқудан да қиын: сөздерді ажырату уақыт алады, қате оқып қоюың мүмкін, соның салдарынан мәтінді дұрыс түсінбей қаласың.
Арнайы бағдарламалардың, яғни мәтіндік редакторлардың көмегімен кез келген мәтінді оңай әрі тез құруға және безендіруге болады.
Компьютерде мәтінмен жұмыс істеудің артықшылықтары
- Мәтін аз орын алады (сақтауға тиімді).
- Қажет емес бөлікті оңай ауыстыруға болады.
- Көшіру, жіберу (тасымалдау) жеңіл.
- Құжатты түзету және жаңарту ыңғайлы.
- Құжатты суреттермен безендіруге болады.
Негізгі ұғымдар
- Символ
- Мәтіндік ақпараттың ең кіші бірлігі.
- Сөз
- Бос орындармен немесе тыныс белгілерімен ажыратылған символдар тізбегі.
- Мәтін элементтері
- Символ → сөз → жол → абзац → бет → мәтін.
- Ереже
- Сөздердің арасында және тыныс белгілерінен кейін бір бос орын қойылады.
WordPad дегеніміз не?
WordPad — қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға арналған мәтіндік редактор.
Мәтіндік редактордың мүмкіндіктері
- Мәтіндік құжаттар құру.
- Өзгерту: қателерін түзету, көшіру, жою, қосу, іздеу және алмастыру.
- Пішімдеу: қаріп өлшемі/түсі, абзац қасиеттері және т.б.
- Құжатты басып шығару.
WordPad-ты іске қосу
Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты (Standard/Стандартные) → WordPad.
Ескерту
Редактор іске қосылғаннан кейін экранда WordPad терезесі ашылады.
Абзац және оның қасиеттері
Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзац соңы» символымен ажыратылады. Кез келген құжатта кем дегенде бір абзац болады. Тақырыптар мен тізім элементтері де абзацқа жатады.
- Қаріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері.
- Мәтінді түзету (туралау) тәсілдері.
- Шегіністер мен интервалдар.
IV. Тәжірибелік тапсырмалар
1-тәжірибе
WordPad бағдарламасын ашып, қалауың бойынша бір шумақ өлең құрастырып жаз немесе жатқа білетін өлеңіңді компьютерде теріп жаз.
2-тәжірибе
«Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына шағын эссе жаз.
V. Сергіту кезеңі
Компьютерде жұмыс аяқталған соң, бәріміз сергіту жаттығуын орындаймыз: тақтада көрсетілген қимыл-қозғалысты қайталаймыз.
VI. Сабақты бекіту (сұрақ-жауап)
1) Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары қандай?
- Мәтіндік құжаттарды құру.
- Өзгерту: түзету, көшіру, жою, қосу, іздеу және алмастыру.
- Пішімдеу: қаріп параметрлері және абзац қасиеттері.
- Құжатты басып шығару.
2) WordPad мәтіндік редакторының қызметі қандай?
WordPad — қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға және өңдеуге мүмкіндік береді.
3) WordPad-ты қалай іске қосамыз?
Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты (Стандартные) → WordPad.
4) WordPad терезесінің негізгі бөліктерін атаңдар
- Жылдам қолжеткізу тақтасы
- Жолақ (Ribbon)
- WordPad батырмасы
- Сызғыш
- Жай-күй жолағы
5) Мәтінді туралаудың түрлері қандай?
Сол жаққа, оң жаққа, ортаға және ені бойынша (justify) туралау.
Салыстыру тапсырмасы
Paint графикалық редакторы мен WordPad мәтіндік редакторының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңдар.
Жауап үлгісі: Paint — графикалық редактор, ал WordPad — мәтіндік редактор.
VII. Бағалау және қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың білімі жиналған жұлдызшалар санына және орындалған тәжірибелік жұмыстарға сүйене отырып бағаланады.
Қорытындылау
Сұрақтарға берілген жауаптарды толықтыра отырып, сабақ қорытындыланады.
Рефлексия («Алақан» әдісі)
Бас бармақ
Не ұнады?
Балаң үйрек
Жаңа не білдім?
Ортан терек
Не жөнінде ойландың?
Шылдыр шүмек
Өз қоржыныма не аламын?
Кішкентай бөбек
Не білгім келеді?
VIII. Үй тапсырмасы
Оқу
«Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі» тақырыбы, §19.
Жазба жұмысы
Дәптерге «Менің сыныбым» тақырыбына әңгіме жазу.
Материалдар
- Сабақтың толық нұсқасын жүктеу (сілтеме мұғалім тарапынан қосылады).
- Слайдты жүктеу (сілтеме мұғалім тарапынан қосылады).